• Басты
  • «Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары

«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары

28 Шілде, 2021 13:02

Елімізде «Қазақстан мұғалімі» республикалық жобасына өтінімдер қабылдау жалғасуда, құжаттарды өткізу мерзімі 2021 жылғы 15 тамызға дейін ұзартылды. Аталмыш конкурстың мақсаты - озық мұғалімдерді анықтау, оларға қолдау көрсету және мадақтау. «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық сыйлығының жеңімпазы 4 миллион теңге көлемінде ақшалай сыйлық алады. Толығырақ Strategy2050.kz тілшісінің материалында.

«Қазақстан мұғалімі» Ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды

«Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының корпоративтік қызметінің басшысы Мирас Іргебаев «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық сыйлығына өтінімдер қабылдау 15 тамызға дейін ұзартылғанын атап өтті. Оның мәліметінше, «Қазақстан мұғалімі 2021» сыйлығына өтінімдер www.teacherprize.kz сайты арқылы 10 сәуірден бастап 15 тамызға дейін қабылданады. Өтінімді толтырып, өз бетімен беруге болады.

Бұдан әрі ол Қор өкілдері жұмыстардың критерийлерге және техникалық қатынасқа сәйкестігін тексереді де, нәтижелері бойынша 50 сауалнама тәуелсіз комиссияға (Тәуелсіз судьялар академиясы) жіберетінін, төрелік аяқталғаннан кейін 10 финалист анықталатынын атап өтті.

«Халықаралық аудиторлық компания процесті аудиттеуге, бағалау мен тестілеуге қатысады, тереңдетілген скрининг жүргізеді және процестің ашықтығын қамтамасыз етеді. Іріктеу Варке Қоры (Varkey Foundation) белгілеген критерийлерге сәйкес жүргізіледі», - деді мекеме басшысы.

Оның дерегінше, «Әлем мұғалімі» жаһан сыйлығы сыйақы қоры 1 миллион АҚШ доллары болатын Нобелев сыйлығының баламасы. Сыйлықты дүниежүзінде мұғалім мәртебесн көтеру мақсатында Варке Қоры тағайындаған.

«2019 жылы «Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры» ЖҚ «Global Teacher Prize» Жаһанды сыйлығының ресми өкілі болып, «Қазақстан мұғалімі» - «National Teacher Prize Kazakhstan» Ұлттық сыйлығына бастамашылық жасады. Конкурстың мақсаты - озық мұғалімдерді анықтау, оларға қолдау көрсету және мадақтау, озық педагогикалық тәжірибені тарату және педагог еңбегінің беделін көтеру», - деді Мирас Іргебаев.

Жоба бастамашысы - Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры, ал бас серіктесі – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Финалистерді марапаттау 24 қыркүйекте өтеді

Сонымен бірге, корпоративтік қызмет басшысы 24 қыркүйек күні Алматы қаласында «Қазақстан мұғалімі» сыйлығының финалистерін марапаттау салтанаты өтетінін де тілге тиек етті.

«10 финалисті марапаттау салтанаты бас серіктес - «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен 24 қыркүйек күні Алматы қаласында өтеді. «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық сыйлығының жеңімпазы сыйлықтың ҚР аумағындағы Амбассадоры болады, ал барлық 10 финалист мәрелік салтанаттан кейін «Әлем мұғалімі» атағын алған болып саналады, қазан айынан бастап Жаһанды сыйлық өтінімдерін қабылдау мерзімдеріне сәйкес өтінімдерді дайындау басталады», - деді ол.

«Қазақстан мұғалімі» Ұлттық сыйлығының жеңімпазы – Қоғамдық маңызды бастамаларды қолдау қорының Құрылтайшысы Әлия Назарбаевадан сыйлық Амбассадоры атағы мен премии и чек на сумму 10 000$ көлеміндегі сомаға түбіртек алатын болады.

Қатысушылар арасында 30 млн теңгелік шағын гранттар ойнатылады

Бұдан бөлек, ол «Қазақстан мұғалімі» сыйлығы конкурсына қатысушылар арасында жалпы сомасы 30 млн. теңгелік шағын гранттар ойнатылатынын еске салды. Оның айтуынша, «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық сыйлығы жобасын жүзеге асыру аясында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ бірге, сыйлыққа қатысушы педагогтардың еліміздің ауыл мектептерінің жағдайын басымдықпен жақсартуға бағытталған бастамаларын жүзеге асыру үшін үкіметтік емес ұйымдарға шамамен 1 млн теңгеге дейінгі көлемде «Barine Bilim» атты 30 шағын гранттар берілетін болады.

10 үздік студент іріктеледі

Сондай-ақ, Диас Іргебаев «Болашақ мұғалім» - 10 ЖОО-нан педагог кадрларды дайындайтын бағытта білім алатын жоғары курстар арасынан үздік студенттер іріктелетінін атап өтті.

«Ағымдағы жылы тәжірибе беру, болашақ педагогты мамандығына тарту, студенттің тәлімгермен ынтымақтастығын арттыру, мұғалімге қажетті құзіреттіліктерді алу мақсатында жаңа – «Болашақ мұғалімі» бағытын кіріктіру туралы шешім қабылданды. Жоба аясында 10 ЖОО-нан педагог кадрларды дайындайтын бағытта білім алатын жоғары курстар арасынан 10 үздік студентті іріктеу жоспарланады», - деді ол.

Оның сөзінше, онда студенттердің тәлімгерлері «Қазақстан мұғалімі» Ұлттық сыйлығының финалистері болады және 10 үздік студент те семинарларға, тренингтер мен шебер-сыныптарға шақырылады, сондай-ақ «Қазақстан мұғалімі 2021» сыйлығын марапаттаудың мәрелік салтанатына қатысатын болады.

Бұдан бөлек, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Лима Диас «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының әлеуметтік маңызына тоқталып өтті.

«Бүгінде мұндай жобалар білім беру саласындағы жүзеге асырылып жатқан президенттік реформалардың қозғаушы күші болып табылады деп санаймын, өйткені олар мұғалімдердің миссиясын дәріптеуге және педагог кәсібінің мәртебесін арттыруға бағытталған. Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы осындай маңызды жобаға тікелей қатысатынына өте қуаныштымын», - деді орталықтың басқарма төрағасы.

Ол Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне бағынысты үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы ұлттық операторы екенін атап өтті.

«Біздің басты миссиямыз – азаматтық қоғамды дамытуға жәрдемдесу. 2016 жылы құрылған сәттен бастап Орталық түрлі әлеуметтік бағыттар бойынша 300-ден астам гранттық жобаларды іске асырды, оның ішінде білім беру саласына қатысты әлеуметтік жобалар да бар», - деді ол.

Оның айтуынша, «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығын өткізу шеңберінде барлық мүдделі тараптарға білім беру процестері мен өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі әлеуметтік маңызы бар проблемаларды анықтауға, педагогтердің тікелей қатысуымен оларды шешу жолдарын әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл өте маңызды, өйткені практик мұғалімдер белгілі бір білім беру мекемесіндегі мәселелерді, олардың қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын егжей-тегжейлі біледі.

«Педагогикалық қоғамдастық пен азаматтық қоғамның, яғни үкіметтік емес ұйымдардың, бірлескен тиімді жұмысы болмаса, мұндай мәселелерді толыққанды шешу мүмкін емес», - деді Лима Диас.

Осыған байланысты, ол «Қазақстан мұғалімі 2021» ұлттық сыйлығы аясында жаңа идеялар мен бастамалардың серпінін ілгерілету мақсатында Орталық «Samruk Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қорының қолдауымен үкіметтік емес ұйымдарға 30 шағын грант (әрқайсысы 1,2 млн теңге мөлшерінде) ұсынатынын атап өтті.

«Шағын гранттар қатысушы мұғалімдердің білім беру процесін, оқыту жағдайларын жақсарту және елдің шалғай аудандарындағы ауылдық мектептердегі оқушылардың білімін жан-жақты дамыту жөніндегі бастамаларын іске асыруға бағытталатын болады», - деді ол.

Оның мәліметінше, шағын гранттарды 2021 жылдың қыркүйек-желтоқсан аралығында жүзеге асыру жоспарлануда. Оператор ретінде Орталық шағын гранттар беру үшін ҮЕҰ арасында конкурс өткізеді, сондай-ақ сыйлыққа қатысушы педагогтармен бірлесіп гранттардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді. Жобалардың іске асырылу барысы Орталықтың интернет-ресурстарында жарияланып, жобалардың нәтижелері қорытынды есептік іс-шарада ұсынылатын болады.

«Осылайша, мұғалімдер мен қоғам арасындағы бірлескен тиімді ынтымақтастық арқылы орта білім беру мекемелерін дамыту, сондай-ақ азаматтардың жаңа бастамаларын қолдау үшін жағдайлар жасалатын болады», - деді Лима Диас.

Осы орайда, ол үкіметтік емес ұйымдарды шағын гранттар конкурсына белсенді қатысуға шақырды.

Барлық жаңалықтар