• Басты
  • Қазақстанның демографиялық серпілісіндегі сын-қатерлер мен негізгі трендтер
27 Наурыз, 2020 11:01

Қазақстанның демографиялық серпілісіндегі сын-қатерлер мен негізгі трендтер

Батыс мемлекеттері демографиясындағы үрей егде жастағы адамдар саны ұлғаюымен байланысты және осы процес ұлттық саясатты қайта құрылымдауды талап етеді. Қартаюдан туындаған проблемалар бүгінде ұлттық қауіпсіздіктің нысанына айналып, еуропалық мекемелер жүйесі қартайған халыққа қызмет көрсетуге басымдық берді. Ал Қазақстан биылғы жылы кезекті Халық санағын жүргізуге дайындық үстінде. Бұл ретте республикадағы демографиялық ахуалдың ағымдағы жағдайын зерделеуде қандай өзгерістер динамикасын байқауға болады? Тәуелсіздік рухындағы «халықтың қайта жандану» үлгісін қарап, демографиялық құнарлығына назар аударамыз.

 Қазақстанның демографиялық серпілісіндегі сын-қатерлер мен негізгі трендтер

Демографиялық өзгерістің Қазақстанға әсері

Демографиялық өзгерістер еңбек нарығы, мәдени сәйкестілік пен азаматтық келісім, әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы гендерлік тепе-теңдік, өмір сапасы және жаһандық адами капиталға қатысты мәселелермен байланысты.

2023 жылы демография саласының негізгі оқиғалары қатарында әлемдегі халық саны 8 млрд. адамға дейін артып жығылады, бірақ                             2027 жылдан бастап Еуропада халық санының қысқаруы басталатындығы                туралы болжамдар бар. Жаһандық деңгейдегі өзгерістерді кейс ретінде қарастырсақ, 2000-2006 және 2007-2013 жылдар аралығында «Keep» дерекқорында «демографиялық өзгеріс және көші-қон» деген сөзбен 236 жоба анықталған. Қартаю осы жобалардың басты назарын аударады. Жобалардың едәуір саны ауылдық жерлерде және қысқаратын аудандар мен қалаларда демографиялық құлдырауға қатысты.

1 кесте.jpg

   Жоғарыда ұсынылған кестеге сәйкес шетелдік зерттеуші Е. Щербакова «халықтың қартаюын жаңа құбылыс деп атауға болмайды, бірақ бұл алдағы онжылдықтарда қарт адамдардың, әсіресе, ең үлкен жастағы адамдардың (80 жастан асқан) үлес салмағы тұрақты және тез өсетін кезде маңызды болады», - деп түйіндеген.

Қазіргі Қазақстанның еңбекке қабілетті мүмкіндігін 16-62 (57) жастағы азаматтар (10 746 255 адам) құрап отыр (). Оның ішінде басымдық Алматы қаласы, Алматы облысы және Оңтүстік Қазақстан өңірлеріне тиесілі.

Статистика комитеті ұсынған 2010 және 2016 жылғы деректерді сұрыптай отырып, жоғары өсім 0-15 жас аралығында орналасқан. Олардың жынысы бойынша санында да үлкен алшақтық жоқ. Бұл ретте жасөспірімдердің сапалы білім алуы республиканың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін күшейте түспек.

2 кесте.jpg

Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді. 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 10 сыныптарда вариативті оқу жоспары есебінен «кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні енгізілді. Білім алушылардың кәсіптік қабілеттерін сұрыптау өз алдына жаңа кәсіби кадрларды талап ететіндігін ескеру міндет. Осы бағытта Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Нұр-Сұлтанда «кәсіпкерлік негіздері» пәні шеңберінде мұғалімдерді оқытып, арнайы қысқа мерзімді курстарды                    111 педагог, мектеп, колледждер және жоғары оқу орындарының оқытушылары өтеді. Осыған қоса «Өрлеу» желісінде педагогтардың біліктілігін арттыруды ескерсек бұл бағыттағы түрлі құрылымдар тиімділігі бірегей оқыту факторына емес, мемлекет қаражатын «игеруге» негізделгендігін атап көрсетуге болады.

3 кесте.jpg

               Соңғы 10 жылда халық санының қарқынды өсуіне қала аумағына жақын орналасқан аудандар елді мекендерінің қосылуы әсер етті. Нәтижесінде Шымкент қала аумағының 116 280 га дейін ұлғаюына әкеліп, халық саны 1,0 миллионнан асты» (Шымкент қаласын дамытудың және құрылысын салудың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспары.Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 498қаулысы //). Мұндай жағдайда қала аумағына жақын орналасқан елді мекендердің оңтүстік өңірлерде көп шоғырлануы (қашықтық 100 км. дейін) инфраструктуралық дамуға мүмкіндік берсе, Қазақстанның батыс аймағында қала мен елді мекен алшақтығы (қашықтық 150 км. артық) ауыл өмірі коммуникациясын құлдырата түседі. Бұл орайда ауылдар санының азаюы ресурстардың жеткіліксіздігінен туындап отырғандығын анықтауға болады. Осы процестерді басқаруда демографиялық өзгеріс жағдайындағы жергілікті және өңірлік биліктің нақты міндеттерін түсіну үшін өңірлер мен елді мекендер арасындағы кіріс айналымын ескеру маңызды.

   Урбанизацияны басқару және бірыңғай тұрғын үй саясаты

          Қазақстан-2050 Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытында «орталықсыздандыру – ең алдымен мемлекеттік басқару жүйесінің сапалық өзгерісі, мәселелерді жергілікті деңгейде шешу жүйесін өзгерту» қажеттігін анықтады . Бұл бағытта «Астана мәртебесі туралы» және «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңдар қабылданды. Олардың мәртебесін бекіту тікелей шоғырланған халық санының өсімі мен урбанизация процесі қарқынына сәйкестелді.

          Қазақстандағы жалпы өсімнің артуы қала халқы есебінен еселеніп отыр. Бұл ретте 2020 жылғы 1 қаңтарына сәйкес жалпы өсім қарқыны Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларына тиесілі. Нұр-Сұлтан қаласында табиғи өсім 2 059 адамды құраса, көші-қон айырымынан 2 550 адам қосылып, барлығы 4 609-ға жетті. Алматы қаласында көші-қон айырымы 3 750, табиғи өсім 1 889 адамды құрады. Жалпы есепте 5 575 адаммен халықтың жалпы өсімі Алматы қаласы үлесінде орналасып отыр. Ауыл халқы бойынша Алматы, Түркістан, Маңғыстау өңірі көш бастайды. Дегенмен ауыл халқы бөлінісінде Түркістанда көші-қон айырымы -2 072, Алматы - 1 011 адамды құрады. Мұндай көрсеткіштердің тұрақты балансының сақталмауы адами ресурстар әлеуетінің азаюы мен ауыл мәдениетінің құлдырауына жол ашады. Сондықтан да ауыл халқының ортақ мүмкіндігін өскен ортасына пайдалануда Рухани жаңғыру бағдарламасы шеңберінде «Туған жер» жобасы қарастырылған.

 4 кесте.jpg


          Статистика комитетінің дерегіне сәйкес Қазақстан Республикасының халық санағы 2000 жылы 14 901 641-ден 2019 жыл бойынша 18 395 567-ге өсті. Осы ретте Республиканың солтүстік аймағындағы Павлодар қаласының саны 2000 жылмен салыстырғанда 2019 жылы 40 000 адамға азайса, едәуір кему Солтүстік Қазақстанда тіркелді (2000 жылы 713 628, 2019 жылы 563 300 адам). Қостанай облысында 2000 жылы 988 787-ден 2019 жылы 879 134 адамға кеміді. Сондай-ақ Шығыс Қазақстанда да 2000 жылы 1 516 785-тен 2019 жылы 1389 568 адамды құрады.

2000 және 2019 жыл статистикасын салыстырғанда Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан (Шымкент республикалық маңызы бар қала статусына дейін) облыстарында ерекше халық санының өсуі бар. Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін беру өңірдің агломерациясын аумақтық дамытуды өзектендірді. Урбанизация процесінің жоғары қарқынмен кеңеюі республикадағы қалалар халқының табиғи азаюын төмендетіп отыр. Challenges Summit-2018 фо­румында Елбасы Н. Назарбаев қазақстандық қалалардың дамуы туралы сөз қозғап, инвестиция үшін күре­сетін ең жақсы ақыл-ойлар, тех­но­логиялар және оған барлық қа­жет­ті жағдайларды жасайтын м­егаполистер дәуірі туаты­нын атап айтты . Осы бағытта аймақта қалыптасқан қазіргі «Тұрғын үй саясаты/экономикасы» тұрғындар мен қонақтарды қызықтыратын ресурсқа айналып отыр.

Қазақстанда халықтың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі 2005 жылдан бері 20 %-ға өсті және 2017 жылға қарай бір адамға шаққанда 21,4 шаршы метрді құрады. БҰҰ-ның әлеуметтік стандарттарына сәйкес өмір сүру сапасын қамтамасыз ету үшін бір тұрғынға кемінде 30 шаршы метр тиесілі болуға тиіс. Бүгінгі күні Қазақстанда тұрғын үй жылжымайтын мүлкіне сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен едәуір артық және халықтың көші-қоны, демографиялық ахуалдың жақсаруы, урбандалу сияқты факторлар сұранысты арттырып отыр (Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер"мемлекеттікбағдарламасы// .

«Нұрлы жер» бағдарламасының сандық деректері бойынша Қазақстан халқының саны 2015 жылдан бастап 4,5% артып, 2018 жылғы 1 ақпанда урбандалу деңгейі шамамен 57,4 % құрайды.

5 кесте.jpg

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсының дерегі бойынша қазіргі кезде әкімдіктердегі тұрғын үй кезегі 3,5 есе өскен ( 2012 ж. 1 қаңтарда — 147 мың, 2019 ж. 1 шілдеде — 512 мың адам). Бұған демографиялық процестер, кенттену және тұрғындардың еңбек көші-қоны себеп болып отыр. Орта есеппен алғанда, сұраныс жыл сайын 50 мың адамға өсуде, ал әлеуметтік тұрғын үй 20 мың адамға берілуде

Мемлекеттік билік заманауи жаһандық ахуалда «ұлттық бірлік – әлеуметтік бірлік», ал «қалыптасқан мемлекет – әлеуметтік мемлекет» қағидасын қолданып келеді. Мемлекеттің титулды этносын құрайтын қазақтарды алаңдатқан «жер туралы» мәселе шеңберінде заңнамаға енгізілу көзделген жоба шапшаң этно-ұлттық жұмылдыруға жол ашып, Семей, Атырау, Ақтөбе, Шымкент қалаларында халықтың талаптары көрініс тапты. Осыдан кейін билік жер кезегін жүргізуді бақылауға алуға мәжбүр болды. Осы тұрғыдан әлеуметтік желідегі қоғамдық пікірдің жиынтығынан қазақ этносы арасында жердің экономикалық категория емес, саяси-тарихи мазмұнда қарастырады және сакралдық түрде сақталынғанын пайымдауға болады.

Жер мәселесіндегі наразылықты есепке алған элита үндеу/жолдауда сакралдылықты қозғайды және әлеуметтік көңіл-күй жағдайын дәстүрлілік сеніммен тұрақтылық арнасына ауыстыруға ұмтылады. Осы тұрғыда демографиялық өзгерістердегі қоғам құндылықтарының төмендеуі мен адамгершілік қатынастар арасында өзара түсінбестік қалыптасуда.

 

Көші-қон процесін үйлестіру

2019 жылғы 1 жартыжылдықта Қазақстанда ішкі мигранттар саны 525,4 мың оның ішінде аймақаралық және аймақтық көші-қон сәйкесінше 197,4 мың және 328,0 мың адамды құраған. Жас топтары бойынша аймақаралық көші-қонда келесі көрсеткіштер бақыланды:

- еңбек етуге қабілеті бар – 133,8 мың адам (67,8%)

- балалар – 55,4 мың адам (28,0 %)

- зейнеткерлер – 8,2 мың адам (4,2%) (ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын ілгерілету жөніндегі әдістемелік ұсынымдар. Нұр-Сұлтан, 2019. – 105 б.)

Көшіп қонулар кезінде мамандардың, маусымдық жұмысшылардың көші-қоны айрықша мәнге ие. Еңбек тапшылығы бар аймақтарда жұмыс күшінің теңгерімсіздігі ішкі нарыққа әсер етеді. Осы бағдарда «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы іске қосылған.

«Еңбек» бағдарламасына сәйкес халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу шараларының қатысушылары болып табылады. Бұл ретте қоныс аударушылар (ішкі көшіп-қону) және оралмандар қатысуға басым құқыққа ие . Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н. Назарбаев тапсырмасымен 2014 жылы «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Кейін «Серпін» жобасымен жүргізілген жұмыстар ішкі көші-қон дамыту, экономикалық белсенділік жоғарылату және ішкі әлеуметтік шиеленістер төмендетуге арналады.

Бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған қызмет түрлерінің географиялық шоғырлануына жол беру, мысалы, «демографиялық» қартаюдан туындаған қосымша шығындарды өтеу үшін қажетті кіріс алуға ықпал етуі мүмкін. Бұл ретте білім беру процестерін тұжырымдау өмір бойы оқытумен байланысты болуы шартты. Еңбек өнімінің теңгерімін сақтауға жастарды ынталандыра отырып, егде жастағы азаматтарды қысқа мерзімдік курстан өткізу, әлеуметтік мәдени бейімдеу оларды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді. Еңбек қызметі тұрысында бұл жалпы көрсеткіштерге және жақсартылған міндеттердің тең бөлінуіне (құзыреттілік) назар аудартады.

***

Түйіндей келе, Қазақстандағы демографиялық өзгерістердің баяу процесін анықтауға болады. Сондай-ақ республикадан кеткен және келгендер саны бір-біріне шамалас. Бұл ретте мемлекет адами ресурстарды тиімді қолданудың және өмір сапасын деңгейлі қамтамасыз ету керек. 2015 жылдан бері Қазақстан аумағынан түрлі себептермен 3 035 889 адам кетіп қалған . Көші-қон айырымы бойынша этникалық құрамға назар аударсақ этностық азшылықтар басым санды құрап отыр және олардың тарихи отанына оралуымен негізгі себептерін болжауға болады. Дегенмен Қазақстанда әлеуметтік бейімдеу және ортақ келісімге ынталандыру тетіктерінің мардымсыздығын атап көрсетуге болады. Осыған қоса, жоғарыда аталған бағдарламалар арасында өзара идеологиялық мазмұн сақталмаған. Басым бағдарламалардың идеялық құндылықтары әлеуеті анықталмаған.

«Президенттің бес бастамасы» үндеуі жаңа жаһандық төртінші индустриалды революция жағдайында Қазақстанның адами капитал сапасын нығайтуда орналасуы әлемдік мәселелермен ұлттық бәсекелесу, санасу қажеттігін көрсетті. Осы ретте рухани жаңғыру арқылы Қазақстанның саяси мекемелері мәселеге кешенді дәстүрлі тұрғыдан оралуға жүгінеді.

Сөз тіркестері бойынша «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуін контент-талдау «тұрғын үй», «»Ел бірлігі», «әлеуметтік мемлекет» – 3 реттен кездесетіндігін айғақтады. Әлеуметтік құрам бойынша «жастарға» – 1, «жастардың» – 1, «Студент» – 5 реттік қайталамада орналасты. Осыдан-ақ, ұлттық әлеуметтік жоба тікелей жастарға бағытталған деуге негіз бар. Бұл бағдарда Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынды (Қазақстан Республикасы Президенті                            Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы // . 06.10.2018). Аталған негіздер әлеуметтік өлшемдердегі әрбір ширек ғасыр мерзіміне сәйкес ұрпақтар ауысымы жүргізілетіндігін түсіндіруге жатады.

Осы бағыттағы жұмыстардың құнарлығын арттыруда келесі ұсынымдарды енгізуге болады:

Біріншіден, ішкі және сыртқы көші-қон процестерін онтайландыруда әлеуметтік бейімдеу тетіктерінің болуы және мұндай жүйенің ортақ нәтижеге жетуін бағалауы ықтимал. Бұл орайда Жұмыспен қамту орталығының қызметіне үкіметтік емес ұйымдарды жұмылдыра отырып, жобалық басқаруға көшіру. Алдағы демографиялық өзгерістерге бейімдеуде «қызмет көрсетуден» «бірлескен өндіріске» ұйымдастыру.

Екіншіден, сыртқы елдердің демографиялық ынталандыруларын қайта зерделеп, арнайы жеңілдіктерді үлесі бар азаматтарға жеткізу. Бұл бағытта «көпбалалы» секілді ұғымдарды заманауи идеялық трансформациялау керек, «әлеуметтік қамсыздандырудан» «әлеуметтік өнімділікке» өзгерту.

Үшіншіден, Қазақстан халқының белсенділік болжамын үнемі пайымдау және демографиялық серпінді тиімді инвестицияға ықпал ететіндігін ескеру қажет. Осы бағдарда жеке құжаттарды сәйкестендірумен ұлттық саясаттың символдық белгілерін жеделдету. Сонда ғана және азаматтар өздерінің мүдделерін ескеріп, олардың жалпы демографиялық қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін қосымша күш-жігерін жұмылдырған жағдайда ғана мүмкін болады.

Төртіншіден, тұрғын үй құрылысы ипотекалық кредиттеуге қолжетімділік толыққанды қамтамасыз етілмеген. Бұл ретте жоба қадамдарының шешімдік жүйеленбеуі уақытша мазмұндағы әлеуметтік көңіл-күйді басумен шектеліп отыр.

Өңір саясатында демографиялық өзгерістерді шешуге көмектесу және урбанизация қарқынын басқару үшін кірістер ағынын аймақ бөлігінде қалай ұйымдастырылатынын және уақытқа сәйкес өзгеретіндігін түсіну керек. Өз кезегінде, ұлттық экономиканың жұмыс істеуінде Қазақстан тұрғындардың өсіп келе жатқан үлесіне серпін беретін аймақтардың рөлін ескеру маңызды.

 

Нұрбек Пұсырманов

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды