• Басты
  • Қазір ауылдарда бір мұғалім 3-4 пәннен сабақ береді – Қ.Тоқаев
27 Мамыр, 2020 12:46

Қазір ауылдарда бір мұғалім 3-4 пәннен сабақ береді – Қ.Тоқаев

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында қала мен ауыл мектептері арасындағы айырмашылық PISA мәліметі бойынша 1,5 жылды құрап отырғанын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
   Қазір ауылдарда бір мұғалім 3-4 пәннен сабақ береді – Қ.Тоқаев
«Барлық балалар әлеуметтік жағдайы мен мекен-жайына қарамастан сапалы білімге қол жеткізулері керек. Бірқатар елдерде осы сынды тенденция бар. Бұл жерде жағдайға шынайы қарап, шаралар қабылдауды жалғастыру керек. Ол үшін ауылда аз қамтылған мектептерді білікті мамандармен қамту қажет», - деді Президент.

Сонымен қатар, Президент ауылдық мектептерде кездесетін проблемаларға тоқталды.

« «Дипломмен ауылға» бағдарламасын қабылдағанымызбен жастар ауылға барып жатқан жоқ. Қазір аулдарда бір мұғалім үш-төрт пәннен сабақ береді. Бір сабақта әртүрлі жастағы балалар бірге оқып оқуға мәжбүр. Ауыл ұстаздарына еңбекақы төлеу жүйесінде осы мәселе ескерілмейді. Бұл ахуалды біртіндеп түзету керек. Мектеп жанындағы интернеттардың жұмыстарын жетілдіру аса қажет. 2025 жылға қарай 11 мың орынға арналған 100-ден аса интернат салынуы керек. Білім беру мекемелеріндегі балалардың қауіпсізідігі өте өзекті мәселе. Менің тапсырмам бойынша әкімдер барлық мектепті бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, заманауи санитарлық талаптарға сай жағдай жасайды. Бұл шара жыл соңына дейін жүзеге асырылады», - деді Қ.Тоқаев.
Фото: ашық дереккөз
ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды