• Басты
  • Карантиндегі бизнес: Қазақстандық кәсіпкерлер тәжірибесімен бөлісті
18 Маусым, 2020 17:47

Карантиндегі бизнес: Қазақстандық кәсіпкерлер тәжірибесімен бөлісті

Бүгін қазақстандық кәсіпкерлер, цифрландыру, маркетинг және коммуникация саласындағы сарапшылар пандемия мен экономикалық дағдарыста шағын және орта бизнесті қалай аман алып қалуға болатындығын талқылады.  «Карантиннен кейінгі бизнес: Дағдарыс кезінде қалай бейімделу керек?» тақырыбында онлайн режимде бизнес-конференция өтті, деп хабарлайды "Strategy2050" АА тілшісі.

         Карантиндегі бизнес: Қазақстандық кәсіпкерлер тәжірибесімен бөлісті

Кәсіпкерлер карантин кезіндегі бизнес жүргізу тәжірибесімен бөлісті. Мәселен Ақтау қаласындағы кәсіпкері – "Prestije" жиһаз компаниясының құрылтайшысы Ирина Беляева карантин жарияланған сәтте сатудың цифрлық мүмкіндіктерін дамытқан. Ол интернет-дүкені, әлеуметтік желілердегі аккаунттары, сондай-ақ мессенджерлер арқылы сатылымды көтерген.

Ақтөбедегі тігін фабрикасы мен сауықтыру кешенінің басшысы Айнұр Бақтығалиева карантин кезінде қатты күйзелген.

«Мен төтенше жағдай жарияланғаннан кезде қатты күйзелдім. Көптеген кәсіпкерлер осындай күйді кешті. Қайғырғанмен іс бітпейді, есімді жинап, әріптестерімнің басын қосып, ұзақ уақыт бойы ойланып жүрген бағытты бастауға шешім қабылдадық. Дегемен, дағдарыс - бұл мүмкіндіктер кезеңі. Қиын-қыстау кезеңде біз өзіміздің киім линиямызды шығарып, сол жұмысты жақсы алып кеттік. Мамыр айында біздің компания ең жақсы нәтиже көрсетті», - деп Ақтөбедегі тігін фабрикасы мен сауықтыру кешенінің басшысы Айнұр Бақтығалиева өзінің қазіргі жағдайын мәлім етті.

«HappyCake» кондитерлік желісінің негізін қалаушы Асхат Солтанов та дағдарысты ойдағыдай еңсерген. Оған дейін де бұл компания цифрландыру тетіктерін іске қосқан болатын. Онлайн сатылымды кәсіпкер жақсы меңгерген. Асхат мырза цифрландыру және сапаны арттыру дағдарысты еңсеру үшін ең маңызды тетік деп есептейді.

Бүгінгі күні нарықты дамыту мақсатында кәсіпкерлер мен IT-мамандар кездесіп өзекті мәселелерді талқылайтын, ең бастысы, ІТ-технологиялар мен электрондық сервистердің мүмкіндігін пайдалану арқылы бизнес мәселелерін шешу жолдарын таба алатын осындай тұрақты жұмыс істейтін алаңдар қажет екенін Атамекен" ҰКП жанындағы цифрландыру комитетінің басшысы Болат Бәшеев айтып өтті.

Дағдарысқа қалай бейімделуге болатынын талқылаған онлайн бизнес-конференциясын «Еуропалық Қайта Құру және даму банкі» «Шелл Қазақстан» компаниясымен бірлесіп "Shell Livewire" ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған бағдарлама аясында ұйымдастырылғанын атап өтейік.

Платформа қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігі мен әлеуетін арттыру үшін сарапшылар мен іскер адамдардың басын қосуда таптырмас орын. Сарапшылар бір күндік конференция аясында қатысып отырған 300-ден астам кәсіпкер жаңа мүмкіндіктер кезінде тез бейімделуге нақты тәжірибе ала алады.

"Шелл Қазақстан" компаниясының үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Зарина Бакенова осы жылдың басынан бастап кәсіпкерлерге консультациялық қызмет көрсету үшін грантты 50 пайыздан 75 пайызға дейін көтергенін айтты.

«Дағдарыс - белгісіздік кезеңі десек те, бірақ, бұл жаңа мүмкіндіктер уақыты екенін мойындауымыз қажет. Карантин, пандемия кезінде бізге үлкен бизнес ретінде айтарлықтай әсер ететініне қарамастан, әлеуметтік жауапты бизнес ретінде кәсіпкерлерге қолдау көрсетуді жалғастыра береміз және бұл ісімізді одан әрі кеңейтеміз», - деді ол.

«Еуропалық Қайта Құру және даму банкі» білім базасын қолжетімді еткен екен. Қазақстандық кәсіпкерлерге қаржы және цифрландыру бойынша тренингтер, вебинарлар, маркетинг, сату және басқа да бағыттар бойынша ақысыз онлайн кеңестер берілген.

«Карантин кезеңінде «Еуропалық Қайта Құру және даму банкі» бос отырмады. Білім базамызды бұрынғыдан да қолжетімді етті. Атап айтар болсақ, біздер қазақстандық кәсіпкерлер үшін қаржы және цифрландыру бойынша тренингтер, дағдарысқа қарсы вебинарлар өткізіп, маркетинг, сату және басқа да бағыттар бойынша ақысыз онлайн кеңестер бердік. Қазақстандағы кәсіпкерлер бүгінгі таңда бизнесіне халықаралық даму институттары тарапынан қолдауын сезінуі маңызға ие», - деді Нодира Мансурова, ЕҚДБ ШОБ қаржыландыру және даму департаментінің аймақтық басшысы.

Онлайн жиын соңында қатысушылар отандық компаниялардың кейстерін талдап, оларға бизнестің жаңа жағдайларға бейімделуіне көмектесу үшін кәсіпкерлерді, IT сарапшыларды, қаржы институттарын тарта отырып, "Қазақстандық бизнесті цифрландыру күндерін" тұрақты өткізуді ұйғарды.

 

Барлық жаңалықтар