• Басты
  • Әлемді қалай жасылдандыруға болады

Әлемді қалай жасылдандыруға болады

28 Қараша, 2019 18:05

Елордада «Төмен көміртекті дамуға арналған орнықты қалалар» БҰҰДБ-ГЭФ жобасы «Үй-құрылыс-Экспо. SmartСity-2019» көрмесі мен оның шеңберінде арнайы сессия өтті. Шарада мемлекеттік және жергілікті органдардың, ТКШ, ҮЕҰ, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар, ғалымдар және журналистер көпқабатты тұрғын үйлерге термомодернизация технологиясын енгізу мәселесін талқылады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


Статистикалық мәліметтерге сәйкес, біздің ғимараттарымыздың 70% қыс мезгілінде айтарлықтай жылу жоғалтады. Сарапшылар ғимараттарда жылу сақтау әлеуеті жылу энергиясының 20%-дан 50%-ға дейін құрайтынын анықтады. Олардың есептеуінше, ғимараттардың жылу энергиясын тұтыну деңгейі жылына 230-270 кВт сағ/м2 құрайды, ал орташа еуропалық көрсеткіш – 70-100 кВт сағ/м2. Бұл едәуір қаржы шығынына ұшыратып, отын көлемінің көп жұмсалуына байланысты біздің қалаларымыздың ауа сапасын айтарлықтай нашарлатады.

Ескірген тұрғын үй қоры тиісті энергия тұтыну деңгейін қамтамасыз ете алмайды әрі ғимараттарды термодернизациялау қажеттілігі өте орасан. Сарапшылар ғимараттарды нарықта қолжетімді энергия сақтау технологиясын қолдана отырып жөндеу жүргізуді ұсынады. Алайда жаппай термомодернизация жасау үшін қаражат керек, сондай-ақ энергия сақтау технологиясын ғана емес, ғимараттарды басқаруды да, тұрғындармен жұмыс жасауды ұйымдастыруды да терең білуді қажет етеді.

 Қатысушылар өткізіліп отырған сессия шеңберінде инвестициялау мәселесін талқылайды, ғимараттарды термомодернизациялау және басқару бойынша нәтижелі тәжірибелерге шолу жасайды, көпқабатты тұрғын үй қорының энергия тиімділігі проблемалары мен оларды еңсеру шараларын нақтылады.

Сонымен қатар, XII «ДОМ-Строй-Экспо.SmartСity-2019» халықаралық көрмесі Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және құрылыс салаларын дамыту мәселелеріне арналған. Аталмыш іс-шараны ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, «ТҮКШ ҚазОрталық» АҚ ресми қолдауымен «Fair Expo» және «Экспо-Сервис» көрме компаниялары ұйымдастырды.

Көрмеде ғимараттарды терможаңғырту, коммуналдық желілерді жаңғырту, инновациялық шешімдер, энергиялық тиімділік және энергия сақтау, жылу, су және газбен жабдықтау, лифт шаруашылығы салаларындағы жаңа технологиялар, құрылыс технологиялары мен материалдар, көріктендіру, жарық техникасы, электрмен жабдықтау, «жасыл» технологиялар таныстырылды.

Отандық компаниялардан бөлек, Ресей, Беларусь, Түркия, Германия, Польша, Қытай елдерінің атынан кәсіпорындар өз өнімдерін ұсынды.

Көрмемен қатар компаниялар энергиямен жабдықтау, ТҮКШ автоматтандыру, газдандыру және жылытудың жаңа технологиялары, есепке алу құралдарынан деректерді қашықтықтан жинау бойынша жаңа озық технологиялар бойынша презентациялар өткізді.

Сондай-ақ, шаралар аясында БАҚ өкілдеріне арналған ТКШ саласы бойынша медиа-тренинг өтті.

Шараға мемлекеттік және жергілікті билік органдардың, энергетика және ТКШ басқармасының, тұрғын үй инспекцияларының басшылары мен мамандары, кондоминиум нысандары басқармасы органдарының жетекшілері, Тұрғындар кеңесі, ҮЕҰ, НПО, коммуналдық кәсіпорындардың басшылары мен мамандары, жобалау ұйымдары, басқарушы компаниялар, халықаралық ұйымдар мен сарапшылар, бизнес құрылымдары, энергия сақтаушы жабдықтарды өндіруші кәсіпорындардың басшылары, ЖОО, ҰЗИ ғалымдары.   

  Аягөз Құрмаш

Барлық жаңалықтар