• Басты
  • Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр

Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр

29 Шілде, 2021 14:46

Бүгін Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың төртінші толқынының өршу шыңы тамыз айының ортасына дейін болжанып отырғанын айтты. Сонымен қоса, қыркүйек айының басында жұқтырғандар санының төмендейтінін тілге тиек етті. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Соңғы аптада коронавирустық жағдай 1,4 % есеге көбейген

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің дерегінше, алдыңғы аптамен салыстырғанда соңғы аптада коронавирустық жағдай 1,4 % есеге көбейген. Нақтырақ айтар болсақ, 5790 жағдайдан 8393 жағдайға дейін өскен.

Оның мәліметінше, 23 шілдеден бастап, індеттің тәуліктің тіркелуі 1 мың жағдайдан асқан. Алдыңғы айда 2118 коронавирус жұқтырғандар тіркелген. Ал осы жылдың басынан бастап 73 мыңға дейін жағдай тіркелді. Тамыз айында 34,5 мың жағдай, қыркүйекте 4,5 мың жағдай болады деп болжануда.

Ол жиында 2020 жылдың наурыз айында алғашқы толқын коронавирустың алғашқы 82 жағдайын тіркеуден басталғанын айтып өтті. Ал өткен жылдың шілдесіндегі дерек бойынша 6 372 жағдай тіркеліп, қыркүйекте 165 жағдайға дейін төмендеді. Індеттің екінші толқыны 2020 жылдың қазан айында басталып 366 жағдай тіркелген. Оның мәліметінше, 2021 жылдың қаңтарында ең жоғары деңгейге жеткен, яғни 3607 жағдай. Ал ең төменгі көрсеткіш ақпан айында тіркелген, ол 2 945 жағдай.

«2021 жылдың ақпан айының соңы мен наурыз айының басынан бастап індеттің үшінші толқыны басталды, ол британ штамына байланысты болды. Сәуір айында 19 918 жағдай тіркелді. Ал маусым айында құлдырап, 4 573 жағдайды құрады», - дедi Жандарбек Бекшин.

«Дельта» коронавирус нұсқасының таралу қарқыны жоғары

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің сөзінше, Алматы қаласында «дельта» коронавирус нұсқасының таралу қарқыны жоғары екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі таңда коронавирустың төртінші толқыны бастау алған.

«Сондықтан «дельта» нұсқасының өршу шыңына әлі жеткен жоқпыз. Біздің болжам бойынша шарықтау шегі 3-4 тамыздан 10-12 тамызға дейін. Ал төртінші толқынның төмендеуі қыркүйек айының басында деп кгтілуде», - дедi ол.

Жандарбек Бекшин сондықтан барлық адамдарды вакциналауға көп көңіл бөлу қажет екендігін айтып өтті. Алматы қаласында 27 шілдедегі дерек бойынша, вакцинаның І компоненті қала халқының ресми санынан 35%-ы егілген. Ал екіншісі компонентпен халықтың 24,2%-ы өткен. Оның дерегінше, 10% аурудан өткендерді қосқан кезде иммундық қабат 34%-ды құрайды.

Ауырғандардың 34%-ының орташа жасы - 20-40 жас

«Коронавирус жастарға көп әсерін тигізіп жатыр. Ауырғандардың 34%-ының орташа жасы 20-40 жаста. Ал 40-59 жас аралығындағы адамдардың жұқтыру көрсеткіші 25%-ын құрайды. 60 жастан асқан адамдар 20%-ды құрайды», - дедi Жандарбек Бекшин.

Сонымен қатар, ол ересек тұрғындар арасында вакцина алғандар кем дегенде 60%-ға жетуі тиіс екенін атап өтті. Оның дерегінше, күн сайын вакцинаның бірінші компонентін 7,7 мыңнан астам адам алады.

"Дельта" штаммының басқа штамдардан негізгі айырмашылықтары

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин жиында "дельта" штаммының басқа штамдардан негізгі айырмашылықтарын атап өтті. Оның айтуынша, аурудың 3-5 күнінде ауыр жағдай туындайды. Ал бұрын аурудың ауырлығы 10-12 күнде болған. Сонымен қатар, "дельта" штаммы асқазан-ішек жолдарының бұзылуымен, сондай-ақ жүрек-тамыр жүйесі мен бүйректің ауыр зақымдалуымен сипатталады. Бұл жағдайда өкпенің зақымдануы басқа штамдармен жұқтырғанға қарағанда әлдеқайда кешірек болатынын жеткізді.

Балалар " Дельта " штаммымен ауыруға бейім

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, балалардың "дельта" штаммымен ауыруға бейім келетінін атап өтті.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, қазіргі кезде инфекциялық стационарларда 4 148 адам жатыр, оның 215-і – бала.

«Балалар мен жастардың әлі де қауіп аймағында тұр. Соңғы екі аптадағы жас құрамын талдау нәтижесі бойынша, 1 жасқа дейінгі балалардың ауруды жұқтыру жалғасуда. Барлық КВИ науқастарының 2,8%-ын құрайды. Бұл өткен аптада 136, осы аптада 190 бала тіркелді», - дедi Жандарбек Бекшин.

Карантинге қатысты жаңа қаулы шығады деп күтілуде

Жандарбек Бекшиннің сөзінше, қазіргі уақытта Қазақстанның бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысы дайындалып жатыр. Құжаттың соңғы нұсқасымен алматылықтар ертең кешке, 30 шілдеде таныса алады. Бұл қаулы биыл 2-16 тамыз аралығында әрекет етеді.

«Осы құжат бойынша көп ұстанымды кәсіпкерлер қауымдастығы, "Атамекен" ҰКП, кәсіпкерлік басқармасымен талқыладық. Бірақ түпкілікті ұсыныстар мен талаптарды күтеміз. Әсіресе, Ashyq жүйесі бойынша жұмыс істемейтін нысандардың қызметін шектеуіміз керек», - дедi Жандарбек Бекшин.

Оның дерегінше, 2 тамыздан бастап Ashyq жүйесі бойынша жұмыс істемейтін кейбір нысан қызметін тоқтайды. Сонымен қатар, шектеулер екі апта бойы жарамды болады.

Алматыда оқушылар арасында COVID-19 жұқтыру дерегі 22 есе өскен

Оның дерегінше, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 965 жағдай және 40 пен 59 жастағы азаматтар арасында 1 824 жағдай тіркелген. 60 жастан асқандар – 1 487 адам. Ал реанимацияда – 281 адам, ӨЖЖ аппаратына 27 науқас қосылған.

Спикер Алматыда коронавирус бойынша жағдай шиеленісе түскенін атап өтті. Жұқпалы аурулар ауруханалары жоғары жүктемемен жұмыс істейді. Оңтүстік астананың тұрғындары сақ болып, вакцинациямен тартылмауы керек. Эпидемиологтардың айтуынша, "дельта" штаммы ең жұқпалы, сондықтан қауіпті.

Ол сондай-ақ, вирус жұқтырғандардың арасында иммунитеті мықты жастар қауымы басым екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, Бекшин 2-16 тамыз аралығында "ашық"жүйесіне кірмейтін нысандарды толығымен жабу идеясы қарастырылып жатқанын айтты.

Оның айтуынша, "Ашық" бойынша жұмыс істейтін нысандар 20.00 - ге дейін жұмыс істей алады, ал "ашық" үздіктері 22.00-ге дейін жұмыс істей алады екен. Алайда, әзірге бұл тек болжамдар. Бұл туралы нақты жұма-сенбіде нақты шешімдер күтілуде.

Індет жұқтырудың нақты орындары анықталған

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, дерт жұқтыратын ықтимал орындар сауда нысандары мен қоғамдық көлік екенін тілге тиек етті. Сонымен қатар, инфекция жұқтыру эпидемиологиядағы стандартты көрсеткішке қатысты екенін деткізді. Ал бұл карантин шараларының тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.

Оның дерегінше, соңғы 7 күнде Алматыда инфекция жұқтыратын негізгі орындары сауда нысандарында – 35%, отбасылардағы байланыстар – 19%, қоғамдық көлікте қатынау – 16%, базарлар - 14%, саябақ пен халықтың демалатын жаяу жүргіншілер көшелері – 3,6% болған.

«Жұқтырудың нақты орындары анықталды. Соңғы аптада туыстармен және көршілермен байланыс кезінде КВИ инфекциясы 0,2–0,4% өсті», - дедi ол.

Оның айтуынша, азық-түлік сатпайтын дүкендерде – 0,1% қоғамдық тамақтану нысандарында, мейрамханаларда, дәмхана мен асханаларда – 0,2% байқалса, монша мен сауналарда – 0,4% өскені байқалған.

Сонымен қатар ол «Ashyq жобасына қатысушы нысандарға бару кезінде жұқтырғандардың үлес салмағы 106-дан 186 адамға дейін артқанын айтып өтті.

«Бұл олардың кіреберістегі келушілерді бақылау жұмысын куәландырады. Жобаға деген осындай көзқарас ХҚО-да 16 адамды, сауналарда, бассейн мен фитнес-орталықтарда 11 адамды, мейрамханаларда, кафелерде 8 қала тұрғынын және банкет залдарында 5 адамды анықтады», - бас санитар.

Сондай-ақ, Алматы қаласының бас санитар дәрігері алматылықтардан міндетті түрде бетперде тағу, жұмыс бөлмесін, үй-жайларды үнемі желдетіп отыру, адам көп жиналатын орындарға бармай өз қауіпсіздігін сақтау керектігін айтып өтті.Сонымен қатар, инфекция күдігі туындаса міндетті түрде дәрігердің көмегіне жүгініп, басқа адамдарға жұқтырмас үшін шектеу шараларын сақтау қажеттігін атап өтті.

Барлық жаңалықтар