- Басты
- Еуропалық Одақ Орталық Азияны дамытуға арналған бағдарламаларды қаржыландырады
Еуропалық Одақ Орталық Азияны дамытуға арналған бағдарламаларды қаржыландырады
Нұр-Сұлтанда «Орталық Азиядағы өркендеу үшін кеңейтілген интеграция» тақырыбындағы аймақтық конференция барысында Еуропалық одақ жалпы сомасы 28 миллион еуро көлемінде қаржыландыратын Орталық Азиядағы сауда, заң үстемдігі, сондай-ақ инвестициялар мен өсуді қолдауға бағытталған үш жылдық бағдарламаларының ресми түрде іске қосты. Еуропалық Одақ ұйымдастырған екі күндік іс-шара Орталық Азияның бес мемлекеті арасындағы аймақтық интеграцияны және 2019 жылғы маусымда қабылданған Орталық Азия бойынша ЕО-ның жаңа стратегиясын ілгерілетуге бағытталған, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Конференцияның бірінші күні ЕО жалпы сомасы 28 миллион еуро көлемінде қаржыландыратын Орталық Азиядағы сауда, заң үстемдігі, сондай-ақ инвестициялар мен өсуді қолдауға бағытталған үш жылдық бағдарламаларының ресми түрде іске қосылуын атап өтті.
«1991 жылы Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, Еуропалық одақ Орталық Азияға қатысты кешендік бағдарламаны әзірледі. Біздің ынтымақтастығымыз бен техникалық көмек нәтижесінде 2008 жылдан бастап ЕО Орталық Азияның 5 елінің экономикалық және әлеуметтік дамуына өз үлесін қосты. Еуропалық және халықаралық стандарттарды есепке ала отырып, негізгі салалардың әлеуетін арттырып, дамытуға септігін тигізді. Осы жылдар бойы осы бес елдің әрбіреуінде маңызды жетістіктерді аңғардық. Білім беру, мемлекеттік әкімшілендіру салаларындағы реформаларға куә болдық. Орталық Азия тарапынан интеграция мен тұрақты өсімге көп көңіл бөлінеді», - деді Қазақстандағы ЕО Елшісі Свен-Олов Карлссон.
Сонымен қатар, ол бүгінгі келісілген құжаттар ынтымақтастықты арттыра түсетінін айтты.
«Бүгін ЕО және Орталық Азия бойынша бірлескен мәлімдеме қабылданғаннан кейін бес ай өткен соң, біз келесі деңгейге көтеріліп, аймақтық ынтымақтастыққа одан әрі инвестиция тартуға ниет білдіреміз. Аймақтық ынтымақтастықтың өркендеуі Орталық Азия елдеріне өзара тәуелділікті басқаруды жетілдіруге, олардың осалдықтары мен ортақ мәселелерін шешуге, экономикалық өсу әлеуетін ашуға, сонымен қатар, олардың тәуелсіздігі мен өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, халықаралық қатынастардағы ықпалын арттыруға мүмкіндік береді деп сенеміз. Біз бүгін іске қосылған бағдарламалардан едәуір нәтиже күтеміз, себебі олар тек ЕО салық төлеушілері тарапынан қомақты инвестицияны ғана емес, көмек алушы елдер экономикаларын әртараптандыру және бәсекеге қабілетті ету жолында ілгерілетудің маңыздылығы мен салыстырмалы түрде шұғыл табиғатын түсінуді білдіреді», - деді аталған үш бағдарламаны басқаруға жауапты Қазақстандағы ЕО Елшісі Свен-Олов Карлссон мәлімдеді.
Сондай-ақ, Свен-Олов Карлссонның айтуынша, екіжақты келісімдер аясында тағы да бірқатар жобалар жүзеге асырылады.
«Бұл бағдарламалар сауда саласында жоғары өсімге жетуге, ЖІӨ-ні арттыру мен жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бағдарлама аясында бұл мәселелер реттеледі. Жеке секторда жұмыс орындарын құру маңызды мәнге ие, себебі жеке сектор барлық 5 елде де ерекше мәнге ие болып отыр», - деді ол.
Өз кезегінде Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко 2019 жыл Еуропалық одақпен екіжақты әрі өңіраралық қарым-қатынаста ерекше мәнге ие екенін атап өтті.
«Биыл Еуропалық одақтың Орталық Азия бойынша қабылдаған жаңа стратегиясының қабылдануына куә болдық. ЕО елдері Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастық туралы келісімнің ратификациясын аяқтап қалды. Жақын арада оның ресми түрде өз күшіне енуін күтеміз. Жазда ЕО Президенті Дональд Туск Қазақстанға сапарлады. Осы форматта 3 кездесу орын алған болатын. Қазіргі таңда біздің қарым-қатынасымызда белсенді қарқын белең алды. Осы айда аталған конференцияны қосқанда, 10 конференцияны жүзеге асырдық. Өз тарапынан Қазақстан ЕО-ның аймақаралық бастамаларын қолдайды. Оны елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін тағы бір тетік ретінде қарастырады. Бұл ынтымақтастықтың басты артықшылығы – қаржылай қолдаудың болуы. Бүгін ЕО-ның 3 жаңа аймақтық бағдарламалары таныстырлды», - деді Р.Василенко.
Сондай-ақ, Еуропа Кеңесінің бағдарламалар бойынша директоры Верена Тейлор Еуропа кеңесі Еуропадағы ең ірі одақтардың бірі, оның құрамына 47 ел кіретінін айтып, олардың барлығы Орталық Азиямен тығыз қарым-қатынас орнатқанын атап өтті.
«Біздің бірлескен бағдарламамыздың 3 мақсаты бар: Біріншісі – Еуропа мен Орталық Азия арасында ортақ құқықтық кеңістік құруды ынталандыру.Екінші – экономикалық қалмысқа қарсы ашықтықты ілгерілендіру, үшінші – мемлекеттік басқаруды мемлекеттік институттарды ынталандыру арқылы дамыту. Осының барлығы Орталық Азия тұрғындары үшін өте маңызды. Себебі, бұл олардың өміріне әсер етеді. Бұл аспектілердің барлығы тұрақты даму мен адам құқықтарын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, инвестициялық ахуалды жақсартуға да өз үлесін қосады», - деді В.Тейлор.
Сонымен қатар, оның айтуынша, бағдарламаның 4 жылға есептелгені өте тиімді.
«Қазір біз елдердің басшылығымен келіссөздердің басталуын күтеміз. Бағдарламаларды бастауға әзірміз», - деді ол.
Өз кезегінде Халықаралық сауда орталығының (ХСО) ұлттық бағдарламалар бойынша директоры Ашиш Шах Еуропалық одақпен осындай келісім орнатып отырғанына ришалығын білдірді.
«Біздің мандат- әлем бойынша ШОБ-қа жәрдемдесу. Осы бағдарламалар аясында ХСО-ның жүзеге асыратын бағыты осы болмақ. Қазір сауда маңызды тетік болып табылады. Бұл жұмыс орындарын құруға бағытталған инклюзивтік платформа. Оған қоса, сауда елдің, өңірдің экономикалық және саяси бейнесіне әсер етеді. Сондықтан да, сауданы өте маңызды триггер ретінде қарастырамыз. Ол әлемді, интеграция мен қарым-қатынасты ынталандыратын тетік ретінде қарастырамыз. Біздің жоба Орталық Азияның 5 елі ішінде сауданы ынталандырады», - деді ол.
Сонымен қатар, Ашиш Шах мырза айтып өткендей, олардың тәжірибесі өңірлік сауда халықаралық сауданың маңызды серіктесі атанудағы алғашқы қадам.
«Біз оны маңызды үрдіс деп есептейміз. Себебі, өңірлік сауданың артықшылықтары басым, ол елдерді халықаралық саудаға дайындайды. Біз өңірлік сауда және халықаралық саудамен қатар жұмыс істейтін боламыз. Ол Еуропалық одақтың нарығына бағытталған болады, Орталық Азия елдеріне экспортқа шығуға мүмкіндік береді. Бұл жобаның сауданы ынталандыру сынды маңызды тетіктері бар. Сауда кәсіорындар трансшекаралық тұрғыда жұмыс істейтін кезде тиімді. Ол үшін трансшекарада сататын өнімнің болғаны абзал. Шекараны шығынсыз, тиімді кесіп өтіп, уақытты үнемдеп, қолайлы нарықты табуға біздің жоба көмектеседі. Сонымен қатар, шекараны кесіп өтуге жәрдемдесіп, сауданы барынша тиімді жүзеге асуын қамтамасыз ететін боламыз. Қырғыз саудагерлері кептірілген жемісті өткізетін нарықты жеңіл табу үшін жұмыс істеуге болады», - деді ол.
Сондай-ақ, Ашиш Шах айтып өткендей,жобадағы кезекті бағыт электронды коммерция өте маңызды рөлге ие.
«Өздеріңіз білетіндей, электронды сауда әлем бойынша өсімге ие болып жатыр. Әлем нарығында жыл сайын ол 25 пайызға өсіп отырады. Нарықтағы электрондық сауда 2025 жылға қарай 5 трлн долларды құрайтын болады. Біз Орталық Азияда электрондық коммерция үшін қолайлы орта құрамыз деп ойлаймыз. Жоба экожүйе мен орта құрады. Бұл шағын және орта бизнеспен жұмыс істеу қажеттігін көрсетеді. Себебі, олар электрондық коммерция саудасының бөлігі бола алуы тиіс. Бұл ШОБ пен кәсіпкер әйелдерге ерекше назар аудару арқылы жүзеге асырылады. Себебі, ШОБ пен әйелдерді ілгерілендіру 5 елдің дамыту мақсатына ерекше үлес қосады деп ойлаймыз», - деді Ашиш Шах.
Ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Еуразия бөлімінің басшысы Уильям Томпсон мырза ұйым Орталық Азияда 10 жылдай жұмыс істеп келе жатқанын айтты.
«2008 жылдан бастап біз осы өңірде жұмыс істеп келеміз. Біз жұмысымыздың Орталық Азия бойынша жаңа төртінші бөлігі басталғанына қуаныштымыз. Біріншіден, Еуропалық одақ 10 жыл бойы қолдап келе жатқан жұмысты жалғастыратын боламыз. Бұл-жеке сектордың кәсіпкерлігі мен бәсекеге қабілеттігін дамыту. Жаңа фазада жаңа жұмыстар блогы бар. Ол бизнестің құқықтық ортасына бағытталып отыр. Себебі, кез келген елде бизнесті енгізуде кемшіліктер бар. Алайда, ШОБ үшін бұл ерекше проблемаға ие болып отыр. Себебі, ірі бизнес көп капиталға және саяси қолдауға ие болып жатады. Ал, ШОБ секторы іскерлік ортаның кемшіліктеріне ерекше әсер етеді», - деді ол.
Ал Уильям Томпсонның айтуынша, егер елде ШОБ саласы қажетті деңгейде дамымаса, барлық салаға әсер ететін проблемалар бар екенін көрсететінін айтты.
«Заң әділдігі, тұрақты реттеу, салық салудың қолайлы жүйесі – бұл кез келген инвестор талап ететін көрсеткіштер. Сондықтан да, осы мәселе бойынша Орталық Азиямен жұмыс істеп отырғанымызға қуаныштымыз. Бұл жұмыстар Еуропалық одақтың жаңа стратегиясының басымдылықтарына сәйкес келіп отыр. Себебі, аймақтың барлық елдері экономикалық белсенділіктің әртараптандырылуын көздейді. Бұл жеке сектор мен ШОБ сәтті жүзеге асырылғанда ғана қолжетімді болады. Сәтті әртараптандыру жоғарыдан төменге қарай жүзеге асырылмайды. Төменнен жоғарыға бағыт алады. Бұл ЕО стратегиялық жобасының талаптарына экспорт тұрғысында ғана емес, жұмыс орындарын құру бойынша демографиялық динамиканың болуы да маңызды болып отыр», - деді ол.
Ол атап өткендей, Орталық Азия ірі нарығы бар, сауда әлеуеті жоғары өңір болып табылады.
«Біз сауданы дамытуға арналған шараның дамуына қол септігімізді тигізгіміз келеді. Еуропалық одақты бұл орайдағы еңбегін жоққа шығаруға болмайды. Себебі, осы шаралардың барлығы жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асырады», - деді ол.
Айта кетейік, Еуропа Кеңесі, ХСО және ЭЫДҰ бағдарламаларды іске асыратын халықаралық ұйымдар болып табылады.Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан үкіметтерінің жоғары лауазымды өкілдері, сондай-ақ дипломатиялық және донорлық қоғамдастық өкілдері қатысты.
Бағдарламалардың іске қосылуынан кейін ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясында анықталған мәселелер бағытында министрлер деңгейіндегі пікірталастар өтті, онда Орталық Азия үкіметтері, ЕО және оның серіктестері мен жеке сектордың стратегияның нақты іс-әрекетте қалайша жүзеге асатыны талқыланды. Баяндамашылар, оның ішінде экономика және әділет министрлері мен министрлерінің орынбасарлары Орталық Азия елдерінің инвестицияларды тарту және тұрақты және инклюзивті өсу саласындағы басымдықтарын, олардың аймақтық және халықаралық сауда интеграциясын кеңейту жоспарларын және заң үстемдігін нығайту бойынша ағымдағы саясатын талқылады.
Осы бағдарлама аясында жүзеге асырылатын гранттық жобалар, алынған тәжірибе мен жетістіктермен алмасу және оларды аймақтық инвестициялық саясат аясында салыстыру туралы ақпарат беріліп отыр.
Аягөз Құрмаш
-
Бизнестегі оңалту және банкроттық рәсімдерін қолдануға арналған мүмкіндіктер кеңеюде
Сенат отырысында заңнамаға оңалту және банкроттық рәсімдерін, бюджет, салық заңнамасын және теміржол көлігі туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер бірінші оқылымда қаралды.
05 Желтоқсан 2019, 18:07
-
Германия – Қазақстанның негізгі еуропалық серіктесі – Қ.Тоқаев
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға жоспарлаған ресми сапарының қарсаңында «Немецкая волна» телерадиокомпаниясына сұхбат берді, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің facebook парақшасында.
04 Желтоқсан 2019, 16:08
-
ҚР Тұңғыш Президенті: 3-бөлім. ҚК Орталық Комитетінің хатшысы
ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Strategy2050.kz АА Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жайында бірқатар материалдар легін әзірледі. 28 жыл бойы Қазақстан Президенті болған Н.Назарбаев 2019 жылғы 19 наурыздағы «Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқару туралы» № 887 Жарлыққа сәйкес, 2019 жылғы 20 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін атқаруды тоқтатты. Шолуымыздың үшінші бөлімі Елбасының кәсіби қызметіне арналады.
27 Қараша 2019, 09:19
-
Еуропалық дипломаттар ЕО-ның Қазақстанмен ынтымақтастық әлеуетін жоғары бағалайды
Еуропалық Одақ институттарымен ынтымақтастықты дамыту перспективалары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Қазақстанға екі күндік танысу сапармен келген ЕО Кеңесінің Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша жұмыс тобының (COEST) өкілдерімен кездесуінде талқыланды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
26 Қараша 2019, 16:19
-
Атамқұлов 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын таныстырды
2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" тұрғын үй коммуналдық мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Аталған жобаны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов үкімет отырысында таныстырып, осыған дейін жүзеге асырылған жұмыстарға тоқталып өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
18 Қараша 2019, 11:11
-
ӘМСҚ 2020 жылға арналған бюджет жобаларын тыңдау жұмыстарын өткізді
Өткен аптада Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2020 жылға арналған бюджет жобаларын тыңдау жұмыстарын өткізді.
17 Қараша 2019, 12:27
-
Astana Hub Шымкенттегі стартап кәсіпкерлікті дамытуға көмектеседі
Шымкентте өтіп жатқан ІТ-форумда Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі мен Шымкенттегі «Цифрландыруды басқару» мемлекеттік мекемесі арасындағы тиісті меморандумға қол қойылды. Форумға цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице – министрі - Аблайхан Оспанов, Шымкент қаласының әкімі - Ерлан Айтаханов, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопарктің басқарушы директоры - Марлен Сихаев, сонымен қатар шақырылған халықаралық IT-сарапшылар қатысты.
15 Қараша 2019, 14:47
-
Кәсіподақтар федерациясы еңбек туралы заңға өзгерістер енгізуді ұсынды
Елордада жұмыс орындарындағы қауіпсіздік техникасын сақтау мәселелері, еңбекті қорғау саласындағы қазіргі проблемалары талқыға түскен "Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету" деген атпен семинар өтті. Жиынға қатысқан Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының (ҚРКФ) Әлеуметтік-экономикалық қатынастар және әлеуметтік серіктестік комитетінің төрағасы Жұмагельдиева Гүлнара өндірістегі жұмысшыларды қауіпсіз еңбек жағдайымен қамтамасыз ету үшін Кәсіподақтар федерациясының еңбек туралы заңға өзгерістер енгізуді ұсынғанын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
07 Қараша 2019, 12:54
-
Жаңа жоба бойынша кәсіпкерлікті дамытуға қандай мүмкіндіктер беріледі
Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов "Бизнестің жол картасы 2020" мемлекеттік бағдарламасының іске асу нәтижелерін қорытындылап, 2025 жылға арналған бағдарламада бизнесті дамытуға кәсіпкерлерге қандай мүмкіндіктер берілетінін айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
06 Қараша 2019, 10:23
-
АХҚО Азияның жетекші төрелік институттарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды
Қазақстан АХҚО Халықаралық төрелік орталығының Төрағасы Барбара Доманн ханым Гонконгте және Қытайда дауларды шешу жөніндегі жетекші ұйымдармен ынтымақтастық туралы бес меморандумға қол қойды.
29 Қазан 2019, 11:14
-
Қызылордада менталдық бұзылыстары бар балаларға арналған орталық ашылды
Қызылордада аутизм мен сөйлеуді түзету орталығы өз жұмысын бастады. Орталықта психикалық ауытқулары бар және психикалық-сөйлеу дамуы тежелген, аутистік спектрі бұзылған балаларға білікті көмек көрсетіледі.
28 Қазан 2019, 11:44
-
Елордада оңалту орталықтары салынады
Елорда басшысы Алтай Көлгінов Үкіметтік емес ұйымдармен кездесу барысында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталықтары желісін кеңейтуде қолдау көрсететінін атап өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
24 Қазан 2019, 16:56
-
Вице-министрлер IT-мамандарға арналған форумда Цифрландыруға қатысты сұрақтарға жауап береді
Вице-министрлер 2019 жылы 24-25 қазанда Нұр-Сұлтанда өтетін Digital Bridge форумында Қазақстанның сандық трансформациясын талқылайды, деп хабарлайды Astana Hub баспасөз қызметі.
18 Қазан 2019, 14:54
-
Кәсіподақтар федерациясы 30-дан аса шетелдік кәсіподақ ұйымдарымен байланыс орнатқан
ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов Ұлыбритания елшілігінің өкілдерімен кездесіп, екі ел кәсіподақтарының ынтымақтастықта жұмыс істеуіне қатысты өзекті мәселелерді талқылады,деп хабарлады ҚР Кәсіподақтар Федерациясының баспасөз қызметі.
16 Қазан 2019, 16:01
-
Н.Нығматулин Сербиядағы Парламентаралық Одақ Ассамблеясында сөз сөйледі
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Сербиядағы Парламентаралық Одақ Ассамблеясының 141-отырысында сөз сөйледі.
14 Қазан 2019, 18:12
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды