• Басты
  • Ә.Мағауов: Қазақстан ОПЕК+ келісімінің шарттарын сақтайды
18 Мамыр, 2020 17:13

Ә.Мағауов: Қазақстан ОПЕК+ келісімінің шарттарын сақтайды

Қазақстан ОПЕК+ келісімінің шарттарын сақтайтын болады. Бұл туралы 2020 жылдың 1 тоқсаны бойынша Қазақстан мұнай саласының жағдайы жөнінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Ә.Мағауов: Қазақстан ОПЕК+ келісімінің шарттарын сақтайды

Вице-министрдің айтуынша, әлемдік мұнай нарығында тұрақтылықты және мұнай бағасын қалпына келтіру үшін ОПЕК+ келісіміне қатысушы мемлекеттер өндіруді қысқарту туралы келісімге келді.

"2020 жылғы мамыр-маусымда елдер жиынтық өндіруді тәулігіне 9,7 млн баррельге немесе бастапқы деңгейден 23 пайызға қысқартпақ. Ал содан кейін 2020 жылғы шілде-желтоқсан айларында бұл шектеу тәулігіне 7,7 млн баррель немесе базалық деңгейден 18 пайызды құрайды. 2021 жылдың қаңтарынан бастап 2022 жылғы сәуірге дейін шектеу деңгейі  базалық деңгейден 14 пайызды құрайтын болады. Осы келісім бойынша Қазақстанның міндеттемелері тәулігіне 390 мың баррельді құрайды. Республиканың Үкіметі өндіру көлемін қысқарту бойынша сәйкесінше шешімді қабылдады", - дедә Ісет Мағауов.

Вице-министрдің сөзіне сүйенсек, ОПЕК+ келісімі мұнай қоймаларының толып кетуін болдырмау үшін қажет. 

"2020 жылдың 1 тоқсанында сұраныстың тәулігіне  81,3 млн.баррель деңгейіне дейін төмендеуі күтілуде. Нарықтың барлық ойыншылары мұнай өндіру көлемін қысқарту шешіміне түсіністікпен қарады, себебі бұл мұнай индустриясының дамуына тың серпін беретін қажетті шара", - деді вице-министр.

Бұдан бөлек Әсет Мағауов Қазақстанда мұнай өндіруші компанияларды қолдау үшін қарастырылған шараларға тоқталып өтті.

"Энергетика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұнай-газ саласын қолдау шаралары жөніндегі ұсыныстар топтамасын пысықтауда.  Аталған топтамаға салық, экология және әкімшілік сипаттағы өзге де шаралардың 60 тармағы кірді. Біріншіден, жеңілдіктер алу мақсатында кен орындарын рентабельділігі төмен және тұтқырлығы жоғары санатқа жатқызу бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың жаңадан алынған өтініштерін Ведомствоаралық комиссияда жеделдетіп қарау", - деді вице-министр.

Оның сөзінше, екіншіден барлау кезеңінде конкурс өткізбей, көмірсутектерді барлау кезеңінде жер қойнауын пайдаланушыларға ТЖКҚ жеткізушілерін тартуға құқық беріледі. 

"Сонымен қатар адал жер қойнауын пайдаланушыларды олардың мердігерлерінің жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру және уран өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуі кезінде пайдаланылатын ТЖКҚ-ны сатып алу қағидаларын бұзғаны үшін жауакершілікке тарту бойынша тәуекелдерді төмендету тетігін пысықталады. Сондай-ақ кәсіпорынның жаңа талаптарға сәйкес келуі үшін айтарлықтай шығындарға алып келетін жоспарланып отырған жаңа Экологиялық кодексті қабылдауға байланысты экономикалық ынталандырудың барабар шаралары қарастырылады", - деді вице-министр.

Сонымен бірге оның айтуынша, кейінгі жылға көшіру мүмкіндігімен қолданыстағы Табиғат қорғау шараларының 2020 жылға арналған жоспарын түзету көзделеді.

"Қоршаған ортаға эмиссия үшін қолданыстағы рұқсатқа енгізілген табиғат пайдалану шарттарын орындауды 2021 жылдың соңына дейін кейінге қалдыру бойынша шаралар қолдау тапты. Жұмыс бағдарламаларын ауыстыру бойынша – ҚР Үкіметі Энергетика министрлігіне мүдделі министрліктермен бірлесіп жер қойнауын пайдаланушылардың 2020 жылға арналған өтініштері бойынша келісімшарттық және лицензиялық міндеттемелерді орындау мерзімдерін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын қолданбастан кейінгі жылдарға арналған жұмыс бағдарламаларын ауыстыру мүмкіндігін пысықтау жөнінде тапсырма берді", - деді Әсет Мағауов.

Оның сөзінше, ұсынылған шаралардың кейбірі талқылау кезінде тиісті мемлекеттік органдардан қолдау тапты.

"Қалған тармақтар бойынша мұнай-газ саласындағы қалыптасқан дағдарыстық жағдайға қатысты тиімділігін және өзектілігін талдау бойынша жұмыс жүргізілуде. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Кодекстің ережелеріне, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өзге де негіздемелеріне қайшы келетін, дағдарысқа қарсы болып табылмайтын шаралар қолдау таппады", - деді вице-министр.

Сонымен қатар Әсет Мағауов отандық мұнай өңдеуді қолдау мақсатында ҚР Үкіметі қабылдаған шараларға тоқталды.

"ҚР-дан тыс жерлерге автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін әкетуге салынған тыйымды алып тастау, Кеден одағы елдерінен тыс жерлерге мұнай өнімдерін (дизель және автомобиль отынын қоса отырып) әкетуге салынған тыйымды алып тастау, экспортқа шығарылатын  бензин және дизель отыны  бойынша акцизделетін   тауарлар өндірушілерін акциздерді төлеуден босату, РФ-дан ҚР-ға бензин мен дизель отынын теміржол арқылы жеткізілуіне тыйым салуды енгізу және мұнай өнімдеріне, оның ішінде бензин, дизель отыны және мазутқа әкету кедендік баждарын нөлге айналдыру", - деп атап өтті ол. 

Осылайша оның сөзінше, қабылданған шаралар жанар-жағармай материалдарын сақтау қоймаларының толып кетуін болдырмауға, сондай-ақ мұнай өңдеу зауыттарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

"2020 жылғы 4 ай қорытындысы бойынша бензин тұтыну көлемі 1 206,7 мың тоннаны немесе өткен жылдың ұқсас кезеңіне  қарағанда 91 пайызды  құрады. Ағымдағы жылғы сәуір айында тұтыну 222 мың тоннаны құрады, бұл ағымдағы жылғы ақпан айына қарағанда  30% -ға төмен (319,6 мың тонна)", - деді вице-министр
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды