- Басты
- Әлеуметтік кәсіпкерлер өздерін тізілімге енгізе алады
Әлеуметтік кәсіпкерлер өздерін тізілімге енгізе алады
Қазақстан Республикасында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мақсатында әлеуметтік кәсіпкерлер тізілімін әзірлеу жоспарлануда.Аталған тізілімді құру Қазақстан Республикасында әлеуметтік кәсіпкерліктің даму деңгейін бағалауға және одан әрі елдегі әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту картасын әзірлеуге, тұтастай алғанда үкіметтік емес сектор мен кәсіпкерліктің қызметін жандандыруға, сондай-ақ ел бойынша деректерді жүйелеуге мүмкіндік береді.

Аталған бастама Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында өзекті болып табылады.
Қазіргі уақытта әлеуметтік кәсіпкерлерді тіркеу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Тізілім үкіметтік емес ұйымдар мен коммерциялық ұйымдар арасында ҚР азаматтарына қызмет көрсететін әлеуметтік кәсіпкерлерді сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Әлеуметтік кәсіпкерлердің (ӘК) әдеттегі ҮЕҰ-дан немесе бизнестен негізгі айырмашылығы ӘК негізінде әлеуметтік миссия жатыр. Оған қол жеткізу үшін, сондай-ақ ұйымның тұрақтылығын сақтау үшін бизнес тәсіл мен коммерциялық қызметтен түсетін табыс пайдаланылады. Сондықтан заңды нысаны ұйымның әлеуметтік миссиясы және ол осы миссияны іске асыруды қамтамасыз ету сияқты маңызды емес.
Қазір әлеуметтік кәсіпкерлердің өз ұйымын тізілімге енгізуге мүмкіндігі бар. Бұл үшін → https://forms.gle/kKozBAoHEjUG349H6 парақшасы арқылы сауалнамадан өтуге және сілтеме бойынша тіркелуге болады.
Тізілімді әзірлеу Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ және «Act for Impact» (Impact Hub Almaty) Корпоративтік қорымен бірлесіп бастамашылық еткен Ózgerіs ustasy әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін республикалық сыйлық беру ауқымды жобасының бөлігі болып табылады.
-
Коронавирусқа қарсы вакцинаны кім ала алады, жанама әсерлері қандай
-
Биыл Жамбыл облысындағы әлеуметтік көмектер мен оңалту құралдары портал арқылы берілмек
-
2021 жылы төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері өзгерді
-
COVID-19: Қазақстанда вакцина қашаннан бастап егiледi, кiмдер тегiн ала алады
-
М.Тілеуберді: «Пандемияға қарамастан, Қазақстан сыртқы саясатының негіздері өзгеріссіз қалады»
-
1 млн қазақстандық зейнетақы қорындағы қаражатын шеше алады
-
Мүгедектігі бар адамдар растайтын құжаттарды енді онлайн ала алады
-
Елорданы дамыту: Тұрғын үй құрылысы, үш ауысымды мектеп және әлеуметтік мәселелер
-
Қазақстандықтар енді Мемлекеттік Туды балкондарында іле алады
-
Қазақстандықтар 14 желтоқсанға дейін Coursera платформасында тегін оқуға өтінім бере алады
-
Павлодар облысындағы ШОБ-ты қолдау шаралары мен әлеуметтік-экономикалық ахуал
-
2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, республикалық бюджет бөлінісі
-
Парламенттік сайлауда кімдер дауыс бере алады
-
«Ауыл» партиясы балаларды бөліп жармай, бәріне бірдей 18 жасқа дейін әлеуметтік көмек беруді ұсынды
-
Қай пратиялар сайлауға қатысады, тіркеу қашан басталады

