• Басты
  • Қазақстан әлемнің барлық елдерімен достастық қарым-қатынаста – Елбасы
24 Қыркүйек, 2019 10:55

Қазақстан әлемнің барлық елдерімен достастық қарым-қатынаста – Елбасы


Қазақстан әлемнің барлық елдерімен достық қарым-қатынасын ұстанады. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия елдері парламенттері 4-кеңесінің бірінші пленарлық отырысында мәлімдеді, деп хабарлады  Strategy2050.kz тілшісі.
    Қазақстан әлемнің барлық елдерімен достастық қарым-қатынаста  – Елбасы | Strategy2050.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеңеске қатысушыларға Қазақстан астанасына келгендері үшін алғысын білдірді.

«Қазақстан заң шығару мәселелеріне аса көңіл бөледі. Біз жолды іздемеуіміз керек, сол жолды салуымыз керек. Себебі, ол сол адамның тағдырына әсер етеді. Бұл сөздердің түбі тереңде жатыр. Қазақстанның тәуелсіз тарихымен де байланысты. КСРО ыдырағаннан кейін, біз өзіміз жер көлемі бойынша 9 орын алып, кеңістігімізлді бекіттік. Сол кезде біз өзіміз бірлесе отырып, өз болашағымызды жасауымыз керек деп айтқан болатынбыз. Мен осы мәселелерге байланысты іс-шараларды әрі қарай жалғастыраған болатынбыз. Мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті ретінде 30 жыл бойы ҚР-ның Президенті болдым. Маған халқым аса зор сенім танытты. Мен осы жылы өз өкілеттігімді тоқтату бойынша шешім қабылдаған болатынмын», - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Н.Назарбаев заң бойынша ол Тұңғыш Президент, Елбасы мәртебесінде екенін жеткізді.

«Қазір сол қызметімді іске асырып жатырмын. Сондай-ақ, 1991 жылдан бастап біз күрделі дағдарысты кезеңдер мен сынақтардан өттік. Халықпен бірге қиындықтарды еңсере білдік, өршіл мақсаттар қойып, оған қол жетікіздік. Инфляцияны да еңсердік. Біздің сол кезде экономикамыз қандай деңгейде болғанын білесіздер. Өндіріс, тоқтады, жұмыссыздық, дүкендерде бос сөрелер, жалақы мен зейнетақы төлеу мүмкін емес болды. Бірақ, 30 жылда біз осының барлығын еңсердік. Осы жылдары жеткізген толағай табыстарымызға біз қуана аламыз. Басты басымдық ретінде экономикалық өрлеу мен халықтың әл-ауқатын басты басымдық ретінде қойдық. Нарықтық экономиканы басынан бастап құра алдық, қазір Қазақастан дамыған 50 елінің қатарына қосылды. ЖІӨ 18 есеге өсті. Біздің еліміздің экономикасы Орталық Азия елдерінің ЖІӨ алғанда екі есе артып түседі. Табыс долларға шаққанда 9 есеге өсіп, кедейшілік 10 есеге қысқарды. Яғни, 4 пайызға дейін. Кейінгі 20 жылда біз елімізге 320 млрд доллар инвестиция тарттық. Осы аймақта бұл көрсеткіш бойынша бірінші орында тұрмыз. 90 млрд доллар халықаралық резервтер жинақиталған. Бұның барлығы дағдарыс кезінде тұрып қалудан,оны еңсеруге, көмек берді. Біз шикізаттық ресурсқа тәуелділіктен кету мақсатында , өндіріс орындарын іске қостық», - деді ол.

Сондай-ақ, Елбасы Қазақстан теңізге тікелей жолы жоқ мемлекет болғанымызға қарамастан, өте ірі инфрақұрылымдық жоспарды жүзеге асырғанын жеткізді.

«Қысқа уақыт ішінде 15 мың қашықтықтағы автомобиль және теміржолдарды салып, жөндедік. Бұл біздің елімізге Каспий арқылы Тынық және Атлант мұхиттарына, Парсы шығанағына шығуға мүмкіндік берді. ҚХР-ның жаңа Жібек жолы жобасын қолдаймыз. Өйткені, бұл бастама біздің еліміз үшін пайдалы. Біз осы теңіз жолдары арқылы елдерге шығу мүмкіндікгін алдық. Қазіргі кезеңде Қазақстан Азия мен Еуропаны байланыстатын көпірге айналды. Жүктерді тасымалдау екі есеге артты. Біз белсенді түрде цифрландыруды және экономикамыздың технологиялық жаңғыртуын жүргізудеміз. Қазақстан ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінің ішінде бірінші болып, бірінші болып болашақтың энергиясы итақырыбында ЭКСПО көрмесін өткізді. Біздің елімізде «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмысын бастады. Дүниежүзілік банктің бизнес рейтінгінде біздің еліміз 28 орынды алды. Ұлы даланың нақ жүрегінде біз 20 жылдың ішінде өзіміздің әсем қаламызды салдық. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі жаңғырту стратегиялық жоспары бар. Оның басты мақсаты – озық дамыған 30 елдің қатарына қосылу болып табылады. Біз қадамдап осы мақсатымызға ұмтылып жатырмыз. Біз өз шекарамызды белгілеп алдық. Көрші елдермен, Ресей, Қытай, Орталық Азиямен татулық, достастық қарым-қатынасындамыз. Қазақстан барлық мемлекеттермеен достық қарым-қатынаста. Бізде ешқандай елмен қақтығыс, жанжал жоқ. Тек қана достық пен ынтымақтастықты дамытып жатырмыз», - деді ол.

Айта кетейік, осы кеңесте Еуропа мен Азия парламентшілері еуразиялық кеңістіктің қауіпсіз және тұрақты дамуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ, XXI ғасырдың ірі интеграциялық экономикалық жобаларын жүзеге асырудың жолдарын талқылайды. Панельдік сессиялар, форум барысында жоспарланған бірқатар екіжақты кездесулер Еуразия кеңістігіндегі парламент өкілдерінің заңнамалық тәжірибелер алмасуына, ел халықтарының әл-ауқатын жақсарту жолында ортақ мақсаттарды үйлестіруге үлес қосуға мүмкіндік береді.

Аягөз Құрмаш 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды