• Басты
  • Ұлттық кеңес мүшелері дайындаған ұсыныстардың негізгі бөлігі іске асты – Е.Қарин
27 Мамыр, 2020 11:30

Ұлттық кеңес мүшелері дайындаған ұсыныстардың негізгі бөлігі іске асты – Е.Қарин

Ұлттық кеңес мүшелері дайындаған ұсыныстардың негізгі бөлігі іске асты. Бұл туралы Президент кеңесшісі Ерлан Қарин онлайн өтіп жатқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
 Ұлттық кеңес мүшелері дайындаған ұсыныстардың негізгі бөлігі іске асты – Е.Қарин
«Елімізде төтенше жағдай режимі енгізілгенге қарамастан, Ұлттық кеңес мүшелері ауқымды жұмыс жүргізді. Ең алдымен Мемлекет басшысының екінші отырысында берген тапсырмаларын іске асыру бойынша тапсырмаларға белсене қатысты. Берілген тапсырмаларды іске асыру мақсатында Президент әкімшілігінің басшысы 21 тармақтан тұратын арнайы іс-шаралар жоспарын бекіткен болатын. Осыдан кейін мемлекеттік органдар мен Ұлттық кеңес мүшелері бірлесе отырып тапсырмаларды іске асыруға кірісті. Әсіресе, заң жобалары бойынша жұмыс топтарындағы талқылауларға қатысу кеңес жұмысының негізгі бөлігін құрады», - деді ол.

Ол атап өткендей, кеңес мүшелері бейбіт жиналыстар, саяси партиялар, сайлау туралы заң жобалары бойынша жұмыс топтарының отырыстарына қатысып, өздерінің ұсыныстарын беріп отырған.

«Жалпы алғанда мұндай 20 талқылау өткізілді. Сонымен қатар, кеңес мүшелерінің қатысуымен Парламентте басқа да заң жобалары қарастырылды. Кеңес мүшелері дағдарысқа қарсы жұмыстың түрлі бағыттарына да тартылды», - деді Е.Қарин.

Сондай-ақ,Е.Қарин кеңестің әр мүшесі атқарған жұмыстарды жекелеп тізіп берді.

«Ол жұмыстардың нәтижесінде Мемлекет басшысы Ұлттық кеңестің екінші отырысында берген тапсырманы іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарының 11 бағыты толық іске асты. Оған қоса, бірқатар заңнамалық актілердің жобалары Парламентте талқылаудан өтуде. Сондықтан да Ұлттық кеңес мүшелері дайындаған ұсыныстардың негізгі бөлігі іске асты», - деді ол.
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды