• Басты
  • Қазақстанның әлемдік азық-түлік хабына айналу мүмкіндігі бар – А.Мамин
26 Мамыр, 2020 09:40

Қазақстанның әлемдік азық-түлік хабына айналу мүмкіндігі бар – А.Мамин

Қазақстанның әлемдік азық-түлік хабына айналуына нақты мүмкіндігі бар. Бұл туралы Премьер-Министр Асқар Мамин Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
 Қазақстанның әлемдік азық-түлік хабына айналу   мүмкіндігі бар – А.Мамин

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр жалпы егіс науқанының жылдамдығы оңтайлы екенін атап өтті.

«Тұқым, техника, жанармаймен қамтамасыз етуден проблемалар жоқ. Карантиндік жағдайында фермерлердің сервистік серіктестілігі мен жабдықтармен қозғалуы жедел шешілді. Әкімдіктер жеткізудің уақытылы болуын ғана емес, дизель отынының сапасын да бақылауда ұстануы керек. Жеке тұлғалардан облыстық операторлардан жеткізу шығындары бар. Дала жұмыстарын бақылау тұрақтанған кезде жүзеге асырылады», - деді ол.

Өз кезегінде Асқар Мамин көктемгі-егіс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы жүргізу еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басты элементі болып табылатынын айтты.

«Көктемгі–егіс жұмыстарын қаржылай және материалдық техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін мемлекет барлық қажетті шараларды жүзеге асырып жатыр. Мемлекет басшының тапсырмасы бойынша биыл көктемгі –егіс жұмыстарын жүргізуге бөлінген қаражат көлемі екі есеге ұлғайтылды. Мұның өзі ауыл шаруашылығы жұмыстарын толық мөлшерде жүргізуге өсімдік, шаруашлығы мен жалпы өнім шығаруды 3,1 трлн теңгшеге жеткізуге мүмкіндік береді», - деді ол.

А.Мамин БҰҰ жанындағы азық-түлік және ауыл шаруашлығы ұйымының болжамы бойынша Қазақстан АӨК саласындағы әлеуеті жоғары АҚШ,Бразилия, Австралия, Аргентина елдерінің қатарында және әлемдік азық-түлік хабына айналуына нақты мүмкіндігі бар.

«Бұл орындалатын міндет екенін атап өтемін. Мысалы, Түркістан облысында таяудағы 4 жылда ауыл шаруашылығы өнімдерін 3 есеге ұлғайту бойынша жоспар бар. Мемлекеттік қолдау аясында заманауи суару технологияларын қолдану арқылы суарылатын учаскелерді кеңейтуге және алынатын өнім көлемін арттыруға назар аударылады. АШМ министрі әкімдермен әр өңір бойынша ауыл шаруашылығы саласының ерекшелігін ескеріп, АӨК кешенді жоспарының жаңа тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын», - деді Премьер.

Оның айтуынша, биыл жақсы өнім алуға ауа райы қолайлы болатыны туралы болжам бар екенін атап өтті.

«Дегенмен, өнімнің жақсы шығуына агротехнологиялардың сақталуы, сапалы тұқымды пайдалану, тыңайтқыштарды қолдану да әсер етеді. Өңірлердегі тыңайтқышты қолдануды белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс. Бұл бағытта мемлекет те айтарлықтай қолдау көрсетіп отыр. Тыңайтқыштар мен пестицидтерді алуға жұмсалатын шығынның 50 пайызғына дейін субсидия береді. Өңірлер әкімдеріне егін егу жұмысын сапалы орындап, тыңайтқыштарды қолдану көлемін енгізілген нормалар бойынша ұлғайтуды тапсырамын», - деді ол.

Сондай-ақ, А.Мамин Ұлттық экономика мен Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ұлттық банкпен бірігіп «қарапайым заттар экономикасы» аясында қаражат пайдалну мәселесін кеңейтуді тапсырды.

Фото: ашық дереккөз

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды