• Басты
  • «ҚазАгро» реформалау жұмыстарын қалай жүргізіп жатыр
6 Қараша, 2019 16:49

«ҚазАгро» реформалау жұмыстарын қалай жүргізіп жатыр


«ҚазАгро» реформалау жұмыстарын қалай жүргізіп жатқаны туралы Холдингтің басқарма төрағасы Ербол Қарашөкеев айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz.
 «ҚазАгро» реформалау жұмыстарын қалай жүргізіп жатыр
«ҚазАгро» АҚ 12-ші жыл жұмыс істеп келеді. Осы 12 жылдың ішінде соңғы 3 жылда ол шығынға ұшырады. Бұл біздің «Агробизнес-2020» бағдарламасын қайта қаржыландыруға қатысудың нәтижесінде орын алды. Ауыл шаруашылығы өндірушілерінің екінші дәрежелі банктерден алған борышын жабуға жәрдемдестік. Осы орайда біз доллар мен еурода қарызға алып, теңгемен тараттық. Осы сынақты «ҚазАгро» 2017 жылы өзіне алды.Сондықтан да, доллар бағамы өзгерген кезде шығынды өзімізге алдық», - деді Е.Қарашөкеев.

Сондай-ақ, «ҚазАгро» АҚ төрағасы айтып өткендей, өткен жылдың қорытындысы бойынша 3 жылда жиналған шығын 400 млрд теңге екенін айтты.

«Егер «ҚазАгроны» жеке алатын болсақ, ол 180 млрд теңгені құрады. 2020 жылдан бастап холдингті реформалау бағдарламасын қабылдадық. Біз қысқарып жатырмыз. Тек қана тиімді несиелендіретін еншілес компанияларды қалдырамыз. 2020 жылдың қорытындысы бойынша,2021 жылдың 1 қаңтарында «ҚазАгро» шығынсыз деңгейге шығады деп күтудеміз», - деді ол.

Сонымен қатар, ол Президенттің тапсырмасы бойынша холдингтің тиімділігі бойынша жұмыстар жүріп жатқанын атап өтті.

«Бізде 7 еншілес компания болды. Оның ішінде, «ҚазАгро Маркетинг» деген компанияны қысқарттық. Жылдың аяғына дейін 3 компанияны қысқартамыз деп отырмыз. Келер жылдың 1 тоқсанында тағы бір компанияны қысқартып, 7 компанияның 3 қалады деп жоспарлап отырмыз. Қызметкерлер санына келсек, келер жылдың 1 тоқсанында мыңнан астам адамды қысқартамыз деп жоспарладық», - деді ол.

Сонмен қатар, Е.Қарашөкеев «ҚазАгро-ның» ішкі қарызы 700 млрд теңге екенін жеткізді.

«Ол борышты тоқсан сайын төлеп, өзіміз өтеп жатырмыз. Қайта қаржыландыру жасаған кезде Ұлттық қордың (БЖЗҚ) 560 млрд теңгесін алдық», - деді ол.

Сонымен қатар, ол шетелдік менеджментті тарту жұмыстары да жүзеге асырылып жатқанын айтты.

«Бізде Директорлар кеңесінің құрамы өзгеріп жатыр. Бұл мамандар халықаралық ұйымдардың басшылықтары деңгейінде.Қазір бұйрық жобасы басталды, енді рәсімдеу жүргізіліп жатыр.Қарашаның соңына дейін олар «ҚазАгро» басқармасына енеді деп ойлаймын. Оның ішінде Вайнштейн мырза бар. Ол Еуропалық даму және қайта құру банкінің басшылығында көп жылдар бойы жұмыс істеді. Қазақстан үшін жауап берген еді, қазір стратегия үшін жауап беріп отыр. Сондай-ақ, Стээнфорд университетінің профессоры Абрамов бар. Ол корпоративтік қаржы саласындағы танымал маман.Оған қоса, Й.Бродерсен Қазақстан және неміс диалогының өкілі. Ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибесі өте мол. Осы үш ірі маман Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелері болып, кәсіптік комитетерді басқарады», - деді ол.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды