• Басты
  • Ербол Еділов Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды
2 Қазан, 2019 16:43

Ербол Еділов Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Бұл туралы Ербол Еділов  Facebook-тегі парақшасында жариялады.



   Ербол Еділов Маңғыстау облысы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды | Strategy2050.kz

Еділов Ербол Оңдағанұлы,1981 жылы 30 қарашада Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында туған.

Қазақ гуманитарлық заң университетінің прокурорлық-тергеу факультетін (2002) заңгер мамандығы бойынша; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  жөніндегі агенттігінің Еуразиялық оқыту орталығын (2007) «Нормативтік-құқықтық актілер: нормативті-құқықтық актілер мəтіндерін жазудың негізгі сипаттары, заңдарды қабылдаудың құқықтық процедуралары» тақырыбы бойынша; РФ Президенті жанындағы Ресей Халық шаруашылығы жəне мемлекеттік қызмет  академиясын (2014) МВА дəрежесімен бітірген.

Ганновер жəне Гонконг қалаларында оқыту мен машықтанудан өткен.

2000 жылдан – «ХАБАР» агенттігі» АҚ штаттан тыс хатшысы. 2002 жылдан – Жаңаөзен қалалық прокуратурасының қауіпсіздік жөніндегі маманы,прокурордың əлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау жөніндегі көмекшісі; Маңғыстау
облыстық прокуратурасының ЭСЖҚКД жəне ҰҚКД-дегі тергеу заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры.

2008 жылдан – «Бұрғылау» ЖШС бас директорының құқық мəселелері жəне қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «ТеңізСервис» ЖШС құқықтық жəне ұйымдастыру жұмысы департаментінің заң кеңесшісі.

2009 жылдан – «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ «Өзенмұнайгаз» ӨФ заң департаментінің заң кеңесшісі.

2010 жылдан – «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ Жедел басқару тобының еңбек қатынастары жөніндегі менеджері.

2012 жылдан «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ адам ресурстарын басқару департаментінің директоры

2016 жылдан «Бұрғылау» ЖШС-нің атқарушы директоры.

2017 жылдан «GR Consulting Group» ЖШС-нің басқарушы директоры, 2018 жылдан Ш.Есенов атындағы КМТИУ ректор кеңесшісі лауазымын атқарған.

Н.А. Марабаев атындағы «Мұнайшы» қоғамдық қорының өкілі. «KAZENERGY» қауымдастығы Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің  мүшесі. Қазақстан мұнай-газ саласының заңгерлері қауымдастығының мүшесі.

Маңғыстау облысындағы мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «Маңғыстау  мұнайына 50 жыл» мерейтой белгісімен (2011); Жаңаөзен қаласы əкімінің (2011), Н.А. Марабаев атындағы «Мұнайшы» ҚҚ құрылтайшысының, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директорының (2012),Маңғыстау облысы əкімінің (2015) Алғыс хаттарымен марапатталған. Бірнеше рет Маңғыстау облысы прокурорының бұйрықтарымен көтермеленген (2005-
2007).

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды