- Басты
- «Бәйтерек» холдингі ресейлік серіктестермен ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда
«Бәйтерек» холдингі ресейлік серіктестермен ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов ресми делегация құрамында Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің қатысуымен Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының XVI Форумына қатысты.

Форум инвестиция тарту, бизнес-байланыстарды орнату, сондай-ақ Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктерін арттыру үшін тиімді алаңға айналды.
Осы іс-шара шеңберінде холдингтің компаниялар тобы отандық және ресейлік кәсіпорындармен ынтымақтастық туралы бірқатар құжаттарға қол қойды.
Осылайша, «KazakhExport» ЭСК» АҚ қазақстандық тауарлардың Ресей нарығына экспортын қолдауға бағытталған «KPS Steel» Сауда үйі (мұнай-газ саласы үшін жіксіз болат құбырлар өндіретін қазақстандық кәсіпорын) және «Контрол Лизинг» ЖШҚ (Ресей автолизинг компаниясы) компанияларымен келісімге қол қойды.
«Москоммерцбанк» КБ-мен (РФ-дағы Қазақстан Халық банкінің еншілес құрылымы) қол қойылған ынтымақтастық туралы келісім «KazakhExport» ЭСК» АҚ-ға «сауданы қаржыландыру» құралын іске асыруда тараптардың өзара іс-қимылын күшейтуге мүмкіндік береді.
«Даму» КДҚ» АҚ «Ресей шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау Банкі» АҚ-мен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Қол жеткізілген келісімдердің арқасында тараптар қаржы-кепілдік және ақпараттық-маркетингтік қолдауды және тәжірибе алмасуды қоса алғанда, кәсіпкерлерді қолдау шараларын іске асыруда ынтымақтасуға ниетті.
Сонымен қатар, форум барысында «Даму» Қоры «Әйел кәсіпкерлігі креативті экономика өсуінің драйвері ретінде» атты панельдік сессиясының үйлестірушісі болды.
-
COVID-19: Аустралия жыл соңына дейін шекарасын ашпайды, Бразилия ресейлік вакцинаны тіркеген жоқ
-
Қазақстанда балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі жоспары жасалды
-
Үгіт насихат жұмыстары: Партиялардың сайлауалды штабтары кездесуді жалғастыруда
-
Қазақстанда Мұнай-газ машинасын жасауды дамытудың халықаралық орталығы құрылады
-
Қазақстан және ЕАЭО: ынтымақтастықтың Қазақстан үшін тиімді жақтары қандай
-
Тоқаев: Қазақстандық делегация ресейлік вакцинаны сатып алу мәселесін талқылау үшін Мәскеуге барады
-
Ресейлік дәрігерлер Қазақстанға COVID-19 індетімен күресуге келді
-
Ө.Шөкеев: Ауыл шаруашылығы саласын дамытудың басым бағыттары айқын
-
Мақтаарал: Оқушылар қашықтан оқу жүйесін жалғастыруда
-
«Бәйтерек» холдингі төтенше жағдай кезінде бизнеске қандай қолдау көрсетуде
-
Жыл басынан бері 37 қазақстандық экспорттаушы «Бәйтерек» холдингінен қолдау алды
-
Қазақстан мен Хорватия ынтымақтастықты дамытуда
-
Салық конвенциялары екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты күшейтуге ықпалдасады– Ә.Смайылов
-
Өзбекстан қазақстандық бидайдың ірі сатып алушысының позициясын ұстап тұруды жалғастыруда
-
Қазақстан мен Германия ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын анықтады

