- Басты
- Елордада үздік әлеуметтік жобалардың көрмесі өтіп жатыр
Елордада үздік әлеуметтік жобалардың көрмесі өтіп жатыр

"Жыл сайын әлеуметтік қызметкерлер күні қарсаңында өтетін көрмемізге қош келдіңіздер. Аталған көрме осымен 7-ші рет өткізіліп отыр. Алғашқы жылы 52 әлеуметтік жоба ұсынылған еді. Ал қазір жыл сайын 200-ден астам әлеуметтік жоба келіп түседі. Биыл еліміздің әр аймағынан 59 әлеуметтік жоба жеңімпаз атанып отыр. Жеті жыл ішінде 1170-тен астам жоба ұсынылды. Оның 171 жобасы жеңімпаздардың қатарынан табылды",- деді ол.
Сондай-ақ Тамара Дүйсенова әлеуметтік жобалардың авторларына алғысын білдіріп, үздік жобаларға тоқталды. Соның бірі Жамбыл облысындағы Рауылбековтер отбасының "Қайсар" оңалту орталығын атап өтуге болады. Өздері бірінші топтың мүгедектері бола тұра, Рауылбековтер отбасы тірек қимыл аппараты зақымданған жандарға көмек көрсететін жандарға арналған орталық ашып отыр.
"Қайсар" оңалту орталығы Жамбыл облысында 2018 жылы ашылған мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мекеме. Мен 8 жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысып келемін. Аталған оңалту орталығын өз қаражатыма салдырдым. Біз тірек қимыл аппараты зақымданған жандарға 20 оңалту жаттықтыру аппарттары дайындадық. Құрал жабдықтың барлығы орталық жанындағы цехта жасалады. Әрбір науқастың мүмкіндігін ескере отырып жасалады. Мақсатымыз оларға артық зақым келтірмеу. Түске дейін жаттығулар жасалса, олар түстен кейін массаж процедурасын қабылдайды",- деді орталықтың негізін қалаушы Рауан Рауылбеков.
Сонымен қатар оның айтуынша, орталық тек қана Жамбыл облысының тұрғындарына ғана емес, еліміздің басқа да аймақтарынан келген мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көосетіп отыр.
"Бүгінде орталыққа тек өз облысымыздың ғана емес, БҚО, Түркістан, Атырау облысының тұрғындары келіп, ем алып жатыр. Арнайы оңалту-жаттығу аппараттары арқылы көптеген науқастарымыз емделді",- деді кәсіпкер.
Бұдан бөлек Солтүстік Қазақстан облысынан кәсіпкер Сәлімхан Сәбитовтың жобасын атап өтуге болады. Ол өзінің тірек қимыл жүйесі бұзылған болса да, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған автомектептің негізін қалады.
"2018 жылы аштым. Қазіргі таңда 14 адам жүргізуші куәлігіне ие болды. Солтүстік Қазақстанда 1800-ге жуық мүгедек, оның 800-ге жуығының тірек қимыл жүйесінде ақау бар. Енді олардың барлығының көлік жүргізуге мүмкіндігі бар. Автомектептің 2 үйренушісі автобиль сатып алып, сенімді түрде машина айдап жүр қазір. Басқа аймақтардан автомектеп ашамын дейтіндерге франшизамды сыйлық ретінде беремін. Автомектепті болашақта еліміздің ірі қалаларында, атап айтсам, Алматы, Шымкент, Ақтауда ашу жоспарымда бар",- деді ол.
Айта кетейік, биыл аталған көрме осымен 7-ші рет өткізіліп отыр. Комиссия аймақтардан келіп түскен 57 әлеуметтік жобаның ішінен республикалық деңгейдегі үздіктерді анықтады. Байқаудың баста мақсаты – қоғамды азаматтық белсенділікке шақырып, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың шығармашылық әлеуетін арттырып, оларға тең мүмкіндіктер қарастыру.
Назерке Сүйіндік
-
Қазақстанның үздік кәсіпорындары мен кәсіпкерлері марапатталды
Индустрияландыру күніне орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-Министр Асқар Маминнің, Үкімет мүшелері мен «Атамекен» ҰКП басшылығының қатысуымен конгресс орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаттарын, «Қазақстанның үздік тауары», «Парыз», «Altyn Oimaq», «Бизнес Кемелділік», «Іскер», «Ұлы Дала Елі» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.
13 Желтоқсан 2019, 16:47
-
Елбасы Қоры үздік әдеби шығармалардың авторларын марапаттады
Назарбаев орталығында V «Алтын тобылғы» әдеби байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
12 Желтоқсан 2019, 18:09
-
Елордада "Дарын" мемлекеттік сыйлығының иегерлері марапатталды
Елордада "Дарын" мемлекеттік сыйлығының иегерлері марапатталды. Әр сала бойынша жіктелген 10 номинация шеңберінде жастарға құрмет көрсетілді. Биыл сыйлыққа үміткерлерден 250-ден астам құжат келіп түскен, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
09 Желтоқсан 2019, 16:36
-
Елордада XII Қысқы қайырымдылық балы өтті
Қысқы қайырымдылық балы «Болашақ» корпоративтік қорының бастамасымен 2012 жылдан бастап өткізіліп келеді. Шараның мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алу мәселелеріне қоғамның назарын аудару және дарынды жастарға қолдау көрсету. Түскен қаражат қордың «Әр бала мектепке лайықты» және «Жол жүру гранттары» қайырымдылық жобаларына жіберіледі, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
09 Желтоқсан 2019, 10:09
-
Алматы облысының полицейі үздік атанды
Нұр-Сұлтан қаласында еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың жүлдесі үшін өткен қоянқолтық ұрысынан V халықаралық «Елбасы кубогында» Жетісу жерінің намысын қорғаған Алматы облысы ПД Ескелді ауданы полициясының криминалисі полиция лейтенанты Сейтмұрат Әнел қола медальді еншіледі, деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.
03 Желтоқсан 2019, 16:49
-
Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасы 10,1 пайызға артты
2019 жылдың он айындағы қорытынды бойынша, әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасы 10,1 пайызға өскен. Бұл туралы "Азық-түлік тауарлары бағасын тежеу бойынша монополияға қарсы ден қою шаралары" туралы өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің төрағасы Рустам Ахметов мәлім етті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
29 Қараша 2019, 17:48
-
Елордада Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі талқыланды
Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің төрағалығымен «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне және Халықаралық толеранттылық күніне орай «Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі» атты халықаралық конференция өтті.
29 Қараша 2019, 12:08
-
Елордада жолдағы жазатайым оқиғалар саны азайды
Ел астанасында жолдағы жазатайым оқиғалар саны азайды. Бұл туралы "Сергек" фото, бейне жазбасын және бейнебақылау жүйесін енгізу бойынша МЖС жобасын іске асыру туралы өткен баспасөз мәжілісінде Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
27 Қараша 2019, 13:38
-
Елордада Тұңғыш Президент күніне орай кино апталығы басталды
Елордада ҚР Тұңғыш Президент күніне орай кино апталығы өтіп жатыр. Тұңғыш Президент күніне арналған іс-шаралар онкүндігінің аясында Елбасы кітапханасында кино апталығының тұсауы кесілді. Шараның ашылуында басты қонақ Елбасы рөлін сомадаған актер, әнші, Мәжіліс депутаты Нұрлан Әлімжанов болды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
26 Қараша 2019, 18:13
-
Жетісайда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр
Жетісай ауданындағы жолдарды биыл орта және күрделі жөндеуден өткізу үшін 3 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Қазіргі таңда 136 шақырым жол жөндеуден өткізілуде.
26 Қараша 2019, 12:02
-
Елордада Таеквондодан ашық республикалық турнир өтіп жатыр
Елордада Таеквондодан ашық республикалық турнир, Кореяның Қазақстандағы елшісінің кубогы өтіп жатыр. Турнир екі күнге созылады. Бүгінде Таеквондомен 20 мыңға жуық қазақстандық айналысады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
25 Қараша 2019, 17:25
-
Елордада «Make it possible» республикалық спартакиадасы жалауын көтерді
Нұр-Сұлтан қаласындағы Nazarbayev University атлетикалық орталығында республикалық «Make it possible» спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Мүмкіндігі шектеулі және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жасөспірімдер арасында өтіп жатқан спартакиада елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылуда.
25 Қараша 2019, 09:09
-
Қызылорда облысының даму ахуалы қалай жүріп жатыр
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қуанышбек Ысқақов ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шеңберіндегі Қызылорда облысының басты жетістіктері, сондай-ақ 2019 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.
22 Қараша 2019, 17:44
-
Елордада Тұңғыш Президент күніне орай көрме ашылды
Елордада Тұңғыш Президент күніне орай өтіп жатқан Елбасы кітапханасы онкүндігінің аясында "Жастар - елдің тірегі" атты көрме ұйымдастырылды,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
20 Қараша 2019, 17:43
-
CSI: Елордада Жаңа экономикалық саясат тұжырымдамасы таныстырылды
Жаңа экономикалық саясаттың тұжырымдамасы Стратегиялық бастамалар форумында таныстырылды. Іс-шараға қатысушылар аталған тұжырымдаманың тиімділігі мен оны жүзеге асырудың тетіктері туралы талқылады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
20 Қараша 2019, 13:54
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды