• Басты
  • Қазақстанда адам құқықтарын қорғау қалай жүзеге асырылады
10 Желтоқсан, 2019 12:05

Қазақстанда адам құқықтарын қорғау қалай жүзеге асырылады

Елордада Құқық қорғаушылардың жаңа буын Коалициясының қызметі таныстырылды. Адам құқықтары күніне орай ұйымдастырылып отырған шарада әйелдерге қатысты тұрмыстық,физикалық зорлық мәселелері де талқыланды,деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
 Қазақстанда адам құқықтарын қорғау қалай жүзеге асырылады

Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы елшісінің орынбасары Нора Дессинг 1948 жылы адам құқықтары жөніндені конвенция алғаш пайда болғанын атап өтті. 

" Сол кезден бері осы күнге дейін аталмыш сұрақ ортақ бір мәміле таппағаны таң қалдырады.Осыншама жылдан кейін 2019 жылдың өзінде әлі де шешілмеген мәселелер жетерлік. Әрине,көптеген істер де жүзеге асырылды. Бүгін аталып отырған Адам құқықтары күні баршамызға маңызды екенін айтқым келеді",-деді Н.Дессинг.

Сондай-ақ,елшінің орынбасары биыл Қазақстанда адам құқығы бұзылу фактілері тіркелгенін айтты. 

"Адам құқығының бұзылуы тек Қазақстанда ғана емес,Еуропа мен АҚШ-та,өзге де елдерде кездесіп жатады. Жаңа Коалиция туралы айтатын болсақ,бұл мәселеге уақыт өте келе көптеген адам қызығушылық танытып келеді. Мәселен,Нидерландыда адам бостандығы мен құқығы маңызды мәселенің бірі болып табылады. Біз осы тақырыптағы жобаларды әлем бойынша қолдауға тырысамыз.Әрине,Қазақстан да шетте қалмақ емес",-деді ол.

Коалиция мүшесі Елена Швецова айтып өткендей, негізінде бұл деректер барлығына белгілі. 

елена.jpg
"Factcheking.kz биыл сараптама жүргізіп, ТМД елдерінің ішінде Қазақстан жыныстық зорлық бойынша бірінші орында тұрғанын анықтады. 4 жыл 9 айда 12246 жағдай тіркеліп, оның 4403 іс сотқа дейін жеткен. Яғни, істің үштен бір бөлігі сотқа барған. Адамдар құқығы жөнінде елімізге берген ұсыныстардың ішінде тұрмыстық зорлықты жою бойынша заңнамалық деңгейде жұмыс істеу керек деген болды",-деді ол.

Сонымен қатар, бүгінгі заңнама әйелдерді толық қорғай алмайтынын жеткізді ол.
" Мәселелер көп. Көбіне әйелдер көмек сұрап баратын орын жоқ. Мен бұл саланың маманы емеспін. Бірақ жалпы мәлімет жинағанда нақты фактілерді көрдім. Себебі ауылда тұрмыстық зорлық құрбаны болатын әйелдер "Ұят боладымен" жауып қояды. Егер полицияға жүгінсе, еркекті 10 күнге қамайды, содан кейін ол тағы ашуланып, зорлығын асырып жасайды. Бірақ көбіне әйелдер сотқа дейін бармайды. Осы "ұят боладымен" жауып тастауға тырысады да, мәселе ушыға береді. Бұдан бөлек адам құқықтарын қорғауда мәселелер көп. Журналистердің еркіндігі, қоғам қайраткерлерінің белсенділігі, интернеттің ашықтығы секілді шектеулер бар,-деді ол.

Ал Коалиция үйлестірушісі Арсен Әубакіров айтып өткендей, Қазақстанда ғана емес,шетелде де қолдауға ие болған #немолчиkz акциясы кеңінен тараған.
"Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес ретінде әлем бойынша 16 күндік акция өтіп жатыр. Көптеген елдерде әйелдер өз құқықтарын қорғап,митингіге шығып,шараларды жүзеге асыруда",-деді ол.

Сонымен қатар,оның айтуынша, тек қоғам мен түсінік,дәстүр тарапынан ғана емес,мемлекет жағынан да жүйелік проблемалар бар. 

"Мәселен,заңдар бар,алайда ол тиімсіз болып отыр. Себебі,бұл мәселені қылмыстықтан әкімшілікке ауыстыру да өз рөлін ойнады. Өзге де жолдар бар,алайда олар тиімсіз. Осыған байланысты әйелдер тарапынан өтініш саны да азайып кетті. Себебі, қорғау тетіктері азайды. Полиция қызметкерлері де өтініштерді қабылдамай,құрбандардың санын азайту үшін жұмыс істейді. Оған қоса,көп әйелдер зорлықты физикалық және сексуалдық деп қана қабылдайды. Ал зорлықтың түрі көп,ол моральдық,қаржылық және тағы да басқа түрлері болуы мүмкін",-деді А.Әубакіров.

Сонымен қатар, үйлестіруші өңірлер бойынша адам құқықтарын түсіндіру және насихаттау бойынша жұмыс кеңейтілетінін айтты.

"Өңірлерде жастармен тұрмыстық зорлық және психологтармен жұмыс жүргіздік. Қазір біз стратегиялық жоспарлау кезеңіндеміз,әрі қарай ұйымдастырушылық істерді атқарып,жұмыс аямызды кеңейтуді жоспарлап отырмыз",-деді ол.

Аягөз Құрмаш

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды