- Басты
- «ҚазАгро» мен Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы меморандумға отырды
«ҚазАгро» мен Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы меморандумға отырды
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде «ҚазАгро» Ұлттық холдингі және «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды. Маңызды құжатқа ұйым басшылары Ербол Қарашүкеев пен Төлеутай Рахымбеков қол қойды.
Меморандумның мақсаты - республиканың агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін ортақ тәжірибе мен мүмкіндіктерді біріктіру.
«ҚазАгро» Ұлттық холдингі және «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ бірігіп жаңа технологияларды зерттеу, анықтау және сараптау, шетелдік технологиялар трансферті, сынақтан өткізілген технологиялар мен жеткізушілердің тізбесін жасау, қазақстандық аграрлық ғылыми өнімді әлемдік және өңірлік нарыққа шығару, біліктілікті арттыру бойынша оқыту семинарларын өткізу саласында жұмыстар жүргізетін болады.
Сондай-ақ, қос тарап технологиялық міндеттерді қалыптастыру, технологиялық трендтерді анықтау және агробизнестің тиімділігін арттыруға ықпал ететін ұсыныстарды әзірлеу бағытында ынтымақтастықпен іс-шараларды өткізуге келісті.
Меморандумға сәйкес тараптар қаржыландыру мақсатында АӨК үшін инновациялық технологиялар тізбесін бірлесіп анықтау, бекіту, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің жаңашыл жобаларын ғылыми сүйемелдеу, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталықтарында оқудан өткен фермерлерді қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру, «ҰҒАБО» КеАҚ талдау порталы қажет мәліметтер мен ақпарат алмасу сияқты басқа да бағыттар бойынша ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Сонымен қатар, қос ұйым алдағы уақытта «Шаруаларға қамқорлық орталығы» бірлескен жобасын құру мүмкіндігін қарастырды.
Атап айтсақ, бұл меморандум ұзақ мерзімге жасалды, ал онда көрсетілген іс-шаралар ресми құжатқа қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
-
COVID-19: Чехияда төтенше жағдай 14 ақпанға дейін ұзартылды, ал Португалия Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатпақ
-
Экономист: Ел экономикасының қайта қалпына келуі үшін шамамен 3-5 жыл керек
-
«Қызыл» аймаққа кірген өңірлер мен блок-бекеттер саны артты
-
Елордада кафелер мен мейрамханалар қалай жұмыс істейді
-
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ»
-
Сағынтаев Алматы қалалық мәслихатының жаңа депуттарымен кездесті
-
БЖЗҚ комиссиясы төмендетілді
-
Парламент Мәжілісі төрағасы сайланды
-
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы
-
Тоқаев: Парламент қоғамдағы даулы мәселелерді шешетін орынға айналу керек
-
Қ.Тоқаев Парламенттің VII шақырылымының алғашқы сессиясын ашты
-
Сайлау науқанында барлық партияның дайындығы мен белсенділігі көрінді. Сарапшылар пікірі
-
Мәжіліс депутаттары куәліктері мен төсбелгілерін алып, өкілеттілікті бастады
-
Халықты ауыз сумен қамту: Заң жобасына қандай өзгерістер мен түзетулер енгізілді
-
Тоқаев жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

