«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары

7 Маусым, 2021 13:41

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде халықаралық қоршаған ортаны қорғау күніне орай, Қазақстандағы БҰҰ қазақстандық журналистерге арналған «Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауын жариялады, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, аталған конкурстың мақсаты - климаттың өзгеруі мәселесі туралы ақпараттандыруды арттыру, сонымен бірге күн тәртібінің басты тақырыбына айналдырып, адамдарды қоршаған ортаны қорғауға көңіл бөлуді насихаттау.

Жиынға қатысқан Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори 2020 жылдың соңында БҰҰ Бас хатшысы ұйымға мүше мемлекеттерді үштік планеталық дағдарыс - климаттың өзгеруі, биоәртүрліліктің жоғалуына байланысты климаттық төтенше жағдай жариялауға шақырғанын еске салып өтті. Сонымен қоса, оның қаңтарда ол халықаралық қауымдастықты СOP26 саммиті алдында қоршаған ортаны қорғауға қатысты шараларды жеделдетуге шақырғанын да атап өтті.

«Қазіргідей бүлінген экожүйені қалпына келтірудің шұғыл қажеттілігі ешқашан болған емес. Сондықтан БҰҰ 2021-2030 жылдары экожүйені қалпына келтіру мақсатында онжылдықты бастамақ. Бұл 2030 жылға дейін барлық 17 даму мақсатына қол жеткізуге ықпал етуге мүмкіндік береді. Жердегі барлық тіршілік экожүйенің қолында. Біздің экожүйелеріміз қаншалықты сау болса, планета мен оның тұрғындары соншалықты сау болады», - деді Микаэла Фриберг-Стори.

Оның мәліметінше, қазір шығарындылар көлемі халықаралық климатты қорғауға қатысты келіссөздер басталған 1990 жылмен салыстырғанда 62 пайызға көп.

«Жылынудың әр оныншы градусы маңызды. Бүгін біз жылудың 1,2 градус деңгейінде өмір сүріп жатырмыз. Осының өзі барлық аймақта және континентте бұрын-соңды болмаған климаттағы өзгерістерге алып келді. Қазақстан да бар оның ішінде», - деді маман.

Оның сөзінше, Париж келісіміне сәйкес жаһандық температураның көтерілуін 2 градустан, нақтырақ айтқанда 1,5 градусқа төмендету қажет. Алайда, экожүйелер мен олардың көміртегі қоймаларын қалпына келтірмейінше, әлем бұл мақсатқа жете алмайды.

«Егер біз қазіргі тенденцияны өзгертпесек, онда осы ғасырдың аяғында дүниежүзілік орташа температура 1990 жылмен салыстырғанда 1-2 С-қа көтерілуі әбден мүмкін. Қазақстандағы ауаның орташа температурасы 2050 жылға қарай 2-3 С-қа, 2090 жылға қарай 3-6 С-қа көтерілуі мүмкін», - деді Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі.

Осылайша, Қазақстан Үкіметі қабылдаған міндеттемелерді орындау үшін, болашақта болатын келеңсіздіктердің алдын алу үшін әр адам қатысуы керек екенін баса айтты.

Сонымен қоса, БҰҰДБ басшылығымен және БҰҰ-ның бүкіл департементі, сонымен бірге БҰҰ-ның қоршаған ортаны қолдау агенттіктері ынтымақтастық шеңберінде тұрақты, климатқа жауапты және тұрақтылықты дамытуға назар аудару үшін 2021-25 жылдарға арналған БҰҰ тұрақты даму саласында мемлекеттік қолдау жоспары әзірленгенін атап өтті.

2021-2030 жж БҰҰ Экожүйенi қалпына келтiру онжылдығы 2030 жылға дейiнгi барлық 17 Тұрақты даму мақсаттарына, соның iшiнде кедейлiктi, аштықты жоюды жүзеге асыруға үлес қосады және дүниежүзiндегi жүздеген мың экожүйелердi қалпына келтiру бастамаларына, саяси қолдау мен мемлекеттiк және жеке меншiктегi саяси әлеуетке инвестиция салуға ұмтылады. Адамзаттың қазiргi кездегi экстремалды климаттық жағдайы нақты әрi жедел әрекеттердi талап етедi. Атап айтқанда, Париж келiсiмiне сәйкес жаһандық температураның 1,5 градусқа дейiн төмендеуiн жеделдету қажет. Елдер, компаниялар немесе азаматтардың климаттың өзгеруiне қарсы күрес күштерi бiздiң планетамызға ғана емес, адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатына да пайдасын тигiзуi мүмкiн.

«Үкіметтің алға қойған ауқымды мақсаттарына қол жеткізу және ғаламшарды сақтау үшін барлық адам қатысуы керек. Кез-келген ер адам, әйел, ер бала мен қыз бала суды ысырап етпеу керек, пластикті аз пайдалану қажет екенін түсінуі тиіс», - деді ол.

Сондықтан, ол бүгінгі Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай ақпарат саласы өкілдерін климаттың өзгеруі бүкіл ел азаматының таңғы және түскі ас кезіндегі әңгімесіне арқау болатындай шешімдерді қабылдауға шабыттандыратын мақалалар жазуға шақырды.

«Мен сіздерді «Қазақстандағы климаттың өзгеруіне» қолдау көрсетуге, үлес қосуға шақырамын. Ғылымға сенсек, алдағы 10 жыл бізге климаттық апаттың алдын-алу, ластану қаупі бар ағынды жою және биотүрлердің жойылуын тоқтату үшін соңғы мүмкіндігіміз болмақ. Осы конкурс арқылы біз адамдарды экожүйелерді қалпына келтіру және экологиялық хабардарлықты арттыру үшін жаңа, инновациялық шешімдер іздеуге шақырамыз», - деді Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі.

БҰҰ Қазақстандағы Дамыту бағдарламасының Тұрақты өкілі Якуп Бериштің климаттың өзгеруі, биоәртүрліліктің төмендеуі және жойқын ластану планетамызды және онда тұратын сансыз түрлердің жойылып кету қаупін төндіретінін атап өтті. Оның сөзінше, бүгінгі таңда табиғатпен бірге дамып, оған қаражат салу үшін даму стратегияларын қайта қарау қажет.

«Бұл деградация емес. Залалды қалпына келтіру және ғаламшарды қалпына келтіру біздің қолымызда. Бүлінген экожүйелердің өмірге оралуы олардың қоғамға және биоәртүрлілікке пайдасын арттырады. Экожүйелерді қалпына келтірмей, біз тұрақты даму мақсаттарына немесе Париж климаттық келісіміне қол жеткізе алмаймыз», - деді ол.

Оның сөзінше, БҰҰ даму бағдарламасы көптеген жылдар бойы Қазақстан Үкіметінің биоалуантүрлілікті және экожүйелерді сақтау мәселелеріндегі негізгі серіктесі. 2004 жылдан бастап БҰҰДБ Жаһандық Экологиялық Қордың қаржылық қолдауымен, сондай-ақ Қазақстан үкіметімен байланысты гранттар шеңберінде биоәртүрлілікті сақтау саласында 10 ауқымды бастаманы іске асырған. Қазақстандағы ғаламдық маңызы бар экожүйелерді сақтау шараларына қосқан үлесі 29 миллион доллардан асқан.

Сондай-ақ, БҰҰДБ қолдауы таулы, сулы-батпақты, дала және шөлді экожүйелердің биологиялық әртүрлілігін сақтауға айтарлықтай әсер еткен. Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерді сақтауға және елдің биологиялық ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретін қазіргі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқаруда жалпы ауданы 5,3 млн.га экожүйелік тәсілдер енгізілген. БҰҰДБ бастамасымен 8 жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақ құрылған, қолданыстағы 3 Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың аумағы кеңейтілген. "Ақжайық", "Алтын Дала", "Іле-Балқаш" табиғи резерваттары және "Бұйратау", "Жоңғар Алатау" және "Тарбағатай"ұлттық парктері пайда болды.

"Қазақстанда алғаш рет 2,9 млн.га алаңда "Қапшағай-Балқаш" және "Ырғыз-Торғай-Жыланшық" экологиялық дәліздері құрылып, олар бүгінде әлемде сирек кездесетін қарақұйрық және ақбөкен сияқты жануарлардың көші-қон жолдарын қорғауға мүмкіндік береді», - деді Якуп Бериш.

Оның мәліметінше, БҰҰДБ жобалары шеңберінде жерді аймақтарға бөлу схемаларын әзірлеу арқылы ландшафтық жоспарлау мен экожүйелерді орнықты басқарудың жаңа тәсілдері көрсетілген жайылымдарды басқару, суармалы егіншілік, орманды қалпына келтіру, жылжымалы құмдарды бекіту, тауарлық балық өсіру мен экотуризмді дамыту саласында 40 пилоттық жоба іске асырылған.

Сонымен қатар, БҰҰДБ көмегімен Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтау, толықтыру және ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Табиғи экожүйелерді сақтау мен қалпына келтірудің, экологиялық тепе-теңдікті сақтаудың және табиғи кешендер мен олардың компоненттерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтаудың стратегиялық құжаты болып табылатын Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтау мен орнықты пайдаланудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы дайындалған. БҰҰДБ қолдауының арқасында елдің биологиялық әртүрлілік, жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту, орман және аңшылық шаруашылығын тұрақты дамыту саласындағы заңнамасына бірқатар маңызды өзгерістер мен негізгі құқықтық нормалар енгізілген.

«Мұндай жұмыстың соңғы мысалдарының бірі - экологиялық кодекстегі өзгерістер. Онда экожүйелерді сақтау және климаттың өзгеруі туралы ұсыныстар ескерілген», - деді Якуп Бериш.

БҰҰДБ сонымен қатар кәсіпкерліктің, ауыл шаруашылығының және экотуризмнің дамуына әсер ете отырып, қорғалатын табиғи аумақтардың жанында өмір сүретін тұрақты қауымдастықтардың құрылуына ықпал етеді.

БҰҰДБ сонымен қатар, орман экожүйелерін тұрақты басқаруға және пайдалануға ықпал етеді. 2020 жылы Қазақстан үкіметімен және Bitfury жетекші IT-компаниясымен бірлесіп, БҰҰДБ қолданыстағы Ормандарды сақтау және жаңа орман екпелерін құру арқылы "көміртегі ізін" азайтуға жәрдемдесу бойынша үшжақты келісімге қол қойған.

«Зерттеу нәтижесінде, жоба аясында 67 мың гектардан астам есепке алынбаған тау ормандары анықталды. Олар соңғы 30 жылда СО2 эквивалентіндегі 6 млн тоннаға жуық көміртекті сіңірген»,-деді Якуп Бериш.

Бүгінде БҰҰДБ Таулы орман экожүйелері мен олардың түрлерін сақтау саласындағы бастамаларды іске асырады. Флора мен фаунаның жойылып бара жатқан түрлерін мониторингтеу және сақтау үшін цифрлық шешімдерді пайдалануды енгізіп, биоалуантүрлілікті сақтауды қаржыландырудың жаңа мүмкіндіктерін енгізеді.

БҰҰ Қазақстандағы Дамыту бағдарламасының Тұрақты өкілі Якуп Бериш БҰҰДБ тұрақты дамуды қолдау үшін Қазақстан Үкіметімен және барлық басқа серіктестермен жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, пандемияға байланысты шығарындылардың уақытша төмендеуiне қарамастан, осы ғасырда Жер жаһандық жылыну деңгейi кем дегенде 3 °C-қа жақындады, өсiмдiктер мен жануарлардың 8 миллион түрiнiң 1 миллионнан астамы толығымен жойылып кету қаупi төнiп отыр және ластану салдарынан болған аурулар жыл сайын 9 миллионға жуық адамның мезгiлсiз қайтыс болуына әкелуде. Осы орайда, Орталық Азия бойынша ЮНЕП өңiрлiк бюросының жетекшiсi Айдай Құрманова пандемияға ұшыраған елдер үшiн жасыл экономика тұрғысынан қалпына келтiру жоспарлары – бұл өзгерiстердi жеделдету үшiн бiрден-бiр мүмкiндiк екенін атап өтті.

«Адам денсаулығы мен табиғат жағдайы арасындағы байланысты көрсете отырып, COVID-19 дағдарысы бiздiң табиғатқа деген көзқарасымызды және оның құндылығын бiртiндеп өзгерту қажеттiлiгiн көрсеттi», - дедi Орталық Азия бойынша ЮНЕП өңiрлiк бюросының жетекшiсi Айдай Құрманова.

2021 жыл климат пен биоалуандылық конвенцияларының алдағы кездесулерiне байланысты өте маңызды, онда үкiметтер осы онжылдықта парниктiк газдар шығарындыларын екi есеге жуық төмендету, биоалуандылықты сақтау және қалпына келтiру арқылы планетаны қорғау үшiн қарқынды мақсаттарды қоюы тиiс.

Осы оpайда, байқауға қатысу үшiн жуpналистеp мен блогеpлеp Қазақстандағы баспа және электpонды БАҚ көздеpiнде жаpияланған Қазақстандағы климаттың өзгеpуiнен туындайтын қауiп туpалы хабаpдаpлықты аpттыpатын және мүмкiн шешiмдеp ұсынатын көлемi 800 сөзге дейiн мақаланы ұсынуы кеpек. Мақала баспа және/немесе онлайн-бұқаpалық ақпаpат құpалдаpында, ақпаpаттық бюллетеньде, веб-сайтта немесе блогта жаpияланған нақты матеpиал болуы кеpек. Мақала қазақ, оpыс немесе ағылшын тiлдеpiнде жазылуы мүмкiн.Ұсынымға мақаладан басқа, автоpдың аты, азаматтығы, Қазақстандағы тұpғылықты мекенжайы, лауазымы, бұқаpалық ақпаpат құpалдаpының немесе блогтың атауы, жаpияланған мақалаға сiлтемелеp және оған мақаланы жазуға түpткi болған себептiң қысқаша сипаттамасы (100 сөзден аспайтын) баp Word немесе PDF фоpматындағы ұсыным фоpмасы қоса жiбеpiлуi тиiс (қосымшаны қаpаңыз). Құжатта сонымен бipге мақала жасауда автоpмен ынтымақтастықта болған адамдаpдың (фотогpаф, соавтоp, зеpттеушi және т.б.) аты-жөнi көpсетiлуi кеpек. Егеp аталған мақала таңдалса, онда сыйлықты тек басты автоp алады және жүлденi команда мүшелеpi аpасында өзi бөледi.

PDF немесе Word фоpматындағы мақала мен ұсыным фоpмасы contest@changepr.kz мекен-жайына жiбеpiлуi кеpек. Ұсынымдаp 2021 жылдың 5 маусымынан бастап (Дүниежүзiлiк қоpшаған оpтаны қоpғау күнi) 2021 жылдың 31 шiлде күнi түнгi 24:00 дейiн қабылданады. Анықтама үшiн байланыс телефоны: +7 727 272 05 09, моб: +7 707 638 97 74.

Байқаудың толық шарттарымен мына сілтеме бойынша танысуға болады:

https://kazakhstan.un.org/en/130264-bak-baykauy-kazakstan-klimaty-ushin-ozgerister

Барлық жаңалықтар