• Басты
  • Бастысы – халық ризашылығы – А.Есімов
17 Қазан, 2019 18:08

Бастысы – халық ризашылығы – А.Есімов


Түркістан облысына іссапармен келген «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Арыс және Түркістан қалаларындағы құрылыс нысандарын аралады.
   Бастысы – халық ризашылығы – А.Есімов

Алдымен қор қаржыландыруымен күрделі жөндеуден өткен «Ақнұр» балабақшасында болып, балғындармен тілдесті. 65 жыл бұрын кірпіші қаланған ғимарат апат кезінде зардап шеккен. Бұдан кейін батырлар Аллеясын жаяу аралап өтіп, Арыс қаласының ақсақалдарымен кездесті. Жергілікті қариялар өз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

«Құрылыс сапасын тұтынушы білер. Бастысы – халық ризашылығы. Осының бәрі тірліктің көзін тауып, басқарып отырған басшыларыңыздың арқасында», – деді «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Арыс ақсақалдарымен кездесу кезінде.

Сондай-ақ Өмірзақ Шөкеев пен Ахметжан Есімов толықтай жаңартылған теміржол вокзалында болып, күрделі жөндеуін тексерді. Арыстықтар аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев пен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасын 1200 орындық жаңа стадионда өтетін доп додасында қарсы алды. Өмірзақ Шөкеев пен Ахметжан Есімов жас спортшылармен бірге футбол алаңында доп теуіп, ойынды ашып берді.

Айта кету керек, «Самұрық-Қазына» Әл-ауқат қоры қаладағы 68 нысанды қалпына келтіруге қол ұшын созып, 53 білім беру нысаны, 8 денсаулық сақтау, 4 спорт, 3 қоғамдық орын нысандарын толық жөндеуден өткізді. 16 мектеп жаңа жиһазбен қамтамасыз етілді. Бүгінде 64 нысан ел игілігіне берілді. Тағы 4 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Түркістан қаласындағы 7 әлеуметтік жоба да қор қолдауында. Олардың құрылысымен танысқан «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы, Оқушылар сарайы, 7000 орындық стадион, Конгресс орталығы, Қ.А.Ясауи мұражайы мен амфитеатрда болды.

Ахметжан Есімов пен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Оған Түркістан облысын газдандыру, энергетика кешені мен электрондық сауда мен пошта желісін дамыту, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, Smart City дамыту және облыста әлеуметтік нысандарды салу сияқты 9 бағыт кіреді. Жоба ақылды қала (Smart City) Арыс және Түркістан қалаларын сервистік үлгі бойынша дамытуға арналған. Осы бағдарлама аясында Қор Түркістан облысындағы 97 мектеп пен ауруханаға дейін талшықты-оптиалық байланыс желісін және радиожелілерді салуды және Арыс қаласындағы 12 мектепте, 2 ауруханада, 2 балабақшада 400 бейнебақылау камераларын және 50 WiFi нүктесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, өңірдегі энергетикалық кешеннің даму тақырыбы сөз болды. Жақын уақытта қуаты 220кВ жаңа қосалқы станцияның құрылысы жүзеге аспақ, оған кернеуі 110 кВ жергілікті тарату электр желісі қосылатын болады.

«Бұл дайындалған меморандум алдағы уақытта өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және халықтың әл-ауқатын көтеруге өз септігін тигізеді деп сенеміз», – деп атап өтті Өмірзақ Шөкеев.

Меморандумның басым бөлігі сатып алу мәселесіне, атап айтқанда импорт алмастыру және жергілікті қамтуды дамытуға арналды. Қор ұзақмерзімді келісімшарттар жасасу арқылы Түркістан облысында жаңа өндірістерді құруды көздейтін жобаларға қолдау көрсетеді. Әкімдік өз тарапынан жаңа өндірістер құру бойынша жобаларды іріктеуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, тараптар Түркістан облысының әлеуметтік саласының мәселелерін талқылады. Қор БЦП бар балаларды оңалту бағыты бойынша әлеуметтік мәселелерді шешуге, инкюзияны қолдау кабинеттерін материалдық-техникалық жарақтандыруға, салауатты өмір салты мен спортты танымал етуге 7100-ден астам адам қаржылай қолдау көрсетеді. Сөз соңында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев «Самұрық-Қазына» қорына аймақтың дамуына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды