• Басты
  • Ә.Бектаев: Қарапайым еңбек адамдарын насихаттау жетіспейді
12 Наурыз, 2020 16:16

Ә.Бектаев: Қарапайым еңбек адамдарын насихаттау жетіспейді

Елорадада өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Парламент Сенатының депутаты, "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли Бектаев "Еңбек адамы ел тірегі" саяси-әлеуметтік жобасын жүзеге  асыруға арналған іс-шаралардың басталуын жариялады. Ол  қоғамдағы еңбек адамының орны туралы айта келіп, оларға насихат жетіспейтінін атап өтті, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Ә.Бектаев: Қарапайым еңбек адамдарын насихаттау жетіспейді

Әли Бектаев өз баяндамасында жыл сайын желтоқсан айында өтетін еңбек адамдарының форумының жұмыстарына, өзгерістеріне тоқталып өтті.

"Соңғы төрт жыл бойына біз тәуелсіздік мерекесінің алдында еңбек адамдарының форумын өткізіп келеміз. Ондағы мақсатымыз ауылда түрлі салада еңбек етіп жүрген адамдардың болашағы, қоғамдағы рөлін талқылап, әртүрлі саладағы еңбек адамдарын марапаттап жүрміз. Осыған дейін 600-ден астам еңбек озаттары, экономиканың түрлі саласында қызмет етіп жүрген еңбек адамдары марапатталды", - деді ол.

Сондай-ақ ол еңбек адамының ел экономикасына қосқан үлесін, жұмысын сараптай келе жаңа әлеуметтік жобаны қолға алғанын атап өтті.  

"Біз еңбек адамының істеп жүрген жұмысын сараптай келе, "Еңбек адамы - ел тірегі" атты әлеуметтік жобаны қолға алып отырмыз. Оның негізгі мақсаты - қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін, ауыл еңбеккерлерінің беделін көтеру және елдің экономикалық дамуының тірегі ретінде жұмысшы мамандықтарындағы адамдарға деген позитивті  көзқарас қалыптастыру. Екі жарым айдан бері біз еңбек адамдарын қалай дәріптей аламыз, БАҚ өкілдерімен, қоғамдық ұйымдармен қалай бірлесіп жұмыс істеуге болады деген мәселені қарастырып жатырмыз. Еңбек адамының дәрежесін көтеру үшін мемлекеттік органдарға қандай ұсыныс айтуға болады деген сияқты іс шараларды қолға алдық", - деді депутат. 

Сонымен қатар Әли Бектаев қарапайым еңбек адамдарының мемлекет тарапынан ұсынылған түрлі марапттардан шет қалатынын айтты. Оның сөзіне сенсек, жергілікті билік көп жағдайда марапатқа белгілі бір адамдарды ғана ұсынатынын, нағыз еңбек адамдарының тыс қалатынын атап өтті. Сондай-ақ оның сөзінше, атқарушы билік, қоғамдық ұйымдар еңбек адамдарын дәріптеп, насихаттаулары керек.

"Адал еңбегінің арқасында нәпәқасын тауып жүрген, түрлі салада қызмет етіп жүрген азаматтарды тауып, соларды дәріптеу әрбір мемлекеттік органның, атқарушы биліктң, қоғамдық ұйымдардың негізгі міндеті болуы керек деп есептеймін. Өкінішке орай көп жағдайда олай емес. Жергілікті жерлерде мемлекеттік наградаларға, түрлі марапаттарға ұсынылған кезде еңбек адамы көлеңкеде қалып жатады. Өйткені жергілікті әкімшіліктер тамыр-таныстарын,өздеріне сенімді, берілген адамдарды, қалталы адамдарды, өздеріне сөзі өтетін адуынды адамдардың жақындары мен туыстарын, кей кездерде еңбекке қатысы жоқ азаматтарды ұсынып жататын жағдайлар бар", - деді Әли Бектаев.

Депутаттың сөзіне сүйенсек, мемлекеттің органдардың тарапынан берілетін марапаттың кімге, қандай жетістіктері үшін беріліп жатқандығын ешкім білмейді, тіпті бұқаралық ақпарат құралдарында да көп айтыла бермейді. Оның сөзінше, мұның барлығы ашық жүргізілуі керек.

"Мемлекет беретін нарадалардың кімге, қандай жетістіктері үшін беріліп жатқанын ешкім білмейді. Осыны қадағалу керек. Бұқаралық ақпарат құралдарында да жариялана бермейді. Негізі мәселе марапатта емес, мәселе - еңбектің бағалануында. Еңбек адамдарының мақсаты да марапат алу емес, олар тек еңбегі еленсе, отбасы, артынан келе жатқан жастар үлгі тұтқанын қалайды. Біз де еңбек адамын насихаттау жетіспейді. Біздің экономикамызды еңбек адамы көтеретінін ескеру қажет. Біз еңбек адамының жақсы жағын көрсете отырып, келер ұрпақты еңбек етуге тәрбиелеуміз керек",  деді  сенат депутаты.

Ал жиынға қатысқан "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Орталық аппаратының жетекшісі Қуаныш Сейтжанов "Еңбек адамы - ел тірегі" атты саяси-әлеуметтік жобасын іске асыруда орындалатын іс-шаралармен таныстырды. 

"Ұсынылған саяси бастама аясында партияның филиaлдары студенттер, мектеп оқушылары және болашақ мaмандaрмен еңбек озаттарының кездесулерін ұйымдастырады. Қазiргi уақытта "Ауыл" ХДПП филиалдарының Саяси кеңестері облыс, қала, аудан әкiмдiктерiне "Облыстың құрметтi азаматы", "Қаланың құрметтi азаматы", "Аудaнның құрметті азаматы" сияқты атақтарға лайықты еңбек адамдарын ұсыну үшiн тiзiмдi қалыптастыруда. Сонымен қатар, "Aуыл" ХДПП-ның әр филиалы жыл бoйы мемлекеттiк және ведoмстволық марапaттарға ұсынылатын үмiткерлерді aнықтайтын болады", - деді ол.

Оның сөзiнше, олардың қатарында ауылшаруашылық еңбеккерлерi, механизаторлар, тракторшылар, сауыншылар, фермерлер, ауыл мұғалiмдерi, дәрiгерлер және тағы басқа мамандық иелері бар. 

"Бұлар ондаған жыл бойы адал еңбегiмен, қажыр -қайратымен аймақтардың дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан марапат пен құрметке лайықты  тұлғалар. Сонымен қатар, "Еңбек адамы - Ел тірегi" саяси бастамасы аясында "Ауыл" партиясы YOU-tube  арнасында "Еңбек адамы - ел тірегi" тақырыбындағы бейне ролик конкурсын өткізуді  жоспарлап отыр. Ережеге сәйкес кез келген шығармaшылық тoп және жeкeлеген тұлғалар бұл конкурсқа қатыса алады. Сайыстың ережесі жақын арада "Aуыл" ХДПП-ның auyl.kz ресми сайтындa жариялaнaды. Бұл байқaудың нәтижелері жыл соңында анықталады", - деді аппарат жетекшісі.

Айта өтейік, баспасөз мәжілісіне "Ауыл" ХДПП бaсшылығы, мемлекеттiк және ведoмствoлық нагрaдaлaрмен марапатталған партия мүшелерi, еңбек озаттары қатысты.

Назерке Сүйіндік

Барлық жаңалықтар