• Басты
  • Қазақстан Елшісі Әзербайжан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
14 Қазан, 2019 16:20

Қазақстан Елшісі Әзербайжан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Бакуде Қазақстан Республикасының Елшісі Сержан Әбдікәрімов Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлады Strategy2050.kz.

 

   Қазақстан Елшісі Әзербайжан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, кездесу барысында Әзербайжан басшысы екіжақты ынтымақтастықты стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейіне шығаруға мүмкіндік берген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен тарихи қалыптасқан жылы қарым-қатынастарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен жемісті жалғасып жатқанын да атап өтті.

Ильхам Әлиев инвестициялық, сауда-экономикалық, отын-энергетикалық, транзит-көліктік, ауыл шаруашылығы, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайту және кеңейту туралы өз ойын білдірді.

Өз кезегінде, Елші Әзербайжан Президентіне өзінің тағайындалуына келісім бергені үшін алғысын жеткізе отырып, алдағы жоспарлары туралы, соның ішінде екі бауырлас мемлекет пен халықтар арасындағы қарым-қатынастардың барлық спектрін қарқындату мақсатында барлық күш-жігерін жұмсауға дайын екенін атап өтті. 

Әзербайжан Президенті Қазақстан Елшісін қызметке кірісуімен құттықтады және алдағы уақытта қызметінде табыс тіледі.

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды