• Басты
  • Көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмек қаржысына кәсібін кеңейтті
3 Ақпан, 2020 14:44

Көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмек қаржысына кәсібін кеңейтті

Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмектің қаржысын тиімді пайдаланып, кәсібін кеңейтіп отырғандардың қарасы көбейіп келеді, деп хабарлады Strategy2050.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып.
    Көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмек қаржысына кәсібін кеңейтті

Солардың бірі – Жетісай ауданы, Қарақай ауылдық округіне қарасты Қ. Сәтпаев елдімекенінің тұрғыны, көпбалалы ана Жанар Мачанова. Бүгінде ол өз үйінің бір бөлмесін шағын тігін цехына айналдырып, өзінен бөлек қолының ебі бар тағы 1 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. 

    Осыдан 10 жыл бұрын тігіншілікті кәсіп еткен Жанар өткен жылы 4 перзентіне 460 мың теңге көлемінде  әлеуметтік жәрдемақы алған. Осы қаржыға Шымкент қаласынан әрбірі 185 мың теңге тұратын 2 тігін машинасын сатып әкеліпті.  Қазіргі таңда Жанар киімдерді өңдеп, қысқартып қана қоймай тапсырыс бойынша қазақы киімдер мен қыз жасауларын да әзірлеуге кірісіпті. Күн санап тіккен киімдері көпшілікке таныла бастаған көпбалалы ана округтегі тігіншілікке қызығушылық танытып, үйренемін деушілерге қосымша оқу курстарын да өткізуде. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды