• Басты
  • Елордада 7 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы болды
3 Қазан, 2019 12:14

Елордада 7 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы болды


2019 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша елордада 7 277 адам нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты, деп хабарлады Strategy2050.kz.
      Елордада 7 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасының қатысушысы болды

4 939 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 2118 адам немесе 44% тұрақты жұмыс орындарына тұрғызылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіби дағдыларды қалыптастыру мақсатында азаматтардың жекелеген санаттары үшін қысқа мерзімді курстар өткізуді көздейтін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында Нұр Сұлтанда 550 адам оқуға жіберілді. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту аяқталғаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік бағдарламаның қатысушыларына жұмысқа орналасуға көмек көрсетеді.

Мемлекеттік бағдарламаның екінші бағытының негізгі міндеті азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту болып табылады. Оның шеңберінде бастапқы бизнесті іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын және бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылық қолдау алмаған үміткерлерге өтеусіз және қайтарымсыз негізде 100 және 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі. Бұдан басқа, ауылда және қалаларда кәсіпкерлік әлеуеті бар ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және олардың зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелеріне, шаруа және фермер қожалықтарына микрокредиттер беріледі. «Бастау-Бизнес» жобасы аясында микрокредит алушылар үшін кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында микрокредиттеумен 48 адам қамтылды. Мемлекеттік гранттарды 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде мемлекеттік бағдарламаның 39 қатысушысы, 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде – 10 (жастар, аз қамтылған және көп балалы отбасы мүшелері, еңбекке қабілетті мүгедектер) адам алды.

Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін мемлекеттік субсидияланатын жұмыс орындарын құруды көздейді. Оны жүзеге асыру аясында Нұр-Сұлтанда 2 930 адам, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 152 адам, қоғамдық жұмысқа 1 998 адам жұмысқа орналастырылды, жастар практикасына 780 адам тартылды.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды