- Басты
- Ұ.Әліпов: Қытай елімен бірлескен 5 жоба жүзеге асырылып жатыр
Ұ.Әліпов: Қытай елімен бірлескен 5 жоба жүзеге асырылып жатыр
Еліміздегі автожол саласында Қытай Халық Республикасымен бірлескен 5 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы үкіметте өткен баспасөз мәжілісінде "Қазавтожол" басқармасының төрағасы Ұлан Әліпов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

"Еліміздегі автожол саласында Қытай Халық Республикасымен бірлескен 5 жоба жүзеге асырылып жатыр. Олар бізді қаржысымен қаржыландырып отыр. Олардың қатарында 763 шақырым болатын "Талдықорған-Өскемен" жолы жобасы, "Қалбатау-Майқапшағай" жобасы - 415 шақырым, "Қарағанды-Балқаш" жобасы - 363 шақырым, "Мерке-Бұрылбайтал" жобасы 266 шақырым, және осы Нұр-Сұлтан қаласының оңтүстік айналма жолы 34 шақырым болады. Осы жобаларда біріккен консорциумдар жұмыс істеп жатыр", - деді басқарма төрағасы.
Сонымен қатар ол осы жобалармен жұмыстанып жатқан нақты қандай компаниялар екендігін атап өтті.
"Нұр-Сұлтан қаласының айналма жолында "Қазгер" қазақстандық компаниясы мен қытайлық "Цин-цин" компаниясы жұмыс істеп жатыр. "Талдықорған-Өскемен" жолы жобасын Қытайдың "Сити" компаниясы және қазақстандық "Карго-строй" компаниясы қолға алды. Қарағанды-Балқашты алатын болсақ Қытайдың "Сити" компаниясы және қазақстандық "Карго-строй" компаниясы жұмыс істеп жатыр. Аталған жобаларды іске асыру үшін 50/50 келісім шартпен консорциумдар құрылған", - деді Ұлан Әліпов.
Сондай-ақ оның айтуынша, жоғарыда аталған жобалар мен 2020 жылға жоспарланған жобаларға Азия даму банкі, Еуропа қайта құру банктері инвестиция құйып отыр.
"Жобаларға Азия даму банкі, Еуропа қайта құру банктерінен инвестиция тартылған. Бұл жобаларда да шетелдік компаниялар жұмыс істеп жатыр. Енді басталып жатқан "Күрті-Қапшағай" жобасы 67 шақырым болады, оның жұмысы келер жылдан басталады. Қазір Ақтөбе-Қындыағаш жобасына мердігер таңдау жұмыстары жүріп жатыр. Оның да жұмысы 2020-да басталады", - деді ол.
Бұдан бөлек ол Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпиннің бастамасымен қабылданған "Жбек жолының экономикалық белдеуі" бағдарламасына тоқталды.
"Бізде Қазавтожол компаниясының шетелдік компаниялардың қатысуымен жүргізіп жатқан бірнеше жоба бар. Қазіргі кезде ҚР Тұңғыш президенті Назарбаев пен ҚХР-дің президенті Си Цзиньпиннің "Бір белдеу- бір жол" бастамасын жүзеге асыру аясында "Нұрлы жол" бағдарламасы екеуін біріктіріп "Жбек жолының экономикалық белдеуі" деген үлкен бағдарлама қабылданды. Бұл бағдарламаға Ресей, Түркменістан, Өзбекстан, Қырғызстан секілді көршілес мемлекеттер кірді. Сол бағдарлама бойынша қазір Қазақстанның аумағында Қытай халық республикасының экспорттық-импорттық банкі тарапынан жалпы ұзындығы 1841 шақырым жол қайта жаңартудан өтіп жатыр. Бұл жерде басты мәселе жеңілдетілген займ болғандықтан, мұндай қытайлық компаниялар міндетті түрде қатысады", - деді ол.
Сонымен қатар оның айтуы бойынша, Қазақстандағы шетелдік компанияларда ҚР мемлекетінің заңына сәйкес тек 10 пайыз шетелдік азаматтар жұмыс істеп жатыр.
"Мұнда 50/50 қытайлық және қазақстандық компаниялардың консорциумын құрылғанын айтып өттім. Сол консорциумдар қазір жұмыс істеп жатыр. Мердігерлік компаниялардың келісім шартқа біздің мемлекеттің заңына сәйкес 10 пайыз шетелдік азамат жұмыс істеуде. Қалғанының бәрі қазақстандық азаматтар, тіпті ол шетелдік компания болса да. Шетелдік компаниялардың барлығында дерлік осы ереже сақталады", деді басқарма төрағасы.
Бұдан басқа ол өз баяндамасында ақылы жолдарға қатысты жоспарларымен бөлісті.
"Ақылы жолдармен "Қазавтожол" компаниясы айналысады. Қазір инвестциялық жобаның конкурсы жүріп жатыр. Сарапшылар қатысқан компанияларды іріктеумен айналысуда. Бұл 11 мың шақырым, екі этаппен жүргізіледі. Бірінші этапта 6 мың шақырым, екінші этапта 5 мың шақырым. Бұл жоба 2020-дан 2025-ке дейін жүзеге асырылады", - деп атап өтті.
Сонымен қатар баспасөз мәжілісіне қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берген Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов биыл құрылған Ұлттық жол активтері сапасы орталығының жұмысы туралы айтып берді.
"Биыл Елбасының тапсырмасымен Ұлттық жол активтері сапасы орталығы ашылды. Наурыз айынан бастап жұмыс істеп жатыр. Оның 14 облыста 14 филиалы бар және 3 республикалық маңызы бар қалада, атап айтсақ, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 3 филиалы бар. Бұрын олар тек республикалық маңызы бар жолдарды ғана қарайтын, олардың жұмысын сапасын, құралдарын тексеретін. Енді биылдан бастап жергілікті маңызы бар жолдарды да қарайтын болады. Біз дүниежүзілік рейтингте төменгі орындарды алып жүрміз, себебі біздің жергілікті жолдарымыз нашар. Ол 71 мың км құрайды, соның жартысынан астамы нашар. Енді биылдан бастап аталған орталық аудандық, облыстық маңызы бар жолдардың сапасын, құрал-жабдықтарын тексеретін болады", - деді комитет төрағасы.
Назерке Сүйіндік
-
Сенаторлар банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері туралы заң жобасын қарады
Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, салық заңнамасын және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.
03 Желтоқсан 2019, 15:34
-
Үкімет Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасын қарастырды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы қаралды.
03 Желтоқсан 2019, 11:38
-
Ә.Смайылов: Қытаймен кедендік статистикадағы сәйкессіздіктер қысқартылды
Қытаймен кедендік статистикадағы сәйкессіздіктер қысқартылды. Бұл туралы үкімет отырысында салықтық және кедендік әкімшілендіру мәселелері туралы баяндама жасаған ҚР премьер-министрдің бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
03 Желтоқсан 2019, 10:39
-
Қазақстанда энергия үнемдеу қалай жүзеге асырылады
Елордада II Халықаралық энергия үнемдеу форумы өтті. Шара еліміздің энергия үнемдеу саласындағы барлық жетістіктері туралы халықты хабардар ету және халықаралық деңгейдегі салалық сарапшылармен энергиялық тиімділікті арттыру жөніндегі өзекті мәселелерді талқылау мақсатында халықаралық энергия үнемдеуге орайластырылған басты қорытынды алаң болып отыр, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
29 Қараша 2019, 14:31
-
IV деңгейдегі бюджетті жетілдіру қалай жүзеге асырылады
Биылғы жылы Парламенттің кезекті сессиясының ашылу барысында «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында Президент Қ. Тоқаев өңірлік маңызы бар мәселелерді шешу үшін аудандық және ауылдық деңгейдегі биліктің дербестігін кеңейтуді тапсырған.
29 Қараша 2019, 12:14
-
Түркістан облысының даму ахуалы қалай жүзеге асырылуда
Түркістан облысы қарқынды дамып келе жатқан басты облыстардың бірі. Өңірде жаңа технологиялар кіріктіріліп, рухани іс-шаралар да жиі өткізіліп тұрады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
28 Қараша 2019, 15:21
-
"Теңізшевройл" компаниясы мен ЕҚДБ бірлесіп 33 жобаны жүзеге асырды
"Теңізшевройл" компаниясы мен Еуропалық қайта құру банкі бірлесіп 26 жылда 33 жобаны жүзеге асырды. Бұл туралы елордада өткен Қазақстанның мұнайгаз саласындағы отандық үлесін арттырудың өзекті мәселелері қаралған "Жергілікті үлесті істе дамыту" атты бизнес-тәжірибеге қатысқан "Теңізшевройл" ЖШС үкімет және қоғаммен байланыс бойынша бас менеджері Рзабек Артығалиев айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
28 Қараша 2019, 14:18
-
Жетісайда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр
Жетісай ауданындағы жолдарды биыл орта және күрделі жөндеуден өткізу үшін 3 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Қазіргі таңда 136 шақырым жол жөндеуден өткізілуде.
26 Қараша 2019, 12:02
-
Еңбек қатынастарын реттеуге қатысты заң жобасына түзетулер енгізіледі
Еңбек қатынастарын реттеуге қатысты заң жобасына түзетулер енгізіледі. Бұл туралы үкіметтің кезекті отырысында баяндама жасаған ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлім етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
26 Қараша 2019, 11:05
-
Елордада Таеквондодан ашық республикалық турнир өтіп жатыр
Елордада Таеквондодан ашық республикалық турнир, Кореяның Қазақстандағы елшісінің кубогы өтіп жатыр. Турнир екі күнге созылады. Бүгінде Таеквондомен 20 мыңға жуық қазақстандық айналысады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
25 Қараша 2019, 17:25
-
Қызылорда облысының даму ахуалы қалай жүріп жатыр
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қуанышбек Ысқақов ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шеңберіндегі Қызылорда облысының басты жетістіктері, сондай-ақ 2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.
22 Қараша 2019, 17:44
-
ҚР Парламенті Сенаты допингке қатысты заң жобасын мақұлдады
ҚР Парламенті Сенаты «ҚР Спорт және дене шынықтыру туралы кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар туралы» заң жобасын екі оқылымда қабылдады. Заң жобасы допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуға, Ұлттық допингке қарсы ұйымның мәртебесін күшейтуге бағытталған.
21 Қараша 2019, 16:13
-
Қарағанды облысында МӘМС қалай енгізіліп жатыр
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылатынын және Үкімет әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің беделіне тағы да нұқсан келтірмеу үшін оны жүзеге асыру мәселесіне зор жауапкершілікпен қарауы қажет екендігін және қателесуге құқық жоқ екенін атап өтті. Осыған орай, Үкімет отырысында Қарағанды облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша пилоттық жобаның іске асырылу барысы талқыланды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
18 Қараша 2019, 11:42
-
Қытайлық студенттер қазақ тілін меңгеріп жатыр – Чжан Сяо
Қытайлық студенттер қазақ тілін меңгеріп жатыр. Бұл туралы Қытайда оқитын қазақстандық студенттер мен Қазақстанда оқитын қытай түлектерін қабылдау кешінде ҚХР елшісі Чжан Сяо айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілішісі.
18 Қараша 2019, 10:35
-
ӘМСҚ 2020 жылға арналған бюджет жобаларын тыңдау жұмыстарын өткізді
Өткен аптада Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылға арналған бюджет жобаларын тыңдау жұмыстарын өткізді.
17 Қараша 2019, 12:27
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды