• Басты
  • Маңғыстауда салық бойынша республикалық науқан басталды
20 Қаңтар, 2020 14:43

Маңғыстауда салық бойынша республикалық науқан басталды

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы негізінде Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ақтау және Жаңаөзен қалаларының сауда орталықтарында  Салық кодексіне енгізілген жаңа өзгерістер бойынша республикалық науқан өткізді. 
  Маңғыстауда салық бойынша республикалық науқан басталды

Науқан «Адалдық алаңы» ұранымен Қаржы министрлігі қызметінің қол жетімділігі мен ашықтығын насихаттау мақсатымен, «Қаржы министрлігі – Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесінің жұмысы шеңберінде халықтан келіп түсетін ұсыныстар мен сұрақтарға уақытылы жауап беру үшін өткізілді.

Маңғыстау облысының тұрғындары диалог түрінде сұрақтар қойып, департамент мамандарынан жауап алды. 

2020 жылдың 1 қаңтарында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ Кодексінің келесі нормалары күшіне енді.


Салық департаменті хабарлағандай, салық кодексінің 48-бабы талап қоюдың ескіру мерзімдері бойынша

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап талап қоюдың ескіру мерзімі үш жылды құрайды, салықтық мониторингке жататын және қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілер бойынша бес жылды құрайды.


Патент бойынша 

Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылдан бастап жүзеге асыру кезінде патентті қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі заңды түрде шектелді, оның ішінде сауда алынып тасталды.

Қызмет түрлерінің шектеулі тізбесіне барлығы 32 қызмет түрі кіреді (мүлікті жалға беру; білім беру, аударма қызметтері; фотография қызметтері; шаштараз қызметтері, такси қызметтері және т.б.).


Бірыңғай жер салығы 

2020 жылдан бастап салық салу объектісі өзгертілді. Егер бұрын салық салу объектісі - жердің бағалау құны болса, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық салу объектісі - оңайлатылған декларациядағы табыс болады.  Табыстың ставкасы  0,5% құрайды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды