• Басты
  • Өңірлерде санитарлық нормалар қалай сақталып жатыр

Өңірлерде санитарлық нормалар қалай сақталып жатыр

3 Маусым, 2021 19:20

Қазақстанның барлық өңірінде жұмыс істеп тұрған нысандардағы санитарлық нормалардың сақталуын тексеру үшін бақылау топтары құрылды. Осы орайда, аймақтардағы санитарлық нормалар қалай сақталып жатыр, қанша нысанға қандай айыппұл салынғаны жөнінде Strategy2050.kz тілшісінің шолу материалынан оқи аласыз.

Елордада 648 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мәліметінше, әрбір аудандық әкімдікте 8 мониторингтік топ құрылған. Олардың құрамына аудандық әкімдіктердің өкілдері, полиция қызметкерлері кіреді. 

Ел астанасы әкімдігінің ұсынған ақпаратына сәйкес, мониторингтік топтар 100 және одан да көп объектілерді қамтып, шектеу және карантиндік шаралар сақталмайтын 3-тен 10-ға дейінгі объектілерді анықтаған. Оның ішінде "Ashyq" жобасына қатысатын объектілер де бар. 

2021 жылдың 1 қаңтарынан 2 маусымға дейін аудандық полиция басқармаларына 861 материал келіп түскен, оның ішінде 76 819 141 теңгеге 387 әкімшілік айыппұл салынған, 41 683 930 теңге сомасына 280 айыппұл қысқартылған тәртіппен төленген. 

Сондай-ақ, жоспардан тыс тексерулердің және 2021 жылғы 1 қаңтар мен 2 маусым аралығындағы кезеңде қаралған есептерді ескере отырып, аудандық СЭК басқармалары шектеу және карантин шараларын бұзғаны үшін жалпы сомасы 137 353 966 теңгеге 648 жеке және заңды тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Алматы қаласында 2219 құқық бұзушылық анықталған

Жыл басынан бері Алматы қаласының мониторингтік топтары 23603 объектіні тексерістен өткізіп, соның нәтижесінде 2219 карантин шектеулерін бұзушылық анықтлаған. Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, 2021 жылдың 1 қаңтары мен 1 маусымы аралығында аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімдерінің қызметкерлері 4409 әкімшілік хаттама жасап, оның ішінде жеке тұлғаларға қатысты – 175 720 080 теңге сомасына, 4007 заңды тұлғаға қатысты – 141 377 740 теңге сомасында 402 хаттама жасаған.

Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттарға 74 материал ұсынылып, оның 54-і бойынша қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылданған.

Алматы облысында әкімшілік бұзушылықтар туралы 1039 хаттама толтырылған

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, 2021 жылдың басынан бері облыстың 268 мониторингтік тобы 132 рейд жүргізіп, 20 мың 622 нысанды аралаған. Бұзушылықтары бар 86 нысан анықталып, 83 бұйрық шығарылған. Әкімшілік бұзушылықтар туралы 1039 хаттама жасалған.

Түркістан облысы

Түркістан облысы әкімдігінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін мониторингтік топтар мен полиция органдары карантиндік режимді бұзу туралы 2483 хаттама толтырған. 2 375 жеке тұлға және 78 жеке кәсіпкер, 4 заңды тұлға, 26 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылып, айыппұл сомасы 141 080 915 теңгені құраған.

Павлодар облысында 188 объекті шектеу шараларын бұзған

Павлодар облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың 1 маусымдағы жағдай бойынша, облыстың қалалары мен аудандарында құрамына жергілікті атқарушы органдардың, ішкі істер органдарының өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар кіретін 176 мониторингтік топ жұмыс істейді. Сондай-ақ, 2021 жылғы 1 қаңтар мен 2 маусым аралығында мониторингтік топтар 5557 рейд жүргізіп, оның барысында 33166 нысан тексерістен өткен. Шектеу шараларын бұзу бойынша 188 объекті анықталған.

Қызылорда облысында карантиндік талаптарды бұзу туралы 21 әкімшілік хаттама жасақталған

Қызылорда облысы әкімдігінің мәліметінше, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін 167 мониторингтік топ 9190 объектіде рейдтік тексерулер жүргізген. Нәтижесінде, 302 нсыанның карантин талаптарын бұзғаны анықталған.

Оның ішінде халыққа қызмет көрсету нысандарында 148 заң бұзушылық анықталған. Үйде ұйымдастырылатын мерекелік және көпшілік шаралар саны - 108. Карантиндік талаптарды бұзу саны білім беру мекемелерінде - 37, емдеу мекемелерінде - 5, мемлекеттік мекемелерде - 4.

Карантиндік талаптардың анықталған 302 бұзушылығы үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 425 бабына сәйкес жалпы сомасы 21 924 355 теңге айыппұл салынған. Заңды және жеке кәсіпкерлерге қатысты карантиндік талаптарды бұзу туралы 21 әкімшілік хаттама жасақталған. Оның ішінде лауазымды адамдар саны - 6, объектілерге қатысты жеке тұлғалар саны-164, ал өндіріске қатысы жоқ жеке тұлғаларға қатысты 111 хаттама жасалған.

Атырау облысында 64 мобильді топ жұмыс істейді

Атырау облысы әкімдігінің мәліметінше, карантиндік шаралардың сақталуын бақылау мақсатында облыста 64 мобильді топ жұмыс істейді. 2021 жылғы 1 қаңтар мен 1 маусым аралығында 8978 рейдтік тексеру жүргізіліп, 37358 объект қамтылған. Полиция департаментінен келіп түскен материалдар және үйлестіру орталығынан жедел хабарламалар бойынша, шағын және орта бизнес объектілері мен жеке тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік кодексінің 425/1-бабы бойынша жалпы сомасы 3935439 теңгеге 284 әкімшілік іс қозғалып отыр. Сотқа жіберілген материалдар саны-10.

Қостанай облысында жыл басынан бері 7811 рейд жүргізілген

Қостанай облысы әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, осы жылдың басынан бастап Қостанай облысында мониторингтік топтар 7811 рейд жүргізген. Оның ішінде 22256 нысан қамтылып, 557 нысанның заң бұзғаны анықталған. Қазір 91 мобильді топ жұмыс істеп жатыр.

Қарағандыда 70 млн теңгеге дейін әкімшілік айыппұл салынған

Қарағанды әкімдігінің мәліметінше, ағымдағы жылғы 1 қаңтар мен 1 маусым аралығында Қарағанды облысындағы мониторингтік топтар 86 662 нысанды тексеріп, нәтижесінде 1 524 бұзушылықты анықтаған.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 1 маусымға дейін 70 млн теңгеден жоғары сомаға әкімшілік айыппұл салынған.

Ақмола облысында 228 мониторингтік топ жұмыс істейді

Ақмола облысы әкімдігінің мәліметінше, ағымдағы жылдың басынан облыс бойынша 19216 объект қамтылып, 364 объектіде құқық бұзушылықтар анықталды. Қазір облыста барлығы 228 мониторингтік топ жұмыс істейді.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше, 2021 жылдың басынан мониторингтік топтар мен полиция қызметкерлері барлығы 3313 рейдтік іс-шара өткізген. Нәтижесінде 220 карантин талаптарын бұзу анықталып, 50 хаттама толтырылған. Өңірде 50 мониторингтік топ жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы 550 хаттама жасалған 

Солтүстік Қазақстан әкімдігінің мәліметінше, ағымдағы жылдың басынан 1 маусымға дейін мониторингтік топтар 14444 нысанды қамти отырып, 2024 рейд жүргізген. Нәтижесінде, 515 құқық бұзушылық анықталған. Барлығы әкімшілік құқық бұзушылық туралы 550 хаттама жасалған, оның ішінде жеке тұлғаларға – 504, шаруашылық жүргізуші субъектілерге– 23, заңды тұлғаларға- 5, лауазымды тұлғаларға – 2. 

Батыс Қазақстан облысында 1000-ға жуық рейд өткізу жоспарлануда

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, карантин кезеңінде 2021 жылғы қаңтар-маусым аралығында мониторингтік топтар 16471 объектіге 2653 рейд жүргізген. Оның ішінде санитарлық нормаларды бұзудың 102 фактісі анықталған. Маусым айында 1000-ға жуық рейд өткізу жоспарланған.


Барлық жаңалықтар