• Басты
  • Елордада Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі талқыланды
29 Қараша, 2019 12:08

Елордада Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі талқыланды

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің төрағалығымен «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының» ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне және Халықаралық толеранттылық күніне орай «Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі» атты халықаралық конференция өтті.


   Елордада Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі талқыланды

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі, дипломатиялық корпус, мемлекеттік органдардың өкілдері, әр түрлі конфессиялар мен халықаралық діни ұйымдардың өкілдері, Исламад Халықаралық ислам университеті (Пәкістан), Орыс Православ Шіркеуінің Мәскеу Патриархаты (Ресей Федерациясы), сонымен қатар, Қазақстанның діни бірлестіктерінің, конфессияаралық және өркениетаралық мәселелермен айналысатын ғалым-сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Қазақстан мемлекетінің барлық жетістіктері Елбасының атымен тікелей байланысты. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жас мемлекет Тәуелсіздігінің бастапқы кезеңінде таңдалып алынған диалог пен келісім, бейбітшілік пен толеранттылық саясатының бағдары жаһандық өркениетаралық және дінаралық диалогтың берік әрі тиімді тұғырнамасына айналды», – деп атап өтті Н.Назарбаев орталығы Басқарма Төрағасы Конференция жұмысын ашу барысында.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Амерхан Рахимжанов Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы мен орнығуы ҚР Тұңғыш Президентінің есімімен тікелей байланысты екенін жеткізді.

 «Елбасының басшылығымен Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және қоғамдық-саяси салада тиімді түрде үш мәрте транзит жасады. Жаңа саяси жүйе құрылды, нарықтық экономика механизмі қалыптасты, құқықтық мемлекеттің іргесі қаланды. Қоғамда этникалық және діни келісім қаматамсыз етілді. Біздің жас мемлекетіміз БҰҰ-ның теңқұқықылы мүшесі ретінде мойындалды», –деді Амерхан Рахимжанов.

Іс-шараның шетелдік қатысушылары өз сөздерінде «Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі» атты конференцияны өткізу идеясын жоғары бағалап, Елбасының бірегей моделін әрі қарай дамытуға өз үлесін қосу арқылы жаһандық халықаралық қауымдастықта Н.Назарбаевтың авторлық моделін одан әрі алға жылжытуға жаңа серпін береді деп атап өтті.

Конференция барысында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев ҚР Тұңғыш Президенті қазіргі заманның әйгілі, беделді басшыларының қатарына кіретіндігін айтты. «Елбасы бірегей саяси басшы дарындылығы мен дипломатиялық талантын көрсете отырып, Шығыспен де Батыспен де тең негізде ортақ тіл табыса алды. Әлемдік қауымдастық Елбасының жергілікті, аймақтық және жаһандық деңгейде барлық жағдайды нақты әрі тура көре білетін батыл көшбасшы ретінде таниды», – деді Е.Ашықбаев.

Конференция қатысушылары Қазақстанның әлемге дәстүрлі діндердің этикалық құндылықтары мен адамгершілік қағидаттарының маңыздылығын, олардың бейбітшілік пен гуманитарлық әлеуетін көрсете білгендігі жөнінде ортақы пікірге келді.

Исламабад халықаралық ислам университеті Ислам зерттеу институтының бас директоры Мұхаммед Зия Уль-Хак Нұрсұлтан Назарбаевтың үлесін ерекше атап өтіп, қоғамды дерадикализациялау және дінаралық диалогты дамыту бағытындағы жұмыстардың маңыздылығына ерекше назар аударды.   

«Әлемге мәдениет арқылы» Халықаралық ассоциациясының Президенті өз сөзінде «Елбасының феномені – оның жаһандық деңгейде пайымдауында. Ең бастысы біздің рухани тірегіміз, рухани және қоғамдық келісімнің негізі – лайықты өмір сүруге қажетті баға жетпес құндылық екендігін түйсіну үшін Елбасы тәрізді даналық пен көрегендікке ие болуымыз қажет», – деп атап өтті.

Ватикан Елшісі, архиепископ Фрэнсис Ассизи Чулликатт ұлттар мен халықтар арасында өзаратүсіністік пен ынтымақтастықты ілгерілету жөнінде хабарлама жасады.

Оның ойынша, «диалог секулярлық ұстанымдар тарапынан әрдайым жапа шегуші діни сананың негізгі қағидаттарын құрмететуі тиіс. Бұл шеңберде Н.Назарбаев орталығы тарапынан жүзеге асырылатын ҚР Тұңғыш Президентінің бейбітшілік пен толеранттылық моделі бұл бағытта аса зор үлес қосар еді».

Орыс Православие Шіркеуі Мәскеу Патриархатының Сыртқы шіркеу байланыс бөлімінің дінаралық байланыс Хатшысы, дін қызметшісі Димитрий Сафонов Назарбаев моделі дінаралық диалогты дамытуға үлес қосқаны туралы айтты.

 «Біз Н.Назарбаевтың дінаралық диалогты дамытуға қосқан жеке үлесін жоғары бағалаймыз. Біз үшін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінен асатын дінаралық диалогты ілгерілетуге ықпал ететін өзге алаңдар жоқ» – деді Димитрий Сафонов.

Бұған қоса, конференцияның жоғары қонағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің қорытынды және тұжырымды құжаттары тарихи маңыздылыққа ие және жоғарғы оқу орындарының академиялық курстарына енгізілуі қажет деген ниет білдірді.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды