• Басты
  • Елордада 7 шетелдік азаматтан коронавирус тіркелген – С.Қисықова
30 Сәуір, 2020 16:23

Елордада 7 шетелдік азаматтан коронавирус тіркелген – С.Қисықова

Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова елордадағы жағдай бойынша баяндамасында елордада 7 шетелдік азаматтан коронавирус тіркелгенін айтты, деп хабарлады Strategy20650.kz тілшісі.
   Елордада 7 шетелдік азаматтан коронавирус тіркелген – С.Қисықова

«Елордада 30 сәуірдің 15-00-дегі жағдайы бойынша 631 адам коронавирус індетіне шалдықты. Оның 36 пайызы емделіп кеткендер. КВИ жұқтырған адамдардың құрамына тоқтасақ, ер адамдар 55 пайызды, 45 пайызды әйелдер құрап отыр. 30-49 жастағылар 36 пайызды құрады, 50-59 жастағы азаматтар 14 пайызды, 60-69 пайызды 6,5 пайыз, 17 дейінгі балалар 4,2 пайызды, 70-тен жоғарылар 3,7 пайызды құрады», - деді ол.

Ол атап өткендей, соңғы тәулікте 16 жағдай тіркелді.

«Оның ішінде 8 жағдай науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар. Олар осыған дейін үй карантинде болды. 2 жағдай қауіпті тұлғалардың мониторинг барысында анықтадық. 2 жағдай обсервациялық емханада табылды. Бір жағдай өкпе қабынуымен ем алып жатқан азамат болды. Қосымша тағы 10 жағдай тіркелді. 2724 адам үй карантиніне орналастырылған. Ауруханада 1165 науқас ем алып жатыр. Оның ішінде вирус анықталған саны - 395. 12 науқастың жағдайы тұрақты ауыр. Оның ішінде 4 науқас республикалық интенсивтік терапия орталығында ем алып жатыр, 4 науқас жасанды аппаратқа қосылған. Қалған науқастардың жағдайы жақсы», - деді С.Қисықова.

Сондай-ақ, ол ең үлкен науқас өткен аптада жазылып шыққанын айтты.

«Ол кісінің жасы 97-де. Ақмола облысының тұрғыны, емделіп шықты. Еі кішкентай дегеніміз 1 жасқа дейінгі нәрестелер. Біреуі 4 айлық бала барлық ем-домдарын жасап, үйіне шықты», - деді ол.

Сонымен қатар, С.Қисықова айтып өткендей, індет тіркелген 7 шетелдік азамат елордадан табылған.

«Олар Ауғанстан, АҚШ, Ресей, Украина азаматтары. 5 азамат емделіп шықты. Қазір 2 азамат ем қабылдап жатыр», - деді ол.

Аягөз Құрмаш

Барлық жаңалықтар
34.201.3.10, 192.168.88.100