• Басты
  • Мақтааралда ерікті әскерилер марапатталды
20 Мамыр, 2020 09:11

Мақтааралда ерікті әскерилер марапатталды

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы төтенше жағдай кезінде аянбай қызмет еткен бір топ ерікті әскерилер аудан әкімінің Алғыс хатына ие болды. Салтанатты жиынға аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков арнайы қатысып, қысыл-таяң шақта жанашырлықпен елге қызмет көрсеткен азаматтарға алғысын айтты.
 Мақтааралда ерікті әскерилер марапатталды

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әлемде "COVID-19" індетінің таралып пандемия деп жариялануына байланысты елімізде төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету шаралары қолға алынғаны белгілі. Осы ретте Мемлекет басшысы «Әскери міндеттілерді арнуалы жиындарға шақыру туралы» Жарлығына шығарып, ауданымыздың қорғаныс істері жөніндегі бөлімі тарапынан азаматтарды қоғамдық жұмыстарға шақыру істері ұйымдастырылған болатын. Сол ерікті әскери міндетті азаматтар ретінде шақырту тізіміне сіздер іріктелдіңіздер. Сондан бері карантиндік режимге байланысты тиісті шаралардың атқарылуына аянбай атсалыстыңыздар. Сол үшін де сіздерге мың да бір алғыс білдіргім келеді", – деді аудан әкімінің орынбасары.

Ауданда карантиндік режим кезінде 1 санитарлық және 4 блок-бекеттері құрылған. Сол бекеттерде өз еріктерімен келген 12 әскери еріктілер аяқтан тік тұрып қызмет көрсетті. Сондай-ақ, олар Өзбекстан Республикасындағы "Сардоба" су қоймасы жарылып, аудандағы топан судан қауіп төнген ауыл тұрғындарын эвакуациялау жұмыстарына белсенділік танытқанын айта кету керек.

"Біз жалпы 1 ай ерікті ретінде жұмыс істедік. Алғашқы 10 күн бекеттердегі қауіпсіздікті күзетсек, кейінгі 20 күн топан судан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетумен және орталықтандырылған қоймада тауар тасумен айналыстық. Бүгін осынау еткен еңбегіміз ескеріліп, марапатталып жатырмыз. Біз халықтың пайдасына жұмыс істеуді жалғастыра беруге қашанда дайынбыз", – деді Алғыс хатқа ие болған Арман Даербеков.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды