• Басты
  • Қазақстандықтар ҚазАгро-ға көбінесе қай саланы қаржыландыруға жүгінеді
16 Қыркүйек, 2019 09:50

Қазақстандықтар ҚазАгро-ға көбінесе қай саланы қаржыландыруға жүгінеді

Ауыл шаруашылығының негізгі драйвері - ҚазАгро холдингі арқылы қаржыландырылған жоғары технологиялық жобалар болып табылады,деп хабарлайды Strategy2050.kz.

 

   Қазақстандықтар ҚазАгро-ға көбінесе қай саланы қаржыландыруға жүгінеді

ҚазАгро холдингінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «ҚазАгро» Басқарушы холдингі 2007 жылдан бері қосылған құны жоғары болатын жобаларды қаржыландырумен айналысады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық холдинг портфелінде жалпы құны 524 млрд теңгені құрайтын 702 жоба бар. Оның 600 жобасы табысты жұмыс істеуде, ал қалғандары іске қосылу сатысында.

   2018 жылы Холдинг қаржыландырған инвестициялық жобалар арқылы 222 млрд теңгеге өнімдер шығарылды, сонымен қатар 19 мыңнан астам жұмыс орны құрылды.

   «Инвестициялық жобалар жоғары еңбек өнімділігімен ерекшеленеді, олар 2,2 млн. теңгені құрайды. Бұл ортасалалық көрсеткіштен жоғары, себебі жалпы ауылшаруашылығында бұл көрсеткіш бір жұмыскерге 1,9 млн. теңгеден аспайды. Жоғары технологиялық жобалармен жұмыс істеу біз үшін өте маңызды. Экспорттық әлеуетті жақсартумен қатар жобалар мультипликативті әсерді де көбірек береді» - деп «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасы Ербол Қарашөкеев атап өтті.

   Ағымдағы жылдың көрсеткіші бойынша Холдинг қаржыландырған 29 құс фабрикасы жылына миллиардқа жуық жұмыртқа, 165 мың тонна құс етін  береді. 61 сүт-тауарлы фермалары жылына 234 мың тонна сүт пен сүт өнімдерін өндіреді. 52 жылыжай жылына 75 мың тоннаға жуық көкөніс өнімдерін өсіреді.

   Осы жылы ҚазАгро агроөнеркәсіп саласын қаржыландыру көлемі бойынша 2014 жылы қойған өзінің рекордын жаңалайды деп күтілуде. Сол кезде ҚазАгро 459,7 млрд теңгеге АӨК субъектілерін қаржыландырған. Ал сонымен қатар, 2019 жылдың 6 айының өзінде ақ қаржыландыру көрсеткіштері 224 млрд теңгеден асып түсті. Бұл өткен жылдың сол мерзіміндегі көрсеткіштен бір жарым есе көп. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды