• Басты
  • Қазақстан бойынша вирус жұқтырған адам саны 27-ге жетті – Д.Ахметшәріп
17 Наурыз, 2020 14:23

Қазақстан бойынша вирус жұқтырған адам саны 27-ге жетті – Д.Ахметшәріп

Елімізде кронавирусқа шалдыққан адамдар саны 27-ге жетті. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
 Қазақстан бойынша вирус жұқтырған адам саны  27-ге жетті  – Д.Ахметшәріп

«Қазақстан бойынша науқас 27 адам бар. Жалпы стационарда жатқан адамдардың саны 1665 адам, үй карантинінде оқшауланғандардың саны 1075 адам. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары бойынша карантин енгізуді әкімшіліктер шешеді. Бүгін сондай мәлімет болады деп ойлаймыз. Мүмкін қаланы да жабатын шығар», - деді ол.

Оның сөзінше, Денсаулық сақтау министрлігінің нұсқауы бойынша, медициналық мекемелердегі жоспарланған қабылдаулар кейінге шегерілмек.

"Санитарлық дәрігердің қаулысына сай барлық медициналық мекемелер карантинге жабылды. Емханалардағы жоспарлы қабылдаулар кейінге шегеріледі. Ал шұғыл түрдегі қабылдаулар жалғаса береді. Мекемеде шешімді өздері қабылдайды. Біз нұсқау бердік. Шұғыл түрде жасалу керек ота сияқтылар уақытымен жасалады. Бірақ апта бұрын терапевт секілді мамандарға жазылғандар бола, оларды қабылдау кейінге шегерілмек", - деді Диас  Ахметшәріп.

Сонымен қатар ол бүгінгі күні 27 адамнан коронавирус инфекциясының анықталғанын тағы бір еске салды. Осы орайда оның сөзінше, астана карантинге жабылуы мүмкін.

"Б" жоспары бойынша қаланы карантинге жабу мәселесін жергілікті басқару органдары мен әкімдіктер шешеді. Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары карантинге жабылуы мүмкін. Бүгін осындай мәліметтер болуы мүмкін", - деді Денсаулық сақтау бақармасының ресми өкілі.

Сондай-ақ ол бүгін Алматы қаласы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдіктері онлайн брифингке шығатынын, жаңа шешімдер туралы хабардар ететінін айтып өтті.

"Төтенше жағдай жариялануына байланысты төтенше комияссия құрылды. Бүгін олар шешім қабылдайды. Алматы қаласы мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдіктері бүгін онлайн брифингке шығады. Уақыты әзірге анықталып жатыр. Сонымен бірге айта кету керек, шетелде қанша қандас бауырымыз бар, ол елге қайтамыз десе қалай кіргізбейміз? Шетелдіктер онсыз да кіре алмайды. Қандай жағдай болмасын өз азаматтарымызды қабылдауға міндеттіміз", - деді Диас Ахметшәріп.

Назерке Сүйіндік 























ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды