• Басты
  • Фирдауси және Өргебас тұрғындары жаңа үйлердің құрылысын жүргізуге кіріспек
20 Мамыр, 2020 17:05

Фирдауси және Өргебас тұрғындары жаңа үйлердің құрылысын жүргізуге кіріспек

Мақтаарал ауданындағы топан су шайған Өргебас пен Фирдауси ауылдарында қабырғалары шытынаған үйлер мен қора-қопсылардың материалдарын реттеу жұмыстары басталды. Алдағы екі-үш күнде тұрғындар жаңа үйлердің іргетастарын қалауға кіріспек. Ол үшін ескі материалдардан қалып жасау жұмыстары қыза түскен, деп хабарлады Strategy2050.kz өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасай отырып.
   Фирдауси және Өргебас тұрғындары жаңа үйлердің құрылысын жүргізуге кіріспек

Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асановтың айтуынша, қазіргі таңда су басқан 5 ауылда түгендеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл іспен арнайы жұмысшы тобы айналысуда.

«Дәл қазіргі уақытта біз топан су шайған 5 ауылдағы үйлерді түгендеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Екі-үш күнде қанша үйдің бұзылғаны, қайта салынатыны белгілі болады. Сол кезде бұл туралы мәліметті жалпыға ортақ етіп, жария етеміз. Әзірге тұрғындар уақытты тиімді пайданалып, су шайған аулаларын күл-қоқыстан тазартып, құлаған үйлер мен қора-қопсыларын ретке келтіріп жатыр», - дейді Бақыт Насырханұлы.

Айта кетейік, Өргебас пен Фирдауси елдімекендерінің тұрғындары ешқайда көшірілмейді. Сондай-ақ, олар үйлерінің құрылыстарын өздері жүргізетін болады. Яғни, бұзылған үйлердің өтемақысы тұрғындарға үкіметтік резервтен кезең-кезеңімен аударылып отырады. Таяуда ғана Үкіметтік комиссия мен тұрғындардың кездесуінен кейін осындай шешім қабылданған болатын.


ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды