• Басты
  • ДДСҰ: Вирустың таралуы бақылауға алынған жерлерде мeктептер ашылуы мүмкiн

ДДСҰ: Вирустың таралуы бақылауға алынған жерлерде мeктептер ашылуы мүмкiн

6 Тамыз, 2020 11:55

Әлем елдерінде карантин жарияланып, билік өкілдері, медицина қызметкерлері азаматтарды адам көп жиналатын орындарға бармауға шақырғанымен, олардың бейқамдығы толастар емес. Осы орайда ДДСҰ техникалық сарапшысы Мария Ван Керкхове және оның әріптесі Майк Райан, төтенше жағдайлар жөніндегі атқарушы директоры адамдарға «маған шынымен осы кешке немесе көп адамдар жиналған үйде өтетін кез-келген шараға бару қаншалықты қажет?» деген сұраққа жауап беруге шақырады. ДДСҰ сарапшылары әлемдегі эпидемиологиялық жағдайды қалай бағалайтынын, мектептерге қашан ашылуға рұқсат бертілетіні жөнінде Strategy2050.kz тілшісі дайындаған материалдан оқи аласыздар.

Әлемде коронавирусты жұқтырған адамдардың саны 18 миллионнан асты, ал күнделікті жаңа жағдайлардың саны 250 мыңға жуықтап отыр. Көптеген елдер карантиндік шектеулерді алып тастай бастағанда, адамдар өздерін және басқаларды инфекциядан қорғау үшін қосымша сақтық шараларын қабылдауы керек.

ДДСҰ сарапшылары коронавирусты зерттейтін әлемнің ғалымдарымен үнемі байланыста. Мәліметтер бойынша, инфекцияның негізгі көзі – инфекция жұқтырған адам. Инфекция қаупінің дәрежесі екі факторға байланысты - физикалық жақындық және байланыс ұзақтығы: байланыс неғұрлым ұзақ болса, инфекцияның қауіптілігі соғұрлым жоғары болады. Егер ауру адам бетперде кисе, ол басқаларға онша қауіп төндірмейді.

«Әрине, адамдар қалыпты өмірге оралуға тырысады және біз жастардың спорттық ойындарға тағы да қатысқандарын қалаймыз, бірақ физикалық қашықтық туралы ұмытпау керек. Бұл инфекцияның таралуын болдырмауға болатын жалғыз әдіс», - деп атап өтті Мария Ван Керкхове өз сөзінде.

Сонымен қатар ДДҰ сарапшылары инфекцияның таралуы көп жағдайда мейрамханада немесе барда бірнеше адам ауырып қалғанда орын алады. Көптеген елдерде мемлекеттік мекемелерге келушілерден аурудың жаңа жағдайлары туындаған жағдайда хабарласу үшін байланыс телефондары мен мекен-жайларын сұрайды. Бірақ ең бастысы адамдардың сана-сезімі: қоғамның әрбір мүшесі ауруды уақытында анықтап, тестілеуге дайын болуы керек. Сонымен бірге олармен сөйлескен әр адамның мекенжайы мен телефон нөмірлерін көрсетуі керек.

«Біз кейбіреулердің қатты уайымдайтынын түсінеміз, олар достарына және таныстарына хабарласқанын қаламайды. Егер маған ауру жұқтырып алсам, мен біреудің менің достарыма қоңырау шалып, олардың кіммен байланыста болғаны туралы сұрақ қойғанын қаламас едім. Бірақ бұл індетті тоқтатудың жалғыз жолы», - дейді Майк Райан.

Жастар көбінесе барларда және мейрамханаларда, ал балалар, сәйкесінше, балабақшалар мен жазғы лагерьлерде ауырады. «Әдетте жас балаларда бұл аурудан жеңіл түрде өтеді, бірақ кейбіреулер әлі де ауырады, әсіресе созылмалы ауруы бар адамдар үшін қауіптірек», - деді ол. Сондықтан оның айтуынша, осындай балаларды инфекциядан қорғау керек.

 

Вирустың таралуы бақылауға алынған мектептер ашылуы мүмкін

 

Сонымен қатар БҰҰ сарапшылары жас балалардың әдетте инфекцияға онша бейім еместігін және олар инфекцияның белсенді тасымалдаушысы болып табылмайтынын, ал үлкен жастағы балалар «аурудың таралуына көбірек үлес қосатынын атап өткен еді. Бұл деректер бүгінде әлемнің көптеген елдеріндегі билік мектептерді ашуға ниет білдірген кезде өте маңызды.

«Біз бәріміз мектептер ашылғанын және балалар партаға оралғанын қалаймыз», - деді ДДҰ өкілдері. Олар мектеп бұл жай ғана балалар оқитын орын емес екенін, көптеген кәмелетке толмағандар үшін бұл зорлық-зомбылықтан аулақ болуға және өзін-өзі қорғауға мүмкіндік беретінін еске салды. «Вирустың таралуы бақылауға алынған жерлерде мектептер ашылуы мүмкін, мен инфекцияның жоғы туралы емес, жағдайды бақылау мүмкіндігі туралы айтып отырмын», - деді Майк Райан. Алайда ол COVID-19 бақылаудан тыс жерде мектептер ашылса, жағдай айтарлықтай нашарлайтынын атап өтті.

Балалардың мектепке қайтып келуіне жағдай жасалса да, мектептер ашу арқылы, одан әрі қайталанудың алдын алу үшін сақтық шараларын сақтау қажет. Сонымен қатар созылмалы аурулары бар балалар қосымша қорғауды қажет етеді. Майк Райан мұндай балалардың ата-аналарын баланы мектепке жібермес бұрын барлық ақпаратты, соның ішінде мектеп ғимаратының ауданы, оқушылар саны және осы аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды ескеруге шақырды.

 

Қазақстанда оқу жылы қалай басталады


Қазақстанда колледж және жоғары оқу орындарының студенттері үшін оқу жылы негізінен қашықтан оқыту форматында басталады


Колледж

-        Педагогикалық, IT, әлеуметтік, гуманитарлық бағыт студенттері қашықтан оқиды.

-        Технологиялық, аграрлық бағыттар, медицина және өнер мамандықтарының студенттері ішінара қашықтан оқиды. Дәріс және семинар сабақтары онлайн өтсе, зертханалық сабақтар және өндірістік тәжірибе дәстүрлі форматта жүргізіледі.

-        Алыс ауылдық жерлерде және шағын қалаларда орналасқан 102 колледж штаттық режимде жұмыс істейді, бір топтағы студент саны 15-тен аспайтын болады (бірнеше топ құрылады).

Бакалавриат

 

-        Жоғары оқу орындарында студенттер негiзінен қашықтан оқыту форматында оқиды.

-        Педaгогикалық ғылымдар, IT, әлeуметтiк және гуманитарлық бағыттар қашықтан оқиды.

-    Табиғи, техникалық және аграрлық бағыттар, медицина және өнер мамандықтары бойынша дәрiстер мен семинарлар онлaйн, зертханалық және прaктикалық сaбақтар штaттық режимдa өткiзіледі.

Магистратура мен докторантура

-        Сабақтар iшiнара қашықтан оқытылады.

 

Интeрнатура мeн рeзидентура

 

- Оқу дәстүрлi формата жүретiн болады.

 

 

1 қыркүйектeн бaстап оқу жылы жaлпы қашықтан оқыту форматында басталaды

Орта бiлім

-        Шалғайдағы елдi мекендердегi шағын жинақталған мектептер эпидeмиологиялық ахуал жақсы болған жағдайда оқуды дәстүрлi түрде бастайды.

-        Бастауыш сынып оқушылары үшін, ата-аналардың өтініші негізінде, қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, кезекшi сыныптар жұмыс істейтін болады. Бір сыныпта бала саны 15-тен аспауы тиiс.

-        Кезекшi сыныптарға өтініштер элeктронды түрде (сынып жетекшісi арқылы) қабылданады.


Қашықтан оқыту форматында - 2,6 млн (79%), кезекші сыныптарда - 530 мың (17%), штаттық түрде ауылдарда 157 мыңнан астам оқушы (4%) білім алады деп күтілуде.


Мектепке дейінгі ұйымдар

- Ата-аналардың қалауы бойынша балалар кезекшi топтaрға қабылданады. Бұл топтарда бала сaны 15-тeн аспауы тиіс.


Қосымша білiм беру ұйымдары


- Балалар ата-аналардың өтініші негiзінде қашықтан немесе жеке тәртiппен ұйымдaстырылады. Шағын топтардағы бала саны 5-тен аспауы тиiс.

Арұйымдарынaйы бiлiм беру 


- Ата-aналардың таңдауы бойынша арнайы онлайн кеңес беру немесе мамандардың жeке қaбылдаулары ұйымдaстырылады. Денсаулығында күрделi прoблемалары бaр балалaрды қабылдау алдын aла жазылу тәртiбімен жеке жүргiзiледі.

 


Барлық жаңалықтар