• Басты
  • Қазақстанда аз ұлттардың құқықтарын реттеу қалай жүзеге асырылады
24 Қазан, 2019 17:50

Қазақстанда аз ұлттардың құқықтарын реттеу қалай жүзеге асырылады

Бүгінгі таңда көптеген шет елдерде конституциялық және басқа да заңнамалық деңгейде түрлі ұлттық, этникалық азшылықтарды қорғауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың өзіндік және жеке ерекшеліктерін сақтауға бағытталған белсенді іс-қимылдар жүзеге асырылуда. Осы мәселе «Адам және этникалық азшылықтар құқықтарын қорғау» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында талқыланды, деп хабарлады Strategy2050.kz ақпарат агенттігінің тілшісі.

 


 Қазақстанда аз ұлттардың құқықтарын реттеу қалай жүзеге асырылады

Аз ұлттардың құқықтарын реттеу және қорғау саласындағы арнаулы конституциялық нормалар мен заңнамалық актілерді қабылдаудың мақсаты халықаралық нормалар мен стандарттардың ықпалымен қалыптасқан әрбір елде аз ұлттардың өмір сүруінің институционалдық жағдайларын қамтамасыз ету, мемлекет пен қоғамның демократиялық институттарының жүйесін жетілдіру болып табылады.

  «Отандастар» қорының вице-президенті Мағауия Сарбасов Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ең алдымен қолдауды шетелдегі қазақтарға көрсету қажеттігін айтқанын еске салды.

  «Этникалық қазақтарды қолдау бойынша шаралар жоспары бекітілді. 2018-2022 жылға арналған жоспарда шетелде этникалық қазақтардың білім алуы, туған тілін сақтау, ақпараттық қолдау мәселелері айтылған болатын. 2018 жылдың жартысынан бастап «Отандастар» қоры өз жұмысын бастады. Біздің барлық жобалар Елбасы тапсырмаларын жүзеге асыруға бағытталған. Біздің мақсат – этникалық бірліктің сақталуы, ұлттық саясаттың қазақ диаспорасына қатысты қалыптасуы», - деді М.Сарбасов.

  Сонымен қатар, ол Қор отандастар үшін бірыңғай қызмет көрсететін оператор ретінде жұмыс істейтінін айтты.

 «Бізде бірқатар жұмыс бағыттары бар. Оның әрбірі Елбасы Құрылтайда жүктеген тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталған. Біз Жол картасы мен Даму жоспарын әзірледік. Пікірталас аймақтарын ұйымдастыруды да жүзеге асырып жатырмыз. Шетелде қазақ тілін үйрету бойынша инфрақұрылымдық білім беру ұйымдастырылған. Биыл бизнес форумдарды өткізуді жоспарладық. 6-7 шараны өткіздік. Қазіргі таңда этникалық ұлттың Отанына оралуына қатысты шетелдік тәжірибе зерделеніп жатыр. Мақсатты зерттеулер жүргізілуде», - деді ол.

 Өз кезегінде Мәжіліс депутаты, ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясының төрағасы Қуаныш Сұлтанов «Отандастар» қорының жұмысын әрқашан қолдайтынын айтты.

 «Адам құқықтары жөніндегі комиссия өзге де ұйымдармен жұмыс істейді. Адам құқығы бойынша декларация қабылданғанын 10 желтоқсанда атап өтеміз. Сонымен қатар, Қазақстан адам құқықтары саласы бойынша 100-деген келісімдердің қатысушысы болып саналады. Оның ішінде, БҰҰ құқық қорғаушы конвенцияларының 8-не қатысады. Біздің елде адам құқығын қорғау бойынша ұлттық жүйе құрылған. Негізгі тетіктердің бірі - Адам құқықтары жөніндегі комиссия болып табылады. Ол қоғамдық қозғалысты таныстырады. Комиссия құрамы ҮЕҰ мүшелері мен мемлекетік құрылымдардың мүшелерінен тұрады», - деді ол.

 Өз кезегінде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің атынан Этникааралық департамент директоры Ғалым Шойкин елдің саяси ұстанымдарының ішінде ішкі тұрақтылықты сақтау, азаматтық әлемді қолдау басымдыққа ие екенін атап өтті.

«Осыған орай, біздің министрлік Қазақстандағы этникааралық қарым-қатынастың өзара байланыс саласында жұмыс істеп жатыр. Біздің департамент қоғамдық келісімді нығайту мен тұрақтандыру бағытында жұмыс істейді. Министрлік қызметі арқылы этникалық бұқаралық құралдарды қолдау жүзеге асырылуда. Қазақстанда 52 БАҚ 12 тілде хабар таратады. Министрлік этникааралық салада құқықтық жұмыстарды да атқарады», - деді ол.

Сонымен қатар, Ғ.Шойкин биылғы жылдың басында Елбасы 2025 жылға дейінгі ҚХА дамуының тұжырымдамасына қол қойғанын айтты.

 «Ол Ассамблеяның жұмысын дамытуға, соның ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған.Этникааралық және этноконфессиялық қарым-қатынастарды сақтау мемлекеттің басым бағыттарының бірі болып табылады», - деді ол.

   Ал ЕҚЫҰ бағдарламаларының Нұр-Сұлтандағы кеңсе басшысы   Дьердь Сабо ЕҚЫҰ ұлттық азшылыққа өте үлкен мән беретінін айтты.

   «Оның маңызды болғаны сонша біз толық бір институт құрдық. Ұйым аясында Хатшылық қана емес, институт та бар. Олар тәуелсіз жұмыс істеп, жеке тақырып бойынша жұмыс істейді.Қазақстанда да бұл мәселе маңызды екені байқалады, мұнда барлық ұлттардың құқығы бір екені сезіледі», - деді ол.

 Дөңгелек үстелге қатысушылар атап өткендей, Қазақстанда аз ұлттардың құқықтарын қорғау саласындағы институционалдық, ұйымдық-құрылымдық элементтердің сәйкестігін талдау аз ұлттардың қоғамдық-саяси өмірге тиімді қатысуын көрсетеді.

Бұл жұмыс халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Республикада заңнамалық негізде, ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясымен (1995 ж.) діни, этностық, әлеуметтік белгілеріне қарамастан, барлық азаматтардың тең құқықтылығы жарияланды. Республикада адам құқықтары мен халықаралық құқық принциптерінің, нормаларының басымдығы танылады.

Дөңгелек үстел жұмысының қорытындысы бойынша шетелде тұратын этникалық қазақтардың құқықтарын қорғау мақсатында халықаралық деңгейде халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша ұсынымдар қабылданды.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды