• Басты
  • Қазақстанда шілдеге дейін Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады
19 Маусым, 2020 11:31

Қазақстанда шілдеге дейін Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады

ҚР ИИДМ мәліметінше Қазақстанда соңғы 5 айда 18,5%-ға артты. Бұл өткен жылдың бес айымен салыстырғандағы көрсеткіш. Бүгін Асқар Маминнің қатысуымен өткен үкімет отырысында Қазақстанда машина жасау өнеркәсібі мәселелері талқыланды.

 Қазақстанда шілдеге дейін Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады

ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұловтың сөзінше Қазақстанда машина жасау саласында 60 негізгі кәсіпорын жұмыс істесе, әртүрлі өнімдерді – бөлшектерден бастап дәлдігі жоғары техникалар шығаратын 3 000-ға жуық жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Олар мұнай-газ, металлургия және аграрлық өнеркәсіп секілді экономиканың негізгі секторларының қажеттілігін қамтамасыз етіп, сала секторларына байланысты жергіліктендіру деңгейі 35%-дан 95%-ға дейін артып отыр.

Экономикадағы құлдырауға, пандемиялық жағдайларға қарамастан машина жасау саласында өндіріс көлемі 5 айдың қорытындысы бойынша  535 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 18,5%-ға жоғары.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов машина жасау саласының дамуы туралы баяндап, энергетика министрі Н. Ноғаев мұнай-газ саласындағы машина жасау туралы, Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек және Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов саланың өңірлерде дамуы туралы мәлімет берді. Баяндама жасаушылар қатарында Қазақстан машина жасаушылар одағының төрағасы М. Пішембаев және бизнес өкілдері — «Astana Group» президенті Н. Смағұлов, «KARLSCKRONA» ЖШС бас директоры В. Ахметов және «KazRostEngineering Ltd.» директоры Д. Иманмұсаев та болды.

Асқар Мамин машина жасау — ҚР өңдеу өнеркәсібінің негізгі драйвері болғандықтан, оның жүйелі дамуын қамтамасыз етіп, 1 шілдеге дейін Өнеркәсіпті дамыту қорын құруды міндеттеді.

«Жалпы алғанда индустрияландыру бағдарламасы аясында шамамен 367 млрд. теңгенің 128 жобасы жүзеге асырылды, 16 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Өткен, яғни, 2019 жылдың соңында еңбек өнімділігі 16 мың АҚШ долларын құрап, экспортталатын өнім түрлері кеңейтілген болатын. Қазіргі кезеңде қазақстандық кәсіпорындар Ресей, Қытай, Әзірбайжан, Тәжікстан, Біріккен Араб Әмірліктері, Түрікменстан және басқа елдерге экспортқа шығаруда. Жаңа вагондар, электровоздар, теміржол доңғалақтары мен осьтер, бұрылыс машиналары өндірісінің жаңа түрлері ұйымдастырылды», - деді Атамқұлов.

Үкімет басшысы Асқар Мамин машина жасаудағы жергілікті азаматтарды жұмыспен қамтуды ұлғайтудың маңыздылығын айтты.

«Қазіргі таңда еліміздегі автопаркттердегі көлік құралдарының 70%-ының қызмет ету мерзімі айтарлықтай асып кеткенін ескерсек, бұл өндірісті жан-жақты дамыту маңызды екенін білеміз. Көлік құралдарын жаңарту отандық кәсіпорындардың қуатын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашып, өндірісте және жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, елде экологияны жақсартуға мүмкіндік береді», — деді А. Мамин.

Сала бойынша жиын қорытындысында премьер-министр Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешіміне сәйкес, моторлы көлік құралдары өндірісін жергіліктендіру деңгейін кемінде 50%-ға жеткізіп, автоөндірушілердің өз міндеттемелерін орындауын бақылауға алу қажет. Үкімет басшысы ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, бір ай мерзімде ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, премьер-министр энергетика және индустрия министрліктеріне мұнай-газ жабдықтарын өндіретін компанияларды тартып, отандық машина жасау кәсіпорындарының ірі мұнай-газ операторларының сатып алуларына қол жеткізуін іске асыруд жүктеді. Асқар Мамин бәсекеге қабілетті жоғары технологиялық өнімді отандық экспорттаушылар үшін жаңа қолдау шараларын көрсету мүмкіндігін пысықтауды тапсырды.

Cерпінді дамып келе жатқан өңдеуші өнеркәсіптің бірі ретінде машина жасау саласында индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру  жылдары 10 жыл ішінде өндіріс көлемі 5 есе, инвестициялар көлемі 3 есе өсіп, 50 млрд. теңгені құраған. Осы аралықта экспорт көлемі шамамен 3 есеге артып, 1,1 млрд. АҚШ долларын құрап үлгерді.

ҚР ИИДМ мәліметінше машина жасау салалары арасында жоғары нәтиже көлік құрастыру бағытында. Өндіріс көлемі 24,5 есе өскен әрі сәйкесінше инвестициялардың жыл сайынғы ағыны 14,4 есеге артқан. Ел ішінде сатылған әрбір екінші жаңа жеңіл көлік - отандық өнім болып табылады. Сондай-ақ қазақстандық автоөнеркәсіптің өнімі экспорттық нарыққа шықты. Бұл салада басты кәсіпорындар: СарыарқаАвтоПром, ХюндайТрансАвто, Азия Авто, КАМАЗ-Инжиниринг, СемАЗ және Деубасқазазақстан. Олар 2020 жылғы қаңтар-мамыр айлары аралығында жалпы құны 173 млрд.теңгеге 26 мың 810 көлік өндірген. Осы ралаықта ТМД елдеріне соның ішінде Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан сияқты мемлекеттерге 1 мың 659 жеңіл автокөлік экспортталып үлгерді.

Алматыда салынған ХюндайТрансҚазақстан жеңіл көлік шығаратын зауыттың қуаттылығы жылына 45 мың жеңіл көлік шығаруға жетеді. Зауыт 2020 жылдың наурыз айында сәтті іске қосылды. Ол шанақты балқыту және бояу бойынша технологиялық операциялар есебінен автомобильдерді ұсақ тораптық жинауды жүзеге асырады.

Бейбіт Атамқұлов атап өткендей, СарыарқаАвтоПром зауыты болса өзбекстандық серіктестерімен бірге Равон және Шевроле, ДАМАС, ЛАБО, Кобальт, Малибу автомобильдер сияқты бірқатар маңызды инвестициялық жобалар өндірісін іске асырып жатыр. Бұлар экспортқа бағытталған. Қарағанды облысының Саран қаласында Казтехна компаниясы қытай компаниясымен бірге Ютонг автобустарын (Yutong), Қазтайртех компаниясы Даблстар (Doublestar) компаниясымен бірлесе отырып, жеңіл автомобильдер үшін 3 млн. және коммерциялық техника мен автобустар үшін 500 мың шина шығаратын жобаны жүзеге асырып жатыр.

2020 жылдың басынан бастап осы уақытқа дейін бес ай ішінде 12 млрд.46 млн. теңгеге 825 трактор, 139 комбайн секілді ауыл шаруашылығы техникасы өндіріліп, өсім 54% құрады. Осы сала бойынша негізгі кәсіпорындар Агромашхолдинг (астық жинайтын Есіл комбайндары мен Ловол тракторларының өндірісі), Беларус маркалы тракторлар өндірісімен айналысатын СемАЗ және Композит Групп Қазақстан зауыты, Кировец тракторларын құрастыру өндірісімен айналысатын Қостанай трактор зауыты, Беларус,  Бюлер тракторлары, АКРОС, ТОРУМ комбайндары, АМИТИ егіс кешендері және басқа да жабдықтарды шығару өндірісімен айналысатын Қазақстандық Агро-Инновациялық Корпорациясы,сонымен бірге орақ және егін жинауға арналған бұйымдар өндірісімен айналысатын сондай-ақ Дон Мар компаниясы жұмыс істейді.

ҚР ИИДМ қазіргі таңда еліміз бойынша 153 мың трактор мен 42 мың бірлік комбайн тіркелгені туралы мәліімет келтірді. Соның ішінде тракторлардың 65%-ы мен комбайндардың 46%-ы 17 жылдан астам уақыт бойы пайдаланып келе жатыр екен.

Қазақстанда индустрияландыру бағдарламасы аясында вагон жасау зауыты іске қосылған болатын. Оларға «Тұлпар», Локомотив құрастыру зауыты, Электровоз курастыру зауыты және Проммашкомплект сынды жобалар кіреді. Посткеңестік кеңістікте теміржолға арналған тұтас дөңгелектерді шығаратын заманауи автоматтандырылған технологиялық кешенді енгізген алғашқы кәсіпорын болып Проммашкомплект компаниясы саналады. Оның қуаты жылына 200 мың доңғалақ өндіруге жетеді. Олардың өнімі Қазақстанның ішкі нарығының қажеттілігін толығымен жабады және 60%-дай өнімі Иран, Әзірбайжан, Ресей және Түркіменстанға экспортталатын көрінеді.

Бейбіт Атамқұлов индустрияландыру жылдары тау – кен машиналарын жасауда да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіліп жатқанын айтты.

«Тау-кен машиналарын жасауда айналмалы машиналар, өздігінен жүретін бұрғылау қондырғылары, шахта вагоншалары, ұсақтау жабдығы, сондай-ақ тау-кен өндіру бағытындағы машиналар мен жабдықтарға арналған қосалқы бөлшектердің кастомизацияланған өндірісі қолға алынды. Осы жылдың бес айында 8 млрд.теңгенің өнімі шықты. Бұл саладағы негізгі кәсіпорындарға - Алматы ауыр машина жасау зауыты, Қарағанды құю-механикалық зауыты, Қазцинкмаш, Құрылысмет, Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты, КазКарбон кіреді», - деді ол.

 Халық үшін ең үлкен жетістік – өткен жылдан бастап Ұлттық Банк халық арасында үлкен сұранысқа ие болған жеңілдікті автонесие беру бағдарламасын іске қосқан болатын. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 5 жылға 100 млрд.теңге бөлінген еді. Сондай-ақ, машина жасау саласын серпінді дамыту үшін Қазақстан машина жасаушылар одағымен бірлесіп 2019-2024 жылдарға арналған машина жасауды дамытудың жол картасын бекіткен. Ондағы басты мақсат – салықтық жеңілдіктерді енгізу, «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңды әзірлеу және өнеркәсіпті дамыту қорын құру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру.


Барлық жаңалықтар
18.213.192.104, 192.168.88.100