• Басты
  • Қазақстан індеттің реттеусіз көбейіп кетуіне тосқауыл қойды – М.Споткай
28 Сәуір, 2020 15:12

Қазақстан індеттің реттеусіз көбейіп кетуіне тосқауыл қойды – М.Споткай

Қазақстанда ТЖ режимі енгізілгелі 6 апта өтті. Нақтыланған қорытынды шығаруға болады. Пандемиямен күресте қазақстандық модельдің бірқатар басымдықтары бар. Бұл туралы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қлзғалысының көшбасшысы Максим Споткай Президенттің мәлімдемесінен кейін мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
 Қазақстан індеттің реттеусіз көбейіп кетуіне тосқауыл қойды – М.Споткай
«Біріншіден, карантиндік шаралар алдын ала қабылданды. Бұл мыңдаған адамның өмірін сақтап қалды. Алғашында скептиктер көп болды, енгізілген шектеулерді тым қатаң деп есептеді. Алайда, тәжірибе кері нәтиже көрсетті. Біз індеттің реттеусіз көбейіп кетуіне тосқауыл қойдық. ДСҰ ресми мәліметі бойынша Қазақстан адам саны мыңнан асқан мемлекеттер қатарының жүздігіне де енбеді. Посткеңестік кеңістікте біз жақсы нәтиже көрсетіп жатырмыз. Бұл шаралардың болмауы ауруханалардың толуы, аппараттардың жетіспеуі мен медицина қызметкерлерінің індетке көп көлемде шалдығуы сынды жағдайлардан сақтап қалды. Қазақстан жағдайдың ушығуына жол бермеді», - деді ол.

 Ол атап өткендей, қалай айтсақ та, дағдарысқа қарсы шаралардың екі пакеті де қайтарымсыз.

 «Біз экономиканы құтқару мен азаматтардың денсаулығы арасында таңдау жасаған жоқпыз. Президент Қ.Тоқаевтың алғыр саясаты дағдарыста қиын жағдайда қалған миллиондаған азаматтар мен кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге мүмкіндік берді. Нақты жерлерде кеткен қателер мен тиімсіздік туралы көп нәрсе айтуға болады. Алайда, деректің аты дерек – дамушы елдердің ішінде азаматтарына осы сынды қолдау көрсеткен ешбір ел болмады. Егер, айналамызға көз салатын болсақ, Ресейде барлығын еңбек демалысына жіберіп, жалақыны төлеуді тапсырды. Өзбекстанда қолдауды аңдатпалады, алайда бұл іс кәсіпкерлердің өз мойнына жүктелді. Өзге елдерде жағдай мәз емес. Егер кешенді түрде қарастыратын болсақ, қазақстандық пакет көңіл көншітерлік. Бұл әлеуметтік төлемдер, азық-түлік себеттері, комқызметтің субсидияланауы, тарифтердің азайтылуы, несиелік шегерімдер, аграршыларға көмек пен жаңа жұмыс орындарының құрылуы», - деді М.Споткай.

 Сонымен қатар, М.Споткай айтып өткендей, бұл оқиғадан үлкен сабақ алынды.

«Президент терең әрі радикалды экономикалық реформалардың болатынына қаңтарда аңдатпа жасады. Ол кезде дағдарыс енді басталып жатқан еді. 11 мамырда Үкімет экономиканың қалыптасуының жаңа кешендік жоспарын жариялауы керек. Басымдықтар қайта қаралатыны сөзсіз. Ұлттық қор мен мемлекеттік аппараттың алдын ала қабылдаған шаралары аталмыш кезеңдегі дағдарыстың әсерін төмендетті. Өзге елдер ұзақмерзімді рецессиядан шығумен әуре болып жатқан кезде, біз экономиканың өзіндік моделін қайта құрып, көптеген бағыттар бойынша көшбасшы болу мүмкіндігі бар», - деді ол.

 Ол атап өткендей, ішкі нарықты қамтамасыз етуді сыртқы ойыншыларға тәуелсіз түрде жүзеге асыру басымдығын ескеру керек.

 «Жалпы, інденттің шарықтау шегі еңсерілмеді. Сондықтан да, Президент жеңілдету енгізу арқылы ТЖ режимін ұзарту бойынша адекватты шешім қабылдады. Қалай болғанда да, вакцина әлі жоқ. Сол үшін әлеуметтік арақашықтық пен санитарлық талаптарды сақтай отырып, күнделікті өмірді жалғастыру керек. Бұл әрекетке карантиндік шешімдердің жалғасы мен адамдардың денсаулығы тәуелді», - деді ол.

Аягөз Құрмаш 

Фото: ашық дереккөз

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды