Үлкен қаланың кішкентай өмірі (ФОТО)

6 Мамыр, 2020 17:31

  Елде карантин жарияланған соң көп кәсіпорынның жұмысы тоқтады. Мемлекеттік комиссия қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, биылғы 4 мамырдан бастап елімізде жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің тізімін бекітті. Яғни, осы аптаның басынан бастап фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер, шаштараздар, медицина орталықтары, шағын қаржы ұйымдары мен жылжымайтын мүлік бойынша операцияларды жүзеге асыратын компаниялар өз жұмысын бастады. Strategy2050.kz үлкен қаланың кішкентай өмірі қалай басталғаны туралы фоторепортажды ұсынады.

Азық-түліктен басқа да дүкендер іске қосылып жұмыс істеп жатыр. Тек ірі сауда орталықтары карантин соңына дейін жабық болғандықтан, олардың ішіндегі дүкендер жабық. 

1 о.JPEG
Тұрғындар санитарлық талаптарды сақтап, маска, қолғап киіп жүр.
2.JPEG
Карантин басталғалы әлеуметтік желілерде ерлер шаштарын өздері алып, бір-біріне челлендж жолдай бастаған еді. Енді шаштараздар жұмысқа кірісті.
7.JPEG
Сәйкесінше, кезек те аз емес.
4.JPEG
Шағын қаржы ұйымдары 4 мамырдан бастап жұмысқа кірісті. Ал, екінші дәріжелі банктер жұмысын ертерек бастаған еді. 
8.JPEG
5.JPEG
Алайда, банктерге маскасыз кіруге жол жоқ.
11.JPEG
Фотосалондар да өз ісіне кірісті.
10.JPEG
Енді ер азаматтар шаштарын қиып, сүйіктілеріне гүл сыйлай алады. Гүл сататын дүңгіршіктер де жұмысын бастады.
9.JPEG
12.JPEG
Барлық жаңалықтар