• Басты
  • Қ.Көшербаев: Жаңа қазақ әліпбиін жетілдіру жұмыстары жүріп жатыр
5 Ақпан, 2020 17:36

Қ.Көшербаев: Жаңа қазақ әліпбиін жетілдіру жұмыстары жүріп жатыр

Ақордада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен  өткен жиында 2019 жылы Бағдарламаны іске асырудың нәтижелері мен алда атқарылатын жұмыстың жаңа басым бағыттары қаралды.

Қ.Көшербаев: Жаңа қазақ әліпбиін жетілдіру жұмыстары жүріп жатыр

Мемлекеттік хатшы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында айтылған бағдарламалық міндеттер аясында қазақстандық қоғамды рухани жаңғырту бойынша жоспарланған жұмыстар атқарылғанын айтып өтті. Олар ұлттық бірегейлікті сақтауға, прагматизмге, білімнің салтанат құруына, сананың ашықтығына және Қазақстанның эволюциялық дамуына бағытталған 12 арнайы жобаға топтастырылған. 

Қ.Көшербаев өткен жылды қорытындылау барысында қазақстандық бизнестегі әлеуметтік жауапкершіліктің айтарлықтай артқанын атап өтті. 2019 жылы тек қана «Туған жер» жобасының аясында демеушілердің көмегімен 60 млрд. теңгеге 1520 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының құрылыстары мен қайта жөндеу жұмыстарына жұмсалған. Соның ішінде: мектептер, балабақшалар, спорт алаңдары, мәдени және медициналық мекемелер.

«Архив-2025» шарасын іске асырудың бағдарламасы қабылданды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен латын графикасындағы жаңа қазақ әліпбиін жетілдіру жұмыстары жүріп жатыр. 

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» арнайы жобасының аясында 17 жұмыс тобы құрылып, әлемнің мықты баспаларын іріктеу мен аудару жұмыстары жүйелі ұйымдастырылды. «Қазақстанның киелі географиясы» арнайы жобасын іске асыру арқылы республикалық маңызы бар 48 ескерткішке ғылыми қайта қалпына келтіру жұмыстары жасалды. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы аясында жыл сайын қоғамның үздік өкілдері таңдалып келеді.

Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы бағдарламаны іске асырудың кейбір бағыттарына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті. Соның ішінде,  тұлғалық даму, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау және мемлекет пен қоғамның дамуы «халық үніне құлақ асатын  мемлекет» тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылады.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының басым бағыттары бойынша барлық өңірлерде жұмысты жандандыру қажеттігі ерекше аталып өтті және орындалуы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бақылауында болады.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды