• Басты
  • Мақтааралға жетісулықтардан екінші мәрте көмек керуені жетті
28 Мамыр, 2020 09:30

Мақтааралға жетісулықтардан екінші мәрте көмек керуені жетті

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына Жетісу өңірінен екінші мәрте гуманитарлық көмек келді. Жуырда ғана аса қомақты көлемде гуманитарлық көмек жолдап үлгерген жетісулықтар бұл жолы да жомарттықтарын көрсете білді.
   Мақтааралға жетісулықтардан екінші мәрте көмек керуені жетті

Бұл игі іс "Nur Otan" партиясы Алматы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі А.Баталовтың бастамасымен қолға алынған. Бастамаға партияның белсенді мүшелері – халық қалаулылары, меценаттар атсалысып, 80 тоннадай жүк жіберіп отыр. Оның ішінде құрылысқа қажетті қызыл кірпіш, газоблок пен құрғақ қоспалар бар. Жомарттық жасаушылар қатарында депутаттар – Ж.Үшкемпіров, Д.Молдахалықова және Т.Ботабеков атсалысқан.

Керуенді Мақтааралға шығарып салған «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жөргенбаев жетісулықтар Мақтааралмен бірге екенін, гуманитарлық көмек екінші мәрте жөнелтіліп отырғанын хабарлады. Бұған дейін мамыр айының ортасында Алматы облысынан Мырзашөлге 260 тоннадан астам гуманитарлық көмек келген болатын.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды