- Басты
- Жаңалықтар
- Үкімет Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасын қарастырды
Үкімет Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасын қарастырды
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының жобасы қаралды.
Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлағандай, ӨД МБ іске асыру елде урбанизация деңгейін 2025 жылға қарай кемінде 62%-ға жеткізуге мүмкіндік береді, өңірлердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, көлік, инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылымын, жалпы, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартады.
2025 жылға дейін ӨД МБ қаржыландырудың жалпы көлемі 1,3 трлн теңгені құрайды. Басымдықтар ретінде дамыту анықталды:
- бірінші деңгейлі орталықтарын бар төрт агломерацияны (өсу орталықтарын) - елордалық, Алматы, Шымкент, Ақтөбе агломерацияларын;
- екінші деңгейлі қалалардағы орталықтарымен 14 урбанизацияланған аймақты – облыс орталықтары мен Семей қ.;
- 18 шекара маңы шағын қалалар мен шектес аумақтарды, сондай-ақ тұрғындарының саны 50 мыңнан асатын моноқалаларды;
- «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында тірек және серіктес ауылдық елді мекендерді. 3477 тірек және серіктес ауылдар өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес толық нысандармен және қызметтер қамтылатын болады. 7 млн ауыл тұрғынының немесе ауылдықтардың 90%-ның өмір сүру сапасы артады.
«ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Қазақстан - 2050” стратегиясында және “Nur Otan” партиясының филиалдарымен жақында өткен кеңейтілген отырыста еліміздегі қалалық тұрғындар үлесін 2050 жылға қарай 70%-ға дейін жеткізу қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елді урбанизациялау маңыздылығын атап өтіп, көші-қон үрдістерін басқару бойынша пәрменді шаралар қабылдауды тапсырды», - деді А. Мамин.
Үкімет басшысы урбанизацияның адамдардың табысы мен өмір сүру сапасын арттыруда аса маңызды екенін айтты. Соңғы бес жылда Қазақстандағы ірі қалалардың тұрғындарының саны 15%-ға артты. Қазір Қазақстанда қала тұрғындарының үлесі 58,2% құрайды.
«Біз кенттену процесін айқын басқарылатын үрдіске айналдыруға ұмтылудамыз, сондықтан қалаларды дамытудың салмақталған саясатын одан әір де жүргізу қажет. Бұл ретте біздің басты міндетіміз - ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, қалалыққа жуықтайтын инфрақұрылым құру. Мұндай мысалдар бізде бар», - деді А. Мамин.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру