- Басты
- Жаңалықтар
- «ҚазТрансОйл» мұнайдың коммерциялық есебін басталды
«ҚазТрансОйл» мұнайдың коммерциялық есебін басталды
Қазақстан аумағында орналасқан «Өзен-Атырау-Самара» мұнайқұбырының 1235 шқ қабылдау-тапсыру пунктінің (ҚТП) мұнай сапасының көлемі мен көрсеткіштерін өлшеу жүйесі (МПККӨ) бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ «Өзен-Атырау-Самара» магистральді мұнайқұбыры арқылы экспортқа тасымалданатын қазақстандық мұнайдың коммерциялық есебі басталды.
Осыған дейін есептік операциялар «Транснефть» ЖАҚ тиесілі «Самара» ҚТП (РФ) орналасқан МПККӨ арқылы жүргізілді. Осы арқылы екі мұнай көлігі компаниялары совет үкіметі кезеңінен келе жатқан күрделі мәселені шешті.
Экспортқа тасымалданатын қазақстандық мұнайдың коммерциялық есебін жүргізетін құралдың елімізден тыс орналасуы қазақстандық кеден органдарының жұмыстарын біршама қиындатты. ҚР Кедендік реттеу туралы Кодексіне сай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін, құбыржол көлігімен өткізілетін тауарларды кедендік декларациялау кезінде жөнелтуші ел есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін пайдалануы тиіс. Қазақстан аумағында МПККӨ құрылысы мен іске қосуының арқасында тасымалданатын қазақстандық мұнайдың кедендік бақылауы қамтамасыз етілді, соған қоса ҚР/РФ шекарасның аумағынан «Самара» ҚТП дейін «Транснефть» ЖАҚ магистральді мұнай құбыры жүйесінде орын алуы мүмкін шығындарды жоюға мүмкіндік берді.
«Қазақстан аумағында «Өзен – Атырау – Самара» мұнайқұбырының 1235 шқ ҚТП МПККӨ құрылысы мен іске қосылуы «ҚазТрансОйл» АҚ және «Транснефть» ЖАҚ бұрынан жалғасып келе жатқан берік серіктестіктің арқасында, сондай-ақ қазақстандық және ресейлік кеден қызметтерінің белсенді әрекеттерінің нәтижесінде қол жеткізілді. ҚТП «адамсыз технология» бойынша жоспарланып, жүзеге асырылды. ҚТП құрал-жабдықтары 85 шқ қашықтықта орналасқан «Үлкен Шаған» мұнай айдау станциясынан динстанциялық түрде бақыланып, басқарылады», - деп атап өтті «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры Димаш Досанов.
Тасымалданатын мұнайдың сапасын анықтау үшін «Үлкен Шаған» МАС-та химиялық-сараптамалық зертхана салынды. «Транснефть» ЖАҚ өкілдері үшін химиялық талдау лаборанты мен тауарлық операторы сынды жұмыс орындары жеке ұйымдастырылды.
МПККӨ 2017 жылдың 12 қаңтарында Қазақстан Республикасының өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйенің реестріне енгізілді.
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды -
EdTech: Қазақстандық білім беру технологиялары форумына тіркелу басталды -
«URKER-2021» Ұлттық бәйгесіне қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды -
Жамбылдағы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне дауыс беру басталды -
Astana Hub: Invest Day-ге өтінім қабылдау басталды -
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды -
Елімізде коронавирусқа қарсы вакцинациялау науқаны басталды