• Басты
  • Ұлттық киноға қолдау қалай көрсетілмек
4 Наурыз, 2020 16:49

Ұлттық киноға қолдау қалай көрсетілмек

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қызметі және міндеттері туралы әңгімеленді. Шарада отандық кинорежиссерлар мен продюсерлер қандай қолдауға үміт арта алатыны, қазақстандық фильмдердің халықаралық прокатқа қалай ілгерілейтіні және саланы сапалы жаңа деңгейге шығару үшін кинонарықтың қандай проблемаларын қазір шешу қажет екендігі туралы айтылды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
 Ұлттық киноға қолдау қалай көрсетілмек

Киноиндустрияның қазіргі жағдайы туралы сұраққа жауап бере келіп, спикерлер 2019 жыл бүкіл қазақстандық кинематограф үшін айтулы болғанын атап өтті.

 « Республикада «Кинематография туралы» заң қабылданды, мұны кинематографистер көптеген жылдар бойы күтіп еді. Енді, міне, Қазақстанда өте маңызды өзгерістер болады. Осы заңның арқасында рухани, патриоттық қуат беретін, Қазақстанның қайталанбас әсемдігін көрсететін, біздің халықтың өнегелік сұлулығын паш ететін фильмдерге қолдау көрсетуге арналған Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы құрылды», - деді Н. Дәуешов.

Сондай-ақ, ол туынды бірқатар талаптарға сай болуы керектігін айтты.

 «Мемлекеттің көмегіне үміткер картиналар көркемдігінен, шын мәнінде қызықты сценарийінен бастап бірқатар талаптарға сай болуы және түсіруші топтың жоғары кәсіби шеберлігімен ерекшеленуі тиіс. Осының арқасында біздің кинематографистер өздерін тек қаржымен ғана емес, сондай-ақ оқу және шетелдік әріптестерімен жұмыстың бірегей тәжірибесін алу мүмкіндігімен қамтамасыз етеді», - деді Н. Дәуешов.

 Мемлекет қаржыландырған фильм прокатынан түскен жалпы табыстың 20%-ы ұлттық фильмдерді одан әрі дамыту және қаржыландыру үшін Киноорталыққа қайтарылатыны, ал 80%-ын өз компаниясын дамыту, өз қызметкерлерінің дағдысын шыңдау және өндірістің басқа маңызды мәселелері үшін продюсердің алатыны маңызды болып отыр.

  Бұл расында да тек шындап еңбек етуге және ынтымақтастықтың адал ережесін қабылдауға дайын нарық қатысушылары үшін өте мықты қолдау. Бұған қоса, мұндай практика биылдың өзінде Киноорталыққа үш фильмнен түсетін алғашқы табысты қамтамасыз етуі тиіс.

«Мұнда тағы «бірыңғай кинобилет» проблемасы бар. Бірыңғай ақпараттық жүйесіз біз Қазақстанда кинобизнесті дамыта алмаймыз. Бүгінгі күні бізде есептеудің автоматтандырылған жүйесі жоқ, кинонарыққа дұрыс талдау жасай алмаймыз, кино көрермендерімен кері байланыс жоқ. Көптеген елдерде – көрші Реседе, Грузияда, Украинда, мұндай жүйелер жұмыс істеп тұр. Біздің Мемлекеттік орталықтың мақсаты – осы жүйені барлық кинотеатрларда енгізуге тырысу. Сонда ғана бізге жалпы көрініс түсінікті болады, және біз нарықты реттей аламыз», - деп атап көрсетті Г.Сәрсенова.

Шетелдік кино шығарушылармен серіктестік те өзара тиімді болады. Қазақстанда шетелдік кинокомпанияларға кино шығару қызметі құнының 30%-на дейін субсидия берілетін халықаралық тәжірибе енгізілді.

 Қазақстанда түсіруге дайын кинематографистердің тізбесі де бар. Әдетте, басқа елдердің режиссерлерін біздің локациялар, инфрақұрырылым және табиғаттың көрнекі жерлері қызықтырады. 

«Бұл Қазақстанда қалатын ақша. Шетелдік компания операторлар жалдайды, костюмдер алады, гримді, көлікті төлейді, олар бұл жерде жұмсайтын шығыстың барлығы біздің елімізде қалады. Яғни біз басшылыққа ала алатын экономикалық өте тиімді жүйе. Сонымен қатар туристік кластер дамуда. Кинотуризм – бұл бүгінгі әлемдік трэвел-индустрияның ең тың әрі қызықты бағыттарының бірі», - деп өз пікірін білдірді К.Сейітова.

Бүгінде Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қызметі шеңберінде Қазақстан аумағында халықаралық киножобаларды іске асыруға дайындық жүргізілуде. Қытайдың, Ресейдің, Францияның, Үндістанның, Жаңа Зеландияның және АҚШ-тың кинокомпанияларымен серіктестік туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты Киноорталық жанындағы Ұлттық кинокомиссия жұмысының басталуы аса маңызды. Оның қызметінің негізі - халықаралық киноөндірісті дамыту, Қазақстанды және республиканың жекелеген өңірлерін түсіру алаңы ретінде алға бастыру, сондай-ақ өңірлік кинокомиссиялардың жұмысын үйлестіру.

Өңірлік кинокомиссиялар құру үшін бес базалық облыстар белгіленіп қойылды, олардың арасында Алматы, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Ақмола облыстары бар. Алматы қаласының әкімдігі 2020 жылы алғашқы өңірлік құрылымның – Алматы кинокомиссиясының құрылатынын жариялады. Ал таяуда ғана Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанындағы Ұлттық кинокомиссия әлемнің 40 елінің 360-тан астам комиссияларын біріктіретін бүкіләлемдік желі – Халықаралық кинокомиссиялар қауымдастығына құрамына кірді.

Баспасөз конференциясында киножобалардың екінші конкурсын дайындауға және өткізуге көп уақыт бөлінді.

«Қазақстан киноиндустриясында  көптен күттірген ең маңызды оқиғалардың бірі өз уақытына жетті. Біздің кинематографистер бұл конкурсқа үлкен қызығушылық білдіріп отыр – түскен өтінімдер саны бірінші конкурстың цифрларынан екі есе асып түсті. Кино индустриясының танымал кәсіпқой мамандарынан құралған команда 250-ден астам өтінімді қарастырды және қаржылай қолдауға үміткер бола алатын 88 неғұрлым перспективалық жобаларды іріктеп алды. Бұл питчингтің бірегейлігі және басты ерекшелігі – қалау білдірген кез келген адам жобалардың қорғалуын Киноорталықтың YouTube-гі ресми арнасынан онлайн режимде қадағалай алады», - деді Г. Сәрсенова.

Естеріңізге сала кетсек, «ұлттық фильм» атағына халықаралық фестивальдарға қатысу үшін айқын әлеуеті бар авторлық/артхаустық картиналар да, көпшілік көрерменге арналған коммерциялық көркем және анимациялық фильмдер де, сондай-ақ деректі және қысқа метражды киножобалар мен халықаралық бірлескен өнім бірдей дәрежеде үміткер бола алады.

   Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды