- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде Мұнайды тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Бауыржан Сәлімгереев қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді дизель отынымен қамтамасыз ету туралы баян етті. Оның айтуынша, жеткізу мен сақтауды ескере отырып, дизель отынының бағасы өңірге байланысты өзгеріп, шамамен 175-180 теңгені құрайды. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

Дизель отынымен қамтамасыз ету
Мұнайды тасымалдау және өңдеу департаментінің директоры Бауыржан Сәлімгереев күзгі дала жұмыстарын жүргізу және жем-шөп дайындау жұмыстарына ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 440 мың тонна дизель отыны бөлінгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, дизель бағасы өңірге байланысты өзгеруі мүмкін.Сондай-ақ, ол жеткізу мен сақтауды ескере отырып, дизель отынының бағасы өңірге байланысты шамамен 175-180 теңгені құрайтынын атап өтті.
«Бұл Жанармай құю станцияларындағы бағадан арзан. Ресурс ұстаушылардың босату бағасы «ПМХЗ» ЖШС және «ПКОП» ЖШС-да 1 тоннасы үшін ҚҚС қосқанда 189 мың теңге немесе 1 литрі үшін 159 теңге және "АМӨЗ" ЖШС-да 1 тоннасына 187 мың теңге немесе 1 литріне 159 теңге», - деді Бауыржан Сәлімгереев.
Сондай-ақ, ол 20 қыркүйектегі жағдай бойынша 282 мың тонна дизель отыны тиліп жөнелтілгенін атап өтті. Күзгі дала жұмыстары бойынша шілде және тамыз айларының көлемі толығымен тиеп-жөнелтілген. Қыркүйекке мәлімделген көлемге келісімшарт жасалған және ақысы төленген.
«Қазіргі таңда тиеп-жөнелту процесінде тұр. Қазан айына жоспарланған жеткізу 28,5 мың тоннаны құрайды», - деді ол.
Оның сөзінше, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мұнай өңдеу зауыттарынан дизель отынын жеткізу басым негізде жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін дизель отынымен қамтамасыз етуде олқылықтарды болдырмау үшін жоспарлы жөндеу ПМХЗ-ға ауыстырылған.
Дизель отынын өндіру
«Бастапқыда жөндеу жұмыстарын 24 шілдеде 24 күн бойы бастапқы қайта өңдеумен бастау жоспарланған болатын. Іс жүзінде жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың 1 қазанында басталады», - деді департамент басшысы.
Оның мәліметінше, елімізде 8 айдың қорытындысы бойынша дизель отынын өндіру 3 млн 270 мың тоннаны құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 262 мың тоннаға немесе 9 %-ға артық.
«Биыл біз дизель отынының рекордтық өндірісін күтеміз.Біздің болжамымыз бойынша өндіріс көлемі 4,9 млн.тоннаны құрайды. МӨЗ-ді жаңғыртуды аяқтау дизель отынын өндіруді 2017 жылғы 4 миллион деңгейден биыл 4 миллион 900 мың тоннаға дейін ұлғайтуға, 900 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік берді», - деді Бауыржан Сәлімгереев.
Дизель отынын тұтыну деңгейі
Сонымен қатар, ол биыл дизель отынын тұтыну деңгейі өсуі байқалғанын атап өтті.Оның сөзінше, шарықтау шыңы 2021 жылдың тамызына сәйкес келген. Сондай-ақ, тұтыну көлемі 519 мың тоннаны құрап, өткен жылмен салыстырғанда 84 мың тоннаға және 2019 жылмен салыстырғанда 37 мың тоннаға артық болған.
«Бұл елдің ішкі нарығының тарихында бір айдағы тұтынудың рекордтық көрсеткіші. Қыркүйектің бірінші жартысының қорытындысы бойынша біз тұтынуға қатысты осыған ұқсас жағдайды байқадық», - деді департамент басшысы.
Оның айтуынша, тұтынудың өсуінің негізгі себептерінің бірі транзиттік жүк тасымалдарының маусымдық ұлғаюы болып табылады.Сондай-ақ, ол бүгінгі таңда Қазақстанда дизель отыны көрші елдерге қарағанда арзан екенін атап өтті. Мәселен, Ресеймен және Өзбекстанмен салыстырғанда 90-77 теңгеге, Қырғызстанмен салыстырғанда 60 теңгеге арзан.
«Айырмашылықтың жоғары болуына байланысты бізде барлық транзиттік жүк көліктері толтырылады. Ірі ЖМҚС ақпараты бойынша қалалық ЖМҚС шамамен 70% бензин мен 30% дизель отынын сатады, ал трассаларда орналасқан ЖМҚС-та кері арақатынас байқалады», - деді ол.
Сондай-ақ, ол қазан айында ПМХЗ-да жөндеу жұмысы жоспарланып отырғанын атап өтіп, бұл дизель отынын өндіруге әсер ететінін тілге тиек етті.
«Азаюы шамамен 110 мың тоннаны құрайды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің атына жеткізілімдер де күзгі дала жұмыстарының аяқталуына байланысты азаяды. Бұл тұтынудың жалпы деңгейін төмендетеді», - деді Бауыржан Сәлімгереев.
Импорттау
Сонымен қатар, ол тау-кен металлургия кешені сияқты ірі дизель отынын тұтынушыларға, жер қойнауын пайдаланушыларға, сондай-ақ АЖС желілеріне жеткізуде іркілістерді болдырмау үшін жетіспейтін көлемдердің импортын қарау қажеттігін атап өтті. Оның дереігнше, Ресейде 2021 жылға арналған индикативті теңгерімге сәйкес ҚР-да мүмкін импорт көлемі 530 мың тоннаны құрайды. Бұл іс жүзінде 8 айда 145 мың импортталған, сәйкесінше жыл соңына дейін 385 мың тонна импорттауға болатынын жеткізді.
«Бүгінгі күні импорт бойынша ешқандай шектеулер жоқ. Министрлік өз тарапынан Ресей әріптестерімен қажетті көлемді импорттау мәселесін пысықтауда», - деді Бауыржан Сәлімгереев.
Баға белгілеу жүйесі
Сондай-ақ, ол баға мәселесін де атап өтті. Оның айтуынша, мұнай өнімдерінің нарығы өте құбылмалы болып табылады. Соның ішінде Қазақстанның ішкі нарығында да, көршілес елдерде де салық салу, баға белгілеу жүйесі және ЖЖМ-мен қамтамасыз етілуі, сұраныстың маусымдылығы, МӨЗ-дегі технологиялық іркілістер немесе күрделі жөндеулер туралы ақпарат сияқты көптеген факторлардың әсеріне ұшыраған. Мәселен, ішкі нарықта баға төмен болған жағдайда, отандық өнімнің көрші нарықтарға ауысуына байланысты тапшылық қаупі туындайтынын жеткізді. Ал жоғары бағалар болған жағдайда, импорттық бензиннің профициті және соның салдарынан еліміздің қоймаларының ҚР МӨЗ-де қайта өңдеу көлемін кейіннен төмендете отырып, отандық отынмен толып кетуі мүмкін екендігін тілге тиек етті.
«Жоғарыда аталған жағдайлар мұнай өнімдері нарығында бағаның «тепе-теңдікті» үнемі іздеуді талап етеді. Әлемдік тәжірибе ЖЖМ-ға баға белгілеудің неғұрлым тиімді және ашық тетігі биржалық сауда болып табылатынын көрсетіп отыр» », - деді Бауыржан Сәлімгереев.
Сондай-ақ, ол бірнеше жылдан бері электрондық сауда алаңдарында сұйытылған мұнай газының сауда-саттығы жүзеге асырылып келетінін атап өтті. Осы орайда, ЖЖМ бойынша Министрлік ҚР БҚРА-мен бірлесіп, осы бағытта жоспарлы жұмыстар жүргізуде.
«Ағымдағы жылғы наурыз айынан бастап автобензиндер бойынша сауда-саттық жүргізілуде. Төртінші тоқсанда дизель отынының биржалық сауда-саттығын іске қосу жоспарлануда», - деді Бауыржан Сәлімгереев.
Бұдан бөлек, ол Министрлік мұнай өнімдеріне тапшылықтың туындауына жол бермеу үшін «Қазақстан Республикасының аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрық әзірленгенін айтып өтті. Ол қолданыстағы тыйымды автомобиль көлігімен бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге алты ай мерзімге ұзартуды көздейді.
«Тыйым салу майлау майларын әкетуге және дайындаушы зауыт көздеген автокөліктің бензин бактарында мұнай өнімдерін әкетуге, сондай-ақ көлемі 20 литрден аспайтын жеке ыдыстарда ЖЖМ әкетуге қолданылмайды», - деп түйіндеді Бауыржан Сәлімгереев.

-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді
-
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді
-
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда
-
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті
-
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады
-
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды
-
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады
-
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі
-
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады

