- Басты
- «ҚазМұнайГаз» бен «ЛУКОЙЛ» келісімге қол қойды
«ҚазМұнайГаз» бен «ЛУКОЙЛ» келісімге қол қойды

Қол қою рәсімі В. Алекперовтың Алматы қаласына сапары барысында орын алды. Қос компания ынтымақтастықтың негізгі шарттары бойынша келісіп, Қазақстан Республикасы аумағындағы кейбір учаскелердің көмірсутекті әлеуетін бағалау мақсатында бірлескен геологиялық зерттеу жүргізуге дайын екендігін білдірді.
««ҚазМұнайГаз бен ЛУКОЙЛ-ды өзара тиімді серіктестік қатынастар байланыстырады. Бүгін қол қойылған келісім – осы серіктестігімізді ілгерілетудің келесі қадамы. Қос компанияның тәжірибесі мен жігерінің ұштасуы бірлескен зерттеу жұмыстарын жүргізуге және еліміздегі мұнай-газ саласының тұрақты дамуына оң әсерін тигізетініне сенімдімін», - деді А. Айдарбаев.
ҚМГ мен ЛУКОЙЛ «Қарашығанақ», «Теңіз», «Құмкөл» ірі мұнай жобалары, сонымен қатар «Каспий Құбыр Консорциумы» мұнай тасымалдау жобасы бойынша стратегиялық серіктестер болып табылады.
Айта кетейік, 2019 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, ҚМГ және ЛУКОЙЛ арасында «Жеңіс» теңіз жобасында көмірсутегі шикізатын барлау және өңдеу туралы келісімшартқа, ал маусым айында «I-P-2» жобасы бойынша Қағидаттар туралы келісімге қол қойылды. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – көмірсутектерді барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ акцияларының 90,42%-ы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға және 9,58%-ы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне тиесілі. «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ — дүниежүзі бойынша тігінен біріктірілген әрі жеке меншік жетекші мұнай-газ компанияларының бірі. Оның үлесіне әлемдік мұнай өндірудің 2%-нан астам көлемі және дәлелденген көмірсутек қорының шамамен 1%-ы тиесілі.
-
Дін көшбасшыларының тұрақты әлем дамуына қол жеткізудегі рөлі қандай
-
61 мыңға жуық қазақстандық зейнетақы аннуитеті шартына қол қойған
-
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді
-
2021 жыл - «Балалардың кітап оқуын қолдау» жылы: атқарылатын жұмыстар
-
Президент тапсырмасы: Қазақстан үкіметі қандай шараларды қолға алды
-
Жаңа әліпби: «Бұл әліпбиді орфографиялық жұмыс тобының 95%-ы қолдады»
-
Тоқаев жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
-
Зейнеткер және қандас куәліктері енді eGovMobile қосымшасында қолжетімді
-
Қазақстанның әскери ғылымы: іс жүзінде қолдануға арналған бағыт
-
Қазақстан халқы оппозициялық күштерді неге қолдамайды? Сарапшы пікірі
-
ҚР экономикасы: Экспорт, импорт, инвестиция және экономиканы қолдау шаралары
-
Антикор мен «Әділдік жолы» бірлестігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
-
ШОБ-ты қолдау: салықтық ынталандыру, әкімшілік жүктемені азайту, қызметтерді электронды форматқа көшіру
-
Ақмола облысында бизнеске қолайлы орта қалыптасқан: Қаржыландырылған бизнес жобалар саны 3 есеге өсті
-
Павлодар облысындағы ШОБ-ты қолдау шаралары мен әлеуметтік-экономикалық ахуал

