• Басты
  • Үкімет «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысын қарады
4 Ақпан, 2020 11:30

Үкімет «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысын қарады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы қаралды, деп хабарлады Strategy2050.kz Премьер-Министрдің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
 Үкімет «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысын қарады

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев 2019 жылы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 18,7 млрд теңге бөлінгенін, ол толығымен игерілгенін мәлімдеді.

2018-2019 жылдары цифрландыру бойынша жүзеге асырылған іс-шаралар 802,5 млрд теңге көлемінде экономикалық тиімділік әкелді, инновациялық экожүйеге 32,8 млрд теңге тартылды және іргелес салаларды ескере отырып, 120 мың жұмыс орны құрылды.

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев цифрландыруға ерекше көңіл бөледі. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы цифрландыру саласындағы жұмыстың маңыздылығын атап өтіп, бұл бағытты нақты түпкілікті нәтижеге қол жеткізумен жеделдетуді тапсырды», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр 2019 жылы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау жоспарының орындалмауына ішкі істер, денсаулық сақтау, индустрия, ұлттық экономика және қорғаныс министрліктері жол бергенін атап өтті.

«Бұл жұмысты ерекше бақылауға алып, оны 1 наурызға дейін аяқтау қажет. Барлық мемлекеттік органдардың басшылары ақпараттық жүйелердің уақытылы бірігуі мен олардың үздіксіз жұмыс істеуі үшін дербес жауапты орынбасарды бекітуі тиіс», — деді А. Мамин.

Премьер-Министр биыл мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудың 90% деңгейіне жетуді тапсырды. Мемлекеттік органдар қысқа мерзім ішінде мемлекеттік қызметтер тізіліміне қажетті өзгерістерді, оның ішінде 20 мемлекеттік қолдау шаралары бойынша өзгерістерді пысықтап, енгізуі қажет.

Үкімет басшысы халықты жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жұмысының ұзаққа созылып кеткенін атап өтті.

«Nur Otan» партиясының 250 адамнан асатын халқы бар елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жөніндегі сайлауалды бағдарламасының іс-шараларын іске асыру аясында байланыс операторларымен жұмыс кестесі әлі күнге дейін бекітілмеген. Партия өкілдері мен Парламент депутаттары тарапынан бұл мәселе бойынша сын да айтылды», — деп А. Мамин, аталған мәселені бір апта мерзім ішінде шешуді тапсырды.

Премьер-Министр Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, үздік халықаралық тәжірибелерді пайдалана отырып, АT-мамандарын сапалы даярлау жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды