• Басты
  • Елбасы Бірлік күнімен құттықтады
30 Сәуір, 2020 15:16

Елбасы Бірлік күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлады Strategy2050.kz elbasy.kz-ке сілтеме жасай отырып.
   Елбасы Бірлік күнімен құттықтады

«Құрметті отандастар!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мейрам ұлттық болмысымызды айқындайтын асыл қасиеттеріміз – достықты, сенімді және патриотизмді дәріптейді.

Мен ширек ғасыр бұрын осы мерекені белгілеу туралы шешім қабылдаған едім. Өткен жылдар ішінде біз еліміздің көпұлтты және көпконфессиялы құрылымын стратегиялық артықшылығымызға айналдыра алдық.

Қазақстан береке-бірліктің арқасында түрлі қиындықты еңсеріп, бүкіл әлемнің құрметіне бөленді және мемлекет құру ісінде зор жетістікке жетті.

Бейбітшілік пен қоғамдық келісім әрдайым елдігімізді бекемдейтін қастерлі құндылығымыз болып қала береді.

Біз биыл Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығын атап өтеміз. Бұл – барлық этнос өкілдерін мемлекет құрушы ұлттың төңірегіне топтастыратын және тәуелсіздігімізді нығайтуға ықпал ететін бірегей институт.

Халқымыздың ырыс-ынтымағы тарих пен тағдыр сыйы ғана емес, әрқайсымыздың ерен еңбегіміз бен зор жауапкершілігіміздің нәтижесі.

Бірлік күні биыл әдеттен тыс жағдайға тұспа-тұс келіп отыр. Бүкіл әлемді жайлаған індет біздің елімізді де әбігерге салды.

Бұл сынақтан да сүрінбей өтіп, күш-қуатымызды одан әрі арттыра түсеміз деп сенемін. Осы жолда достық, бірлік, келісім және өзара қолдау қағидаттарын берік ұстанғанымыз абзал.

Баршаңызға мықты денсаулық пен бақ-береке, елімізге татулық пен толағай табыс тілеймін!», - делінген құттықтауда.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды