• Басты
  • Қазақстан Беларусь авиация биліктерімен келіссөздер жүргізді
3 Желтоқсан, 2019 16:14

Қазақстан Беларусь авиация биліктерімен келіссөздер жүргізді


Қазақстандық делегация Беларусь Республикасының авиация биліктерімен  келіссөздер жүргізді.
 Қазақстан Беларусь  авиация биліктерімен  келіссөздер жүргізді

Мемлекет Басшысының тапсырмасымен енгізілген «ашық аспан» режимі аясында екі ел арасындағы  ұшу жиіліктерінің саны артты, сондай-ақ екі елдің тағайындалған әуе компанияларына ұшу кезінде кодтарды бірлесіп пайдалану туралы коммерциялық келісімдер жасасу мүмкіндігі берілді.

Қол жеткізілген уағдаластықтардың нәтижесінде "Белавиа"  әуе компаниясы Минскіден Алматыға рейстерді аптасына 5-тен 7 рейске дейін ұлғайтады, сондай-ақ 2020 жылдың жаз кезеңінен бастап Ақтауға аптасына 3 рейс жиілікпен тұрақты рейс ашады.

Барлық жаңалықтар
3.238.184.78, 192.168.88.100