• Басты
  • Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік қалай дамыды
1 Қараша, 2019 15:41

Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік қалай дамыды


Әлеуметтік бағдарланған кәсіпкерлік қызметі Қазақстанда тамырын жаюда. Аталған бағыт бүгінгі таңда АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Польша, Оңтүстік Корея сияқты шет елдерде заңнамалық деңгейде алға жылжып, белсенді дамып келеді.
 Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік қалай дамыды

Impact Hub Almaty компаниясының тең негізін қалаушы Индира Шах:- «Қазіргі кезеңде жалпы Қазақстанда кәсіпкерлік қызметі арқылы әлеуметтік проблемаларды шешудің табысты тәжірибесі байқалуда», - екендігін атап өтті.

Индираның айтуынша, Қазақстанда өз ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін алғаш рет коммерциялық қызметтерді немесе өнім шығару арқылы әлеуметтік міндеттерді шешкен ұйымдар 2000-шы жылдардың ортасында пайда болды. Сол кезде көптеген ҮЕҰ Counterpart International және USAID қолдау бағдарламасы шеңберінде өздерінің коммерциялық қызмет бағыттарын құрға болатын (бағдарламаға Намыс, ЗУБР, Жеті Ағаш жоғары білімі бар мүгедектердің қоғамдық бірлестігі сияқты ұйымдар қатысты).

 Шартты түрде, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың екінші толқыны 2010 жылдың басында Қазақстанда әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бойынша күш-жігерді біріктіруге, тәжірибе алмасуға әрекет жасалған алғашқы форумдар, конференциялар өткізілген кезеңдер. Шеврон компаниясы, Алматы Менеджмент Университеті, Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы, Орталық Азияның Еуразия Қоры, Қазақстандағы Британ Кеңесі әлеуметтік кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары мен білім беру бағдарламаларын қолға алды. Сол кезеңде Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы әлеуметтік кәсіпкерлікті реттейтін заңнамалық түзетулер мен анықтамалар енгізуге әрекет жасады.

Бүгінгі күні әлеуметтік кәсіпкерлік анықтамасы заңды түрде бекітілмеген және әлеуметтік кәсіпкерлік туралы заң қабылданбаған. Алайда, көптеген сарапшылар заң туралы айту әлі ерте, қазіргі таңда әлеуметтік кәсіпкерлерді анықтау мен қолдауға баса назар аудару маңызды деп санайды.

Аталған ұйымдардың күш-жігерінің және азаматтық қоғамның (әлеуметтік кәсіпкерлікті ҮЕҰ-дың тұрақтылығын арттыру тәсілі ретінде қарастыратын), мемлекеттің, сондай-ақ азаматтардың (әлеуметтік міндеттерді шешуге көбірек тартылатын) өсіп келе жатқан қызығушылығының арқасында әлеуметтік кәсіпкерлік елдің әр түкпірінде дамып келеді.

Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік органдар да қызығушылық танытуда.

Мысалы, ағымдағы жылғы 15 қарашада Алматы қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесе отырып, Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін «Ózgerіs ustasy» бірінші республикалық сыйлығын тапсыру бойынша ауқымды жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз.

Сондай-ақ, аталған сыйлық біздің елімізде алғаш рет өткізілетіндіктен біз оны жоғары деңгейде өткізуге күш-жігерімізді қосамыз. «Ozgeris Ustasy» сыйлығы үкіметтік емес сектордың әлеуетін жаңа форматта жандандырып, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыруға өз үлесін қосады деп есептейміз.

Бүгінгі таңда конкурс комиссиясы 2019 жылдың 14 қазанынан  30 қазанына дейін voting.ozgeris-ustasy.kz сайтында қоғамдық дауыс беруге қатысатын 22 финалист анықтады.

Сонымен қатар, сыйлық аясында аймақтар бойынша әлеуметтік кәсіпкерлер тізілімі, олардың қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлердің көзқарасы тұрғысынан әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытудың проблемалары сияқты мәселелерді қамтитын Әлеуметтік кәсіпкерлік картасын таныстыру жоспарланып отыр.

Бүгінгі таңда бейресми есеп бойынша Қазақстанда шамамен 200 әлеуметтік кәсіпорын жұмыс істейді. Ozgeris Ustasy сыйлығына келіп түскен өтінімдер нәтижелері бойынша ұйымның 60% - ға жуығы мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік бейімдеу, сондай-ақ жалпы әлеуметтік осал топтарды қолдау мәселелерін шешеді. Сондай-ақ,қол жеткізу және білім сапасы (16,3%) және экология (9,3%) мәселелері де қазіргі таңда өзекті. Бұл статистика сарқылмас, бірақ репрезентативті болып саналады, өйткені өңірлердегі жағдайдың және түрлі ұйымдармен жұмыс жасау тәжірибесінің ұқсас екенін көрсетеді.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды