• Басты
  • Қ.Бозымбаев: Жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2020 жылға қарай 3 %-ға артады
29 Қазан, 2019 17:17

Қ.Бозымбаев: Жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2020 жылға қарай 3 %-ға артады

Жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2020 жылға қарай 3 %-ға, ал, 2025 жылы 6 пайызға артпақ. Бұл туралы укімет отырысында ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Қ.Бозымбаев: Жаңартылатын энергия көздерінің үлесі 2020 жылға қарай 3 %-ға артады

"Бүгінгі күні жаңартылатын энергетиканы дамытуға айтарлықтай инвестиция құйылып жатыр. Оған Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері әлеуетінің молдығы себеп болып отыр. Сонымен қатар, заңнамалық базамен қабылданған нысаналы индикаторлар жағдай жасауда. Мемлекеттік жоспарлау жүйесі жоспарларында жаңартылатын энергетика үлесін 2020 жылға қарай 3 пайызға, 2025 жылы 6 пайызға, ал, 2030 жылдарға қарай 10 пайызға жеткізу мақсаты қойылды", - деді министр. 

Сондай-ақ, оның айтуынша, 2050 жылға қарай жалпы энергия тұтынудың кем дегенде жартысы жаңартылатын және баламалы энергия көздерінің үлесінде болмақ. Сонымен бірге, министр тіркелген тарифтер жүйесі дамудың бастапқы кезеңінде жасыл энергияны тез іске қосуға мүмкіндік бергенін атап өтті.

"2014 жылы белгіленген қуаты 178 МВт-тық 26 нысан болса, 2019 жылдың қорытындысы бойынша, 1042 МВт-ты құрайтын 87 нысан жұмыс істейтін болады. Жыл басынан бері 1,65 млрд квт сағат энергия өндірілді. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 65 пайызға жоғары. Жыл соңына дейін жоспар бойынша 2,4 млрд КВТ сағат орындалатын болады. Қуаттарды ұлғайтуға қатысты жоспарлы жұмыстың арқасында 2020 жылдың қорытындысы бойынша, жүйеде қуаты 1610 МВт-ты құрайтын 108 нысан жұмыс істейтін болады, ал 2024 жылдың соңына  жылға қарай 3000 МВт жаңартылатын энергия қуаты болады деп жоспарлануда", - деді Бозымбаев.

Бұдан бөлек, ол атап өткендей, жасыл энергия секторында бүгінгі күні әлемнің бірнеше елінен инвесторлар жұмыс жасайды. Сондай-ақ, бірқатар әлемдік банктермен де әріптестік байланыс орнатылған.

"Қазіргі таңда жасыл энергия секторында әлемнің 10 елінен инвесторлар жұмыс жасап жатыр. Сондай-ақ, бірқатар банктермен, атап айтқанда, Еуропа қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Азия құрылымдық инвестициялар банкі, Қазақстан даму банкі секлді ірі қаржы ұйымдарымен әріптестік байланыс орнаттық", - деді министрлік басшысы. 

Сонымен қатар, оның айтуы бойынша, жаңартылатын энергия секторына шамамен 406 млрд теңге тартылған.
"Қаржы есеп айырысу орталығы жұмысын бастаған уақыттан бері жаңартылатын энергия секторына шамамен 406 млрд теңге тартылды. Салынған нысандар шамамен 81 млн теңге салық төлейтін болады. Сондай-ақ, нысандарды салу кезенде қазақстандық инженерлер, құрылысшылар, қосалқы персонал тартылатын болады", - деді ол.

Бұдан бөлек, министр күн және жел электр станцияларына қатысты жоспарларымен бөлісті.

"Биылғы жылдың 27 қарашасында күн электр станциясын салу бойынша бірінші жобалық аукционды өткізуді жоспарлап отырмыз. Оның қуаты 50 МВт болады. Бұл станцияға Түркістан облысы Шәуілдір кентінің жанынан алаң бөлінген. Қазірдің өзінде халықаралық компаниялар қызығушылық танытуда. Келер жылдары біздің министрлік күн және жел электр станцияларына қатысты жобалық аукцион өткізуді жоспарлап отыр", - деді Қанат Бозымбаев.

Назерке Сүйіндік

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды